Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2673 0 пікір 25 Қаңтар, 2010 сағат 07:24

Берiк ӘБДIҒАЛИЕВ: “МЕН САЯСАТТАН, САЯСАТСЫМАҚШЫЛДЫҚТАН, КӨП СӨЗДЕН ШАРШАДЫМ

Саясаттанушы-ғалым Берiк Әбдiғалиевтiң есiмi көзi ашық қазаққа етене танымал болса керек. Бұған дейiн президент жанындағы қазақ тiлiн дамыту қорында қызмет еткен, оған дейiн президент әкiмшiлiгiнде, оппозицияда, Алтынбек Сәрсенбаев қорында танылған сол Берiк мырза жуықта Қарағанды облысының Ұлытау ауданына әкiм болып тағайындалды. Жас та болса қазақ ұлтының мәртебесiн көтеру үшiн жанын салған ұлтжанды жiгiттердiң бiрегейi. Жiгiттiк емей, немене, қайсыбiр депутат «Тасжарған» газетiнен отыз миллион теңге талап еткен кезде, президенттiң төңiрегiнде жүрiп, бiр күндiк айлық жалақысын газеттi қорғау қорына аударған едi. Билiкте жүрiп, былықпен былғанбаған, азаматтық болмысын жоғалтпаған Берiк бауырымыз қаладан далаға қарай ат басын бұрғанын естiп, таңданып, телефон шалдық.

- Берiк бауырым, қай жерде жүрсеңiз де, бет-жүзiңiз дұрыс азаматсыз. Әкiмдiк қызметпен құттықтап қойғанымыз дұрыс бола ма...

- Рақмет, әрине! Дегенмен күмәнданыңқырап, тұмандатыңқырап құттықтағаныңызға жол болсын. Әкiмдiктi лауазымды қызметтен бұрын, мүмкiндiк және жауап­кер­шiлiк деп қараймын.

Саясаттанушы-ғалым Берiк Әбдiғалиевтiң есiмi көзi ашық қазаққа етене танымал болса керек. Бұған дейiн президент жанындағы қазақ тiлiн дамыту қорында қызмет еткен, оған дейiн президент әкiмшiлiгiнде, оппозицияда, Алтынбек Сәрсенбаев қорында танылған сол Берiк мырза жуықта Қарағанды облысының Ұлытау ауданына әкiм болып тағайындалды. Жас та болса қазақ ұлтының мәртебесiн көтеру үшiн жанын салған ұлтжанды жiгiттердiң бiрегейi. Жiгiттiк емей, немене, қайсыбiр депутат «Тасжарған» газетiнен отыз миллион теңге талап еткен кезде, президенттiң төңiрегiнде жүрiп, бiр күндiк айлық жалақысын газеттi қорғау қорына аударған едi. Билiкте жүрiп, былықпен былғанбаған, азаматтық болмысын жоғалтпаған Берiк бауырымыз қаладан далаға қарай ат басын бұрғанын естiп, таңданып, телефон шалдық.

- Берiк бауырым, қай жерде жүрсеңiз де, бет-жүзiңiз дұрыс азаматсыз. Әкiмдiк қызметпен құттықтап қойғанымыз дұрыс бола ма...

- Рақмет, әрине! Дегенмен күмәнданыңқырап, тұмандатыңқырап құттықтағаныңызға жол болсын. Әкiмдiктi лауазымды қызметтен бұрын, мүмкiндiк және жауап­кер­шiлiк деп қараймын.

- Бұлай «ыңқырап» отырғанымыз - әкiмдiк қызметпен былғанып жат­қан жiгiттер көп. Қазақтың мәтелiнiң түрi өзгерiп кеттi ғой: «Алмасаң, бермесең - жат боласың» дегендей... Жем­қорлық жайлаған қоғамда «алмай-бермей тiк жүрсең, командадан шығып қаласың» деген қағида қалыптасты. Осыған не уәж айтасың?

- Ондай жағымсыз жайттар жоқ деп айта алмайтынымыз өкiнiштi-ақ. Үкiмет «сауын сиыр» деген көзқарас қылышынан қан тамып тұрған Кеңестiң кезiнде де қылаң берiп қалатын. «Ұлыққа бара бергенше, пара бер» дегендi де ертеден-ақ айтып келедi, бiздiң халық. Бiрақ барлық бастықты бiр қалыппен өлшеген де дұрыс болмас. Маған осы қызметтiң тiзгiнiн сенiп тапсырып отырған Қарағанды облысының әкiмi: «Ұлт деп жүрген жiгiтсiң. Бiраз нәрсенi көрдiң, үйрендiң, ендi Ұлт ұясы, қазақтың қара шаңырағы - Ұлытауға қызмет жаса. Ауылға қайт», - деп сенiм арт­ты.

- Дегенмен сiздi көп бi­летiн ағайындар: «Берiк­тiң мұнысы несi?» - деуi мүмкiн ғой. Ел: «Прези­дент­тiң жанындағы қоғамдық мекемеде республикалық деңгейде жап-жақсы шаруа тындырып жүрген жiгiттiң аудандық қызметке келiскенi қалай?» - демей ме?

- Қанында қасқыр бабалардың қаны бар, түгел түркiнi тегiм деп бiлген азаматтардың Ұлытауды аудандық деңгей деуге дәтi бара қоймас деп ойлаймын. Қазақтың ежелгi Астанасы атанған Ұлытаудың шырақшысындай ауданның басшысы болуды зор құрмет, үлкен жауапкершiлiк деп бiлемiн. Ендiгi жерде барлық күш-жiгерiмдi, тә­жiрибемдi туған жерiмдi түлетуге жұмсасам деймiн. Тәжiрибе демек­шi, қазiр «Дипломмен - ауылға» атты тамаша акция кең қанат жа­йып келедi ғой. Бiз «Тәжi­рибемен - ауылға» деген акцияның бастамашысы сияқты болып отырмыз. Облыс орталықтарында, Астанада, Алматыда лауазымды қызметтер атқарып, алыс ауылдардағы халыққа аса қажеттi болып отыр­ған, тәжiрибе жинақтаған азаматтар туған жерiнiң өркендеуiне үлес қосса, нұр үстiне нұр болар едi.

- Бәлкiм, туған жерiңiзге нақты қызмет етпек ойыңыз дұрыс шығар. Әйтсе де, қазақ тiлiнiң төңiрегiндегi қыруар шаруаны қалай қиып кеттiңiз?

- Қазақ тiлiнiң дамуына байланысты елiмiзде үлкен жұмыстар жүрiп жатыр. Күн тәртiбiнде тұрған үлкен мәселенiң бiрiне мен өзiмнiң кiшкентай болса да үлесiмдi қостым деп үмiттенем. Бiрақ сонда да жан-жақтан таяқ жеумен болдым. Не керек, менi қазақ ұлтының жауы дегендер де болды ғой...

Шынымды айтсам, менiң ауылға кетуiмнiң тағы бiр себебi - қаладан шаршадым. Саясаттан да шаршадым, саяси ойыннан, саясатсымақшылдықтан шаршадым. Көп сөзден, көпiрiп сөйлегеннен шаршадым. Осының бәрiн қиналмай, қиып кетiп барам...

- Шамасы, Берiк Әбдiғалиевтың елге танымал аты республика деңгейiнен жоғалып кетпеуi үшiн ауданның ауқымынан да кең iстер атқару қажет шығар, қалай ойлайсың?

- Бүгiнгi күнi Ұлытауды тек аудандық деңгей деп қарастыруға болмайтынын жоғарыда айттым. Сұрақтың осылай қойылып отыр­ғандығының өзi - Ұлытаудың ұлт тарихынан алатын орнының әлi де болса лайықты насихатталмайтындығын айқындап тұр ғой. Олай болса, осы бағытта республикалық, халықаралық деңгейдегi ғылыми конференциялар, тарихи-мәдени шараларды қолға алу аса қажет деп есептеймiн. Бiз қазақтың ұраны болған - Алаштың, қазақ хандарының атасы - Жошы ханның, ордаларды билеген атақты Едiге бидiң неге әйгiлi Ұлытау жерiнде жерлеген­дерiне мән бермеймiз. Неге қазақ Ұлытауда бiрiгiп, тасқа ортақ таңба салды?! Неге бас хандарды Ұлытауға әкелiп, ақ кигiзге көтерiп, хан сайлады?! Осының бәрiнiң үлкен саяси мәнi болған. Оның қадiрiн қазақ әлi толық түсiнбей келедi. Көзi ашық, көкiрегi ояу әрбiр қазақ Ұлытаудың қасие­тiн бiлуi қажет.

Ендiгi жерде Берiк Әбдiғали­ұлының жақсы аты, жаман аты негiзiнен Ұлытаудың атымен қатар аталатынын түсiнетiн шығарсыз. Қолымнан келгенiн аяп қалайын деген ойым жоқ

- Айтпақшы, Берiк, ежелгi қазақ хандарының мекенi болған Ұлытауды жаңа тарихқа жаңаша сипатпен қайтаруды ойладыңыз ба? Мәселен, Ұлытаудың атағы Түркiстаннан кем болмаса керек. Түркiстан қазiр екiншi Меккеге айналды. Қазақстандағы исламды Түркiстансыз көзге елестету мүмкiн емес. Ал кезiндегi көшпелi қазақтың киелi мекенi - Ұлытау әлсiн-әлсiн өшiп бара жатқан сияқты

- Ұлытаудың ұлттың өткен тарихынан лайықты орнын алуы - келешек үшiн аса қажет. Өйткенi осындай ұлан-ғайыр аумақты мекендеп отырған қазақтың саны - ат төбе­лiндей ғана. Бiр адамның бо­йына жүз адамның күш-қайратын сый­ғызатын құдiреттi күштiң аты - Рух! Ендеше, Ұлытау осы ұлы мақсатқа қызмет етуге лайықты бiрден-бiр саяси, тарихи, мәдени құндылық. Ал оны түрлi жастағы, түрлi көзқарастағы жандарға жеткiзе бiлудiң жолы да әрқилы болмақ.

- Қазаққа қатысты iс тындыру үшiн қазақи басшылар көп болуы керек шығар. Осы тұрғыдан алғанда, елдегi мемлекеттiк кадр саясатында осындай түйсiк болуы керек. Ендеше, жолыңыз болсын. Сiз сияқ­ты елжанды әкiмдердiң қатары көбейсiн!

Бақытгүл МӘКIМБАЙ

 

«Общественная позиция» («DAT» жобасы № 03 (40) от 20 қаңтар 2010 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2245
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2602
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2571
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1687