Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3460 0 пікір 27 Қаңтар, 2010 сағат 05:41

«Валют-Транзит банктің» экс-президенті қайтарылуы тиіс шығын сомасының тек 0,017% -ын ғана өтеді

Қарағанды. 26 қаңтар. ҚазТАГ – «Валют-Транзит Банктің» экс-президенті Андрей Беляев (Айтбақы Біләлов) сот үкімімен қайтарылуы тиіс шығын сомасының тек 0,017% -ын ғана өтеді. Бұл туралы Қарағанды облыстық прокуратурасынан хабарлады.

Бұрын хабарланғандай, Қарағанды облысының прокуратурасы түзету мекемесінің «Валют-Транзит Банк» АҚ экс-президенті Айтбақы Біләловты шартты түрде-мезгілінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмады.

«Материалдарды зертеу барысында түзету мекемесінің өтініші қанағаттандырылуға жатпайтыны анықталды. ҚР заңнамасына сай, бас бостандығынан айрылған тұлға, егер ол қылмысымен келтірген шығынды қайтару бойынша шаралар қабылдаған болса, ол шартты түрде мезгілінен бұрын босатылуы мүмкін. Ал сотталған А. Біләловқа 960,1 млн теңгелік үкім қағазы бар. Аталған сомадан А. Біләлов тек 170 993 теңгесін өтеді, ол қайтарылуы тиіс жалпы соманың 0,017% -ын ғана құрайды», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Қадағалау органының пікірінше, «аталған жағдай А. Біләловтың түзелу жолына түспегендігін, «Валют-Транзит Банк» салымшыларының құқығына немқұрайлы қарайтындығын айғақтайды. Ал салымшылардың басым бөлігі өздерінің соңғы жиған-тергенін банкке салған, халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобынан тұрады».

Одан басқа, мекеменің өтінішін қараған кезде зардап шегуші тарап болып табылатын және салымшылардың мүддесін өкілдендіретін «Валют-Транзит Банк» АҚ жою комиссиясының пікірі де тыңдалды. Салымшылар «Валют-Транзит Банк» АҚ экс-президентінің шартты түрде мезгілінен бұрын босатылуына қарсы екенін жазбаша білдірді. Осы себепті дүйсенбі күні облыс прокуратурасы облыстың ҚАЖКБ-нің АК-159/1 мекемесінің 2010 жылғы 19-шы қаңтардағы А. Біләловты жазасын өтеуден шартты түрде-мезгілінен бұрын босату жөніндегі өтінішін қанағаттандырмау туралы қаулы қабылдады.

Еске сала кетсек, 2008 жылы 26-шы маусымда Қарағандының Қазбек би атындағы аудандық сот үкімімен А. Біләлов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылған болатын. Оның жазаны атқару мерзімі 2010 жылғы 29-шы тамызда аяқталады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 689
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 486
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 418
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 421