Жұма, 3 Мамыр 2024
Талдау 16719 1 пікір 26 Қараша, 2014 сағат 15:59

ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ КІМ?

Басын ашып алайық, әлдебіреулер айтып-жазғандай біз еш­қан­дай Батысқа, орысқа, еврейге қарсы емеспіз. Біз қар­сы бол­сақ көзсіз, сана-сарабына салмай, елітіп-еліккіш ба­тыс­шыл­дық­қа, орысшылдыққа, еврейшілдікке қар­сы­мыз. Бая­ғы­дан айтып-жазып та келе жатқанымыз со пікір, со іс-әрекет. Сон­дай-ақ, біздің ешкімнің жағасынан алып, етегінен бас­қы­мыз да, кез келген «ұлы тұлғаға орынсыз сын айтып, оны «ұлт­тың жауына» айналдырғымыз да жоқ, бар болғаны Лев Тол­стой­дың: «Вера в авторитеты делает то, что ошибки автори­тетов берутся за образцы» (Исповедь, Тайный дневник, 1998 г.) деп күн­де­лі­гін­де жазғанындай принципте ой-пікір қоздатамыз.

(2001 жыл. «Қазақ әдебиеті», «Тағы да сол батысшылдық, туралы» мақаламнан)

Көзсіз батысшылдар мен орысшылдар туын көтерген Олжас өзінің 1978 жылғы Ташкентте өткен Азия және Африка елдері ассоциациясының симпозиумында жасаған «К взаи­мо­за­ви­си­мос­­ти» деген баяндамасында: «Амери­канские социологи, пожалуй, пер­выми заметили и описали… маргинальный человек легко становится неустойчивой личностью с космо­политическим мировоззрением, у которого нет чувства подлинной связи со своим народом, со своей родной культурой и исторической традицией. И потому никакой по­зитивной роли в развитии этноса и его культуры маргинальная лич­ность играть не может» дейді де, ол әлі біз тарапынан толық зерт­те­ліп-зерделенбеген құбылыс деген ой тү­йе­ді. Сөй­те­ді де «… все мы в той или иной степени люди марги­нальной формации» деп оған: «Опыт показывает, что из марги­нального сословия выходят и космополиты,.. и ассимилянты» дегенді қосады. Ол­жас­тың осы жердегі мықтылығы сол, өзінің ең осал тұсын білуі. Сөй­те тұра, оның «все мы» дегенде кім­дер­ді айтып отырғанын қай­дам, ал, мен өз басым қазақ әдебиеті, қа­зақ ғылымы, қазақ тарихы, қазақ математикасын әлемге та­рат­қан М.Әуезов, Қ.Сәт­баев, Ә.Марғұлан, О.Жәутіков, сондай-ақ, А.Жұ­ма­діл­даев секілді батыс пен орысты, сонымен бірге шы­ғыс­ты толық мең­гер­ген азаматтарды ешқандай да мар­ги­нал­дық топқа қоспас едім. Бұ­лар маргинал болмай-ақ, ұлт тілінде жазып, дәстүрлі ұлт менталитетін бұзып-жармай-ақ, оны бар болмысымен әлемге паш еткен, соңғысы паш етіп жүр. Яки, әлем­дік мәдениет пен өр­ке­ниет­ке ұлттық болмыспен еніп, оны одан әрі толыққанды дә­ре­же­ге көтеруге болады екен. Ендеше, Ол­же­кең­нің «все мы» деуі өзін-өзі ақтауы. Осы жерде алдын ала айтарымыз, оның бү­кіл шығармашылығында Кеңес одағы ұстанымындағы ин­тер­на­цио­нал­дық, арысы нигилистік-космополиттік бағыт-бағ­дар «қызыл жіп» болып тартылып отырады.
Олжас – қарама-қайшылыққа толы тұлға. Ол ертеректе «Адам­­ға табын, Жер, енді» десе, бүгінде «Адам, табиғатқа та­бын, сен енді» дейді де, сосын жер «Қазақстан халқынікі», «Еу­р­азия­лық ұлт» және «Қазақстандық ұлт» дегенді қоғамдық-саяси өмірде айналымға түсіруге тырысатындардың алдында тұр­ған­дар­дың бірі де бірегейі болып және оны тәуелсіздіктің ә де­ген кезінен-ақ «31-каналдан» жариялап қойған. «Аз и Я» мен «Мың бір сөзді» жазып түрікшілдік және қыпшақшылдық танытады да, артынан со бағыт-бағдарда аталған тақырыпты одан да әрі тереңдете, зерттеп-зерделеп жазған, сосын, кеңейте да­­мыт­­қан Мұ­рат Аджидің «Полынь поло­вецкого поля» және «Тайна ге­оргиевского креста» деген еңбегін жоққа шығарып, оның болжамдары таза да нақты ғылыми дәлелге қарағанда, ет пен те­рі­нің арасындағы ұшпа сезімге құрылған, жалған патриотизмге не­гіз­дел­ген тұжырым-пікірлер дегенге саятын ой айтады. Енді бір­де, халқымыздың мың жылдық өмірлік тәжірибесінен жи­нақ­та­ла қо­ры­тын­ды­лан­ған мақалы «Таспен ұрғанды аспен ұрды» өзі­ме үлгі тұтамын деп отырып, ол ойынан араға жылдар салып қай­та­ды да «Таспен ұрғанды таспен ұр» дейді. Мұ­ны­­сы­­мен ол өзі­нің мұ­сыл­ман­дық­қа да, христиандыққа да жат «Глаз за глаз, зуб за зуб, руку за руку, ногу за ногу» деген иудаистік ұс­та­ным­ды қа­лай насихаттағанын өзі білмей қалады. Олжас тарапынан ай­тыл­ған мұндай өзіне-өзі қарсы әрі қайшы пікір­лер­ді көп­­теп келтіруге болады. Міне, осыдан-ақ Олжастың әлі де болса өзі­нің кім екенін толық біліп болмай, Батыс пен Шығыс атты ұлы екі жа­ға­ның қай жағына шығуды білмей жүргенін аңға­ру­ға болады. Оны оның бір шектен шығып, екінші шекке баратын жо­ға­ры­да­ғы келтірілген аумалы-төкпелі ой тұжырымдарынан кө­ре­міз. Ендеше, Олжас батысшылдығы мен шығысшылдығы, Олжас ұлт­шыл­ды­ғы мен интернацио­налистігі таразы басында тұр­ған құбылыс.
Біздің Батыс пен Шығыстың бір-бірімен күннің шығып-бат­қа­нын­дай қосылмайтынын, олардың мәдениеті мен өр­­ке­ние­ті­нің әртүрлі деңгейде дамып, әрқайсысының өзінің дәстүрлі қа­­­рым-қа­тынасының болатынын салыстыра жазу арқылы ақи­қат­­қа көз жеткізгіміз келсе, Олжас «Нет Востока, и Запада нет» дей­­ді. Біздіңше, қазіргі әлемдегі қоғамдық-саяси ахуалға қа­ра­ған­да қан­да­сы­мыз­дан көп жылдар бұрын жазған Новель сый­лы­ғы­ның лауреаты, «Мауглидің» әкесі, ақын Р.Киплингтің: «О, запад есть запад. Восток есть Восток, и с мест они не сойдут» де­уі­нің құны әлі де түсе қоймаған-ау, сірә. Шынында да, оларды еш­кім зорлап қоса алмайды. Қазіргі әлемдегі қоғамдық-саяси ахуал­дың шым-шытырық қайшылыққа толылығы соны көрсетеді. Оны кө­ріп-біліп отырып Батыс пен Шығыс мәселесінің мәң­гі­лі­гін тү­сін­бей­тін­дер­ге еріксіз таңғаласың. Ғаламдастыру идея­сы­ның пайда болуы сол Батыс пен Шығысты жасанды тұ­тас­ты­ру ние­ті­нен туып отырған жағдай емес пе?
Олжас Сүлейменовтің: «Халықтың өзіндік ерекшелігін, ашық-жарқындығын қазіргі за­ман этносының то­лық­қан­ды өмір сүруінің бірден-бір шарты деп есептемеймін» деуінен бастап, ғаламдастыруға әлем болып қарсы тұрып, олар­дың саны күннен-күнге артып жатқанда «Антиглобализмнің ақи­қат кейпі – ыдырау» дегенге дейінгі ұшқары пікірді айта келе, Ислам дініне байланысты, оның әмбебаптығына күдік кел­ті­ріп «… ол дәл сондай дін бола алмады, өйткені өз сая­сатында баяғы «не біз – не олар» принципін уағыздады» десе, іле «Бар­лық мемлекеттер шын мәнінде федералды (одақ­та­су, бір­ле­су), үстіміздегі жүзжылдықтың орта кезінде тек ақын­дар ғана емес, ғалымдар да: «Күллі әлем – бір ел», бірыңғай конституциясы, жалпыға ортақ заңдар жинағы және алуан түр­лі бірегей мәдениеті бар, бір федералды мемлекет» – деп атайтын болады. Және сол мемлекет алдияр патшасыз, нә­сіл­шіл­дік­ті, ұлтшылдықты, рушылдықты және әлеу­мет­тік күйзелісті жеңуге қабілетті ұжымдық ақыл-оймен басқарылатын болады. Бұл қиял емес. Осындай кә­міл жетілген әлемді жасауға біздің күш-жігеріміз жетеді. Егер қолдан құрылған тәуелсіздікке санда­лып кетіп қалып жүр­ме­сек (не деген жауапкершіліксіз айтылған сөз – А.Ә.)» дейді. Дәл осы «Қолдан құрылған тәуелсіздік» туралы ойын ол 1978 жыл­ғы «К взаимозависимости» атты баяндамасында: «…независи­мость в своем предельном выра­жении может повести к самоизо­ляции. Иными словами – к об­щественной деградации» деп білдіріпті. Олжекеңнің бұл сөзіне қарағанда тә­уел­сіз­дік алған мемлекеттер ешбір ел-жұртпен араласпастай болып қалатын көрінеді. Жоқ, біздіңше керісінше, тәуелсіздікте еш­қан­дай да «предельном выражении» деген ұғым болмайды. Өйт­ке­ні, сонау ғасырларда бұдан да «жаман» кезінде де батыс пен Шы­ғыс арасына тартылған «Жібек жолы» арқылы әлеммен бай­ла­ныс­қан ел-жұрт, бүгінде тәуелсіздік қолына тигенде өз­ге­мен байланыспай «самоизо­ляция» және «деградация» бо­лып қа­ла­ды дегенге кім сенеді? Және оған уақыт талабы, заман лебі де жібере қоймас-ау. Сосын, тәуелсіздік нәзік, шікәмшіл, кірпияз құбылыс, яғни, оған оппозиция болу әрбір интеллигентке жараспайды. Одан шығудың жолы Сүлейменов айтқандай, «единственный выход – создавать универсальное мировоззрение, об­щее для культур всех этносов» пен бүкіл халықты «планетарьный сознания» ұғым-түсінігіне дейін көтеру болса, оны кітаби-фарисейлік негізде дамыған интеллигенттік-уто­пия­лық сана-сезім мен атеизм мектебінен өткендердің ой-тұ­жы­рым­да­ры демегенде не дейміз? Енді, ол бұдан кейінгі шы­ғар­ма­шы­лық­та­рын­да да, өмірлік бағыт-бағдарларында да, ұстанған принциптерінде де жоғарыдағы келтірілген сөздерден артық еш­те­ңе айтып, жаза алмайды. Өйткені, ғұмырлық жиып-терген рухани азығы сол дережеде ғана. Ал, уақытқа бейімделіп (адаптация) сан құбылып жатса, оған мен таңқалмаймын. Яғни, ол то­пы­рақ­тан қол үзіп, өздерінің қайдан шыққанын һәм қайда баратынын білмейтіндердің тобына жататын интеллигенция өкілі. Оның пікір-ойы әрі тұжырымына орай, біз ұлт мәдениеті, ұлт ден­сау­лы­ғы, ұлт білімі, ұлт білім-біліктілігі секілді қа­сиет­ті ұғымдарды дамытып, ұлтты қорғауды қолға алуға тиіспіз.
О.Сүлейменов мен біліп, шығармасын оқығаннан бергі ара­­лық­та екі алаңда ойнап, екі жаққа сүйкімді болғысы келіп жүр­­ген жан. Оның айғағы, ол сонау жылдары «НТК» арнасында сөй­­ле­­ген бір сөзінде «В буду­щем Казахстане будет жить толь­ко одна нация – казахстанец» десе, «Халық конгресі» пар­тия­сы­ның серкесі болып жүрген кезінде «орыс мә­се­ле­сін» «кө­зір» етіп ойнап, Жапон газетінің тілшісіне берген сұх­ба­тын­да: «Президент – Заң мен Конституция беріктігінің кепілі. алайда, Президент аппараты дайындап, 1993 жылы қа­был­дан­ған конституция республика халқының елу сегіз пайызын разы етпей отыр, (Бұл Қазақстандағы қазақтан басқа ха­­лық­­тың саны). Мұ­­ның өзі қазақ ұлтының жайбарақат өсіп-өнуі­не кесірін ти­­гі­­зуі мүмкін. «Бірыңғай Қазақстан республикасы – өзін-өзі билейтін қазақ ұлтының мемлекеттік формасы». Негізгі заң­ның осы құжатымен Қазақстан халқының қалған жұрты келісе ала ма? (Бұл арандату емес пе? – А.Ә.) Бұл қырық екі па­йы­зы­ның ғана конституция­сы (не деген шегелеп айту – А.Ә.). Ал, бас­қа­сы­ның бо­ла­ша­ғы не болмақ? Көше ме, әлде сіңе ме? (мұн­дай жан­ашыр­лық болмас, сірә. – А.Ә.)» деп айтпас еді. Мұн­дай ұпай жинау әді­сі еш­кім­ді, еш уақытта ұшпаққа шы­ғар­ма­ған. Адамда принцип болуы керек, әсіресе, ол твор­чество адамында нақты әрі жақ­сы жол­ға қойылмаса, тіпті болмайды. болмаса, Ол­же­кең­нің ға­лам­дас­ты­ру­ға қарсылықты ыдырау дей отырып: «Мен өзімді ға­лам­дас­ты­ру­ды қорғаушыларға да, оның жауларына да қоса алмаймын» деуіне не жорық? сосын, ол: «итальяндарда Ежел­гі Римнен мирас болып қал­ған: «Бү­кіл әлем – бір ел!» – «Tutto il mondo e paesa!» деген мә­­тел бар (мен оны қай­­та­­ла­­ған­­ды ұна­та­мын)» деп келеді де, «XXI ға­сыр­дың жұр­­ты хақ адамзат – Homo Sapiens» (ойлы адам) хал­қы болып бір­ле­суі шарт» дейді де, әлгі итальян ма­қа­лын «жа­һан­дан­ды­ру­дың формуласы» дейді. Сосын, «XXI ға­сыр­да­ғы адамзат да­муы­ның анық­тау­шы­сы болатын бү­кіл-адам­­зат­­тық пла­не­тар­лық сана осы ұқсастықтарды негізге алады» дегенді алға тар­­туы­­ның өзі кітаби, интеллигенттік-уто­пия­лық сана-се­зім­нің кө­рі­ні­сі емес пе? Болмаса, ол кезде бұл мәтел қа­зір­гі ға­лам­дас­ты­ру ұғы­мы­на жабайы, отарлау сая­са­тын­да­ғы жау­гер­ші­лік­ке тән түсінік болатын. Әйтпесе, онда еш­қан­дай із­гі­лік жоқ. болмас еді де. Жалпы, Олжас Сүлейменов, «Бү­кіл әлем – бір ел!» болуы керек түсінігінде әлемде социализм мен коммунизмді орнаттырмақ болған КСРО-ның сал­қы­ны барын біле ме екен? Және ол ешуақытта да бұрынғы КСРО-ны көк­­сей­­­ті­­­нін ешкім­нен жасырып, не бүккен емес. Ол осынау ойын сонау 1972 жылы-ақ: «На земле за полвека поя­вилась новая общ­ность людей, новая нация – советский народ…» деп тас­қа бастыра нықтап қойған. Ол сонысымен-ақ КСРО атты ұлы им­пе­рия­ның ең соңғы рыцарьларының бірі еке­нін ай­­қын­­да­­ған. Сон­дық­тан, бізді түптің түбінде орға жы­ға­тын­дар өз­­де­­рі­­нің қай­дан шығып, қайда баратынын білмейтіндер. Яғни, бұ­­­лар «бү­­кіл­­әлем­дік – қалыпты модельді» қа­лып­тас­ты­рып, абс­трак­ті­лі «аб­со­лют­тік ақиқатты» іздеймін деп, қазіргі сөз бос­­тан­­ды­­ғы мен ой-еркіндігін ұлтжандыларға қарағанда асыра пайдаланып жүр­­ген­­дер.
Соңғы жылдары Олжас Сүлейменов өзінің бір сөзінде жаз­ған­дай, «Ұлы Ресей – Еуразиялық одақ» партиялар блогының құ­рыл­та­йы­на қатысып, онда «Ресей мен Қазақстан – Еуразия ода­ғы­ның негізі. Біз өзіміздің бір-бірімізден алшақтай алмайтынымызды күн өткен сайын жақсы сезініп келеміз. ресей қаншалықты қуатты және тыныш болған сайын, Қа­­зақ­­стан да соншалықты тыныш бо­лып гүлдене түспек. Біз өзі­­міз­­дің еліміздің де патриоттары болуға тиіспіз» дедім дейді. Көр­ді­ңіз­дер ме, бұл да мақтаныш. Ал, біз сол одақ­тың төр­аға­сы А.Ду­гин­нің православиеге негізделіп, орыс шовинизмі құ­лық-ниетіндегі Еуразия идеясына байланысты «евразийство наследует дух и стиль Московс­кой Руси. Это продолжение той Руси, того русского государства, где элита и массы говорят на одном языке и где этот язык национальный» дегенін жақсы білеміз. Жалпы, Еуразия идеясы орыс мүд­де­сін­де­гі шо­ви­нис­тер­дің ойлап тапқан Еуразия ай­ма­ғын­да­ғы ша­ғын жа­һан­дан­ды­руы ғой. Ендеше, сол Олжас Сү­лей­ме­нов­тің со­нау пат­ша­лық ресей кезінің өзінде-ақ князь Тру­бец­кий­дің Еу­ра­зия­да­ғы халық туралы «Эту нацию мы называем евразийс­кой, ее территорию – Евразией, ее национализм – евразийст­вом» дегені мен оның идеясын жалғастырушы Л.Гу­ми­лев­тің «На континенте Евразия, мы все ев­разийцы – с общей ментальностью, с общим мироощущением» деуі ара­лы­ғын­да­ғы ниет-пи­ғыл­ды түсінбеді дегенге сенбейміз. Ол бә­рін біледі. Біле тұрып солардың идеясы мен идеологиясын насихаттайды. Өйт­ке­ні, оның бойында ұлттық намысы өліп, ге­не­ти­ка­лық коды бұ­зыл­ған. Оның «Қазақстанда дүниеге келген Еур­азия­лық одақ идеясы Ресейде де жеңіске жететіндігіне сенімдімін» дейтіні сон­дық­тан. Осы тұста ескертетініміз, Олжас мырза ресейлік дугин (идея – идея) мен қа­зақ­стан­дық На­зар­баев­тың (Одақ – факті) ұстанған Еура­зия жайлы пі­кір-тү­сі­нік­те­рі­нің әртүрлі ке­ңіс­тік­те болып отырғанын сезбейтіндігі-ау, сірә. Бұл жерде Олжас Сү­лей­ме­нов идея мен фактіні ажырата алмайды немесе ажы­рат­қы­сы келмейді. Бұл оның ғана емес Еуразия идеясы мен одағы туралы жазып жүр­ген­дер­дің көбіне тән қа­сиет­тер. Бұ секілділер қоғамымызда шашетектен. Олар­дың кітаптары мен мінбелерде айтқан сөздері том-том болып шығып жатады. Со­ған қарамай, кітап пен сөз басты нәрсе емес. Ол тілмен айтылып, қаламмен жазылса да – діл (жүрек) мен іс-әркет ар­қы­лы бе­кі­ті­луі тиіс. Міне, ол басты нәрсе. Оны тұлға ғана бір-бі­рі­мен ұш­тас­ты­рып, өзі өмір сүріп отырған қоғам мемлекет, ұлт мүд­де­сі­не пайдаланады. Ұжым оған көмектеседі, қолдайды, қорғайды. Сөй­­­тіп, әлгі жеке тұлғаны әлемдік деңгейдегі азаматтыққа кө­те­ре­ді. Мұны білмегендер не білсе де құлаққа ілмегендер әлем ау­­зын­­да­­ғы Андрей Сахаровтың «Меморандумындағы» (1968): «человечество может безболезненно развиваться только как одна семья, без разделения на нации» деп жаз­ға­нын­дай өмір­­ге бейімделіп әрі сұранып тұрады. Бұларды біз ба­тыс­шыл­дық­тың балалық ауруымен ауырғандар дейміз. Оның көр­нек­ті өкіл­­де­­рі­­нің бірі – Олжас Сүлейменов. Осы бір ірі тұлға бо­лу­ға бар­­лық мүмкіндігі бар адамның бүгінгі күнге дейін өз позициясын азамат ретінде қалыптастыра алмай жүргеніне таң­ға­ла­мын. Ол уа­қыт тамырын басып, оның лүпілін аңдыған дәрігер секілді. Со «лүпілді» сезінген сәтте соған бейімделіп шыға ке­ле­ді. Яғни, онда қандай бір қоғамда болмасын айнымай тұ­ра­тын принцип жоқ. Оның кемшілігі, тіпті драмасы деуге де келетін жай, өзінің аза­мат­тық-шығармашылық тұлғасының құ­дай­сыз­ды­ғы немесе нақты айтқанда, атеистігі, ал гу­ма­нис­ті­гі – саясаттанғандығы. Әрине, Олжекең, Сүлейменов ел-жер­ді, қоғамды, ұлтты, адамдарды сүйеді, бірақ оның сү­йіс­пен­ші­лі­гі коммунизм құ­ры­лыс­шы­сы­ның прагмативтік сү­йіс­пен­ші­лі­гі сияқты. Яғни, ол сү­йіс­пен­ші­лік мұсылмандық, не хрис­тиан­дық­қа да жатпайды. Сосын, ол сүйіспеншілік шыны не мұз қаланы жобалау­шы ар­хи­тек­тор­дың сүйіспеншілігі десе де болады. Және бұл қасиеттердің жұқ­па­лы­лы­ғы сонша, қазір оның соңынан бір топ со секілді азаматтар тәрбиеленіп, ұлт мен­та­ли­те­ті­нің қайта қалыптасып, мей­лін­ше өзін-өзі сақтап қа­луы­на кері әсерін тигізуде. Өйткені, ұлт­шыл­дық – психо-ан­тро­по­ло­гия­лық­ тектен өретін қадір-қасиет болса, ал, патриотизм тарихи-географиялық ойға да, бойға да жүре келді сі­ңе­тін ұғым-түсінік. Міне, осыны өзін батысшыл да, ресейшіл де санайтындар түсінбейді, түсінсе де мойындағысы келмейді. Бұл – ұлы трагедия.
Олжастың азаматтық-шығармашылық тұлғасының құ­дай­сызды­ғы, не атеистігі демекші, ол біздіңше ешбір дінге ден қой­мас­тан, тек кеңестік құрылымның моральдық кодексіне ғана бой ұсына қалыптасқан, шын мәніндегі совет азаматы болса керек. Олай дейтініміз, оны Комсомол сыйлығының лауреаты атан­дыр­ған «Адамға табын, Жер, енді» поэмасынан бастап, ақи­қа­тын айту керек ең арысы аты шулы, сла­вян және түр­кі ха­лық­та­ры­ның тарихи байланыстары жөніндегі қасаң да сі­ре­сіп қал­ған дог­мат­тар­ға батыл қарсылық танытқан «АЗиЯ» кітабы сол кездегі орталық (яғни, орыс ғалымдары жағынан – А.Ә.) тарабынан «пантюркизм», «сионизм», автордың жазуынша, тіпті, «пан­славизм» айдарымен айып тағылғанына қа­ра­май, аталған шы­ғар­ма­ла­рын­да Сүлейменов өзінің атеистігі мен Ке­­ңес одағына адалдығынан бір танбайды. Шын мәнінде, Ол­жас­тың «АЗиЯ» жинағындағы ой-пікірлер сол кездегі КСРО ға­лымдары арасында анда-санда да болса бой көтеріп, ара-арасында ауызша айтылып жүретін. Ал, Олжекеңнің соның барлығын біртұтас дүниеге айналдыра отырып, барлық жетістік кемшілігіне қа­ра­май, өзіндік көзқарастар арқылы қалыптасқан дәстүрді күй­ре­тер­лік­тей ғылыми еңбек жазып шыққаны, сол кездегі талап-тілекке қарағанда үлкен батылдық бола­тын. Бірақ, осы шы­ғар­ма­ла­ры­ның өзінде де ақын Кеңес одағы талабы, әрі лениндік идея принципіне берік, адал. Мысалы, «Адамға табын, Жер, енді» поэмасында:

Если надо –
именем Ленина
Этот подвиг
Мы повторим!.. – деген жолдармен Күн көсем салған сара жолға бүкіл жан дү­ниесімен берілгендігін көрсетсе:

Возносил и сносил богов,
Я создал эти реки
И ветер швырнул в моря,
Ты, Земля,
Поклонись Человеку,
Твой бог –
Я, –

деп Аллаға астамдық танытады. Әрине, бұны ақындық алым­ды­лық­қа салып ақтауға болар, бірақ, оны адам мен табиғат ара­сын­да­ғы қарым-қатынасқа келгенде күштінің әлсізге көр­сет­кен (табиғатқа – А.Ә.) зорлығы деп білуіміз керек. Ендігі бір Ол­же­кең­нің азаматтық шығармашылығының көрінісі ретінде танылатын кемшілігі, оның әлем мойындаған діни ұғым-тү­сі­нік­ті жоққа шығарып, Кеңес одағының жаңа адам тәрбиелеудегі ісіне сеніммен қарауы. Сөйтіп, «АЗиЯ» (1990 жыл) кітабында: «может быть, среди десятков юных читателей моих найдутся будущие создатели гуманитар­ных, но точных наук; люди но­вой формации, избавившиеся от предрассудков (бұрынғы 1975 жылғы басылымында «христиан­ских, мусульманских и буддийс­ких» деп көрсетілген – А.Ә.) религиозных знаний, свободные от догм философий расовых и национальных.
Постоянная религия, непод­вижный быт создают тот искусст­венный режим, в котором не увя­дает слово, обладающее золо­той структурой» – деп болашаққа үміт артады. осындайда есіңе К.Маркс, Ф.Энгельстің: «Критика религии освобождает человека от иллюзий, чтобы он мыслил, дейст­вовал, строил свою действительность как освободившийся от иллюзий, как ставший разумным человек; чтобы он вра­щался вокруг себя самого и сво­его действительного солнца. ре­лигия есть лишь иллюзорное сол­нце, движущееся вокруг челове­ка до тех пор, пока он не начи­нает двигаться вокруг себя само­го» деп айтқандары мен А.Яковлевтің: «Преодолеть ре­лигию означало преодолеть дог­матизм…» дегені түседі екен. сонда, Олжастың күйретуші күшке ие революциялық ұс­та­ным­да­ғы Маркс пен Энгельстен айырмашылығы неде? яковлевтен ше? Ендеше, Сүлейменовтің бойына да, ойына да Маркс идеясы қалтқысыз сіңгендігі осыдан-ақ көрініп тұр емес пе? Егер, Олжекеңе сенсек, о кісіше пайым-парасатқа салсақ, тұ­тас­тай пәлен ғасырлық тарихы бар діни ұғым-нанымның, ұс­та­ным­ның, тіпті, көктен түскен төрт кітаптың қай-қайсысы да уақыт, ке­ңес­тік тарапынан «предрассудки» көрінісі болып шығады емес пе? Өкінішке орай, олай болып шықпағаны ақын әрі ға­лым­ға шынында да қиын-ақ. Әйтпесе, сол кезде Н.Руб­цов, қа­зақ­тың, Қ.Шаң­ғыт­баев секілді ақындары атақ-даңқтың со­ңы­нан шам алып түспей-ақ, бүгінде өз ұлттарының ұлы ақындары атанып, өз­де­рі жоқ болса да сөздері XXI ғасырдың қақпасын қағып тұр. Сон­дық­тан да, ақыры Достоевский айтқандай «социализм неправ, по­тому что есть Бог» болып шықты емес пе. шынында да, Құ­дай жоқ болып, Олжас секілді атеистердің айтқаны келгенде, социализмнің өміршеңдігінде еш шек болмай, олардың желі әлі де болса оңынан есіп тұрар еді. Осы тұста біреулер әзір олай емес пе дер? Әрине, олай емес. Бүгінде Сү­лей­ме­нов­тер заманы өткен, олар қазір сол баяғы инерциямен (екпінмен) уа­­қыт көшінен қалмай келеді. Оның сол кездегі тілге, дінге көз­­қа­­ра­­сы нигилистік-атеистік, космополиттік таным-нанымда қа­лып­тас­са, өз ұлтына деген сана-сезімі де соншалықты дәрежеде қа­лып­тас­қа­ны­на шек болмаса керек. Мұндай бойға да, ойға да шым-шымдап сіңген қасиеттер қаншама жасырын ұстағанмен бірде болмаса бірде сыр беріп, қылаң ұратыны анық процесс. Оның ай­ға­ғы Олжас Сүлейменовтің «Сөз» газеті журналисінің (түп-нұс­қа­ны бұзбай сол қалпында беріп отырмыз – А.Ә.):
– Мы не Афганистан. Мы достойны демократии? – деген сауалына:
– Мы достойны, безуслов­но, но когда мы в процессе уско­ренной эволюции станем единой нацией. А кто мы сейчас – нация или национальности? В Афганистане пока нет нацио­нального самосознания, у них есть племенное сознание. Они – союз племен до сих пор. В этом смысле мы ближе к афга­нистану и Ираку, чем к Фран­ции.
Сейчас мы объединяемся, как казахи, только когда рядом есть другие национальности. Они, как обручи, которые бочку объеди­няют, – это наше окружение, среда. Убери эти обручи и, бо­юсь, рассыплется бочка» – деп жауап бергені. «тауды аласартпай, даланы асқақтататын» Ол­жас осылай өз хал­қы­ның еңсесін басып, сағын сындырады. Осының өзі оның ел-жұрт­тан шеттеп қалған, шеттеп қалғанды былай қойғанда бір­те-бір­те туған ұлтынан қол үзіп бара жа­тып, онымен сі­ңі­сіп, тіл табыса отырып, діл табысуына жол таба алмайтын бол­ға­сын көр­сет­кен ақырғы қыры болса керек. Әйтпесе, қан та­за­лы­ғын реттейтін жақсы мағына-мәндегі ру, жүз түсініктері текті ұлт негізін қалаған. Осы тұста, біз тұтастықты бұзатын жаман мағандағы рушыл, жүзшілдерге жауап бере алмаймыз. болмаса, ресей өткеніндегі Владимир, Новгород, Рязань княздіктерінің қым-қиғаш бір-бірімен соғыстары тарихтан белгілі бол­са, ал, орыс отарлауының алуан шарғылы айла әрекетіне дейінгі қа­зақ­тан рулық, жүздік соғыстарды оқып білдіңіздер ме? Әри­не, ондай болған емес. Ендеше, Олжас мырза «обручиді» қан­ша­ма алып тастасаңыз да («обручилар» оған көне қойса, және оның бола қоюы мүмкін емес те. Сүлейменов онымен бізді қор­қыт­пасын – А.Ә.) қазақ халқы Қазақстанда өзге ұлттардың басын бі­­рікті­ру­ші күш кіндік ұлт болып қала береді. Ал, оларды ру, жүз­ге бөлушілер сонау I Петрден қазіргі Петр Своикке дейін бол­ған, әлі де бола береді. Тіпті, Сүлейменов секілділерге Лев гумилевтегі «Россия – это хрящ (не ет, не сүйек емес, шеміршек деуге келерлік мүше бөлшегін солай дейді – А.Ә.) наросший от трение Европы об Азию, Запад об Восток» дегендей орыс пен қазақтан пайда болған ассимлянттар, яғни «хряштар» қан­ша­лық­ты керек болса, бізге И.Ильиннің: «Всякое государ­ство живое и действующее дол­жно быть исполнено национа­лизма. Это его душа. Это его сущность. Это его бытие. космополитические государство аморфная, безформенная мас­са. Тоже и с человеком. Что такое человек без нации? Быть может это идеал. Но идеал в реальной жизни не что отвле­ченное, безсильное и обречен на гибель. Человек без нации, – то же, что дерево без рода, Дерево – ни груша, ни слива, ни яблоня в природе не нужно», – деп көрсеткеніндей оң талап-ті­лек­те­гі нық та тұрақты мемлекет пен ұлт керек.
Олай дейтініміз, ол «қалыптаспаған» қазаққа «озық» ор­та­лық­тың (Батыс пен Ресей – А.Ә.) көзқарасымен қарайтын «ау­ру­ға» шалдыққан маргинал. Жалпы, Қазақстан, оның ішін­де қа­зақ тәуелсіздігі нығайған сайын өз тілін, ділін, ел-жұр­ты­ның әдет-ғұрып, салт-дәстүр, сана-сезімін ұмытқандарға рухани өмір сүріп, күн кешу ауыр болады. Өйткені, оларға сонау Кеңес Ода­ғы кезеңіндей қанатын еркін қағатын аспан, еркін ұш­қан­ның өзін­де де қалтқысыз қонатын жер жоқ. Олар­дың өз тіл­де­рі­мен айт­қан­да, өзіндік ұлттық рең-кескінін тапқан әрбір мемлекет олар үшін «тұйықталған".Оларға халықтың ғарыштық сана-сезімге (планетарьные созна­ние) жеткені керек. О шір­кін­дер­дің ға­рыш­тық сана-сезім топ-тобыр немесе көпте емес, жеке тұлға генилерде болатынымен шаруасы бар ма екен? Әсіресе, Ол­жас­қа ауыр болатыны, оның ес біліп етек жинағанынан арқа сү­йе­ген «обручиі» бүгінде басқа кескін-кейіптегі ел-жұрттың ұс­та­ны­мын­да. Ал, ақынның осынау тапқан теңеуі, ұқсатқан образы сан жылдардан бері бауыр басып, қан-жыны араласып кеткен елден кете қоймас-ау, сірә. Ендеше, бұны қашанда ірі сөй­леп, уысына байтақ Қазақстан симайтын алып Олжастың то­пы­рақ­тан қол үзіп шетелде пепси ішіп, апель­син жейтін кө­ңі­лі­не қон­бай­тын қазаққа көрсеткен қыры демегенде не дейміз. Ол өзін «тауды аласартпай, даланы асқақтататын» қанша гуманист етіп көр­сет­кі­сі келсе де, дәл осы тұста ең соңғы им­пе­рия­ның ең соңғы рыцары екенін қалай байқатып қалғанын өзі де се­зінбейді. Пай­ғам­бар жасынан асқан Олжекең осындай. Әри­не, ол кісіні тү­сі­не­тін біз, бізді түсінетін ол кісі жоқ. Оған бізге қарағанда масанов, Әуезов және Толмачев жақын. Өйт­ке­ні, ол болса дү­ние­жү­зі­лік деңгейдегі құшағына аспан мен жер­ді сыйғызуға тырысатын әлемдік алып. Соған қарағанда, ол өзі­нің түбі қонатын жері туған топырақ екенін ұмытқан секілді.

Аманхан Әлім, ақын

«Заң газеті»
12 қаңтар, 2005 жыл

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 843
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 690
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 541
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 547