Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 358 0 пікір 16 Сәуір, 2024 сағат 13:17

Дені сау ұлт- жалпыұлттық міндет...

Сурет: dalanews.kz

«Ауырып ем іздегенше, ауырмай­тын жол ізде» демекші, түрлі сыр­қаттың алдын ертерек алған абзал. Ол экономикалық жағынан да мемлекетке арзан түседі. Аурудың өршіп кетпеуін тұзақтайтын шараларды дер мезгілінде жүргізу тиімділігін әкелері сөзсіз. Барынша тазалық сақтау қажет.

Саламатты өмір салтын ұстанып, салауатты жүргенге не жетсін. Ағзаның қорғаныш қабілетін табиғи жолмен шыңдау – ұлт денсаулығының басты кепілі. Әрине, дұрыс тамақтану мен дәрумендерді ұтымды пайдалану да ағзаның сыр бермеуіне ықпал етеді. Кез келген елдің ең басты байлығы – ұлт саулығы болып табылатындығы сөз­сіз. Міне, сондықтан да бұл іске барынша жауапкершілікпен қарағанымыз абзал. Қазіргі өркениеттің негізі, дені сау және рухани дамыған адам. Басқа жағынан қарағанда, дені сау ұлт мықты мемлекеттің нағыз белгісі болып табылады. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Әрбір адам салауатты өмір салтын сақтап, өз денсаулығына сақтықпен қараса жарқын өмірге жол ашылады.

БҰҰ-ның "тұрақты даму мақсаттары" концепциясының 3 мақсатында денсаулықты күту керектігі айтылады. Демек,барша адамзаттың денінің саулығы басты байлығы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды. Бұл ретте Президент тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен «Дені сау- ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы бекітіліп, жүзеге асырылуда. Кез-келген елдің ең басты байлығы – ұлт саулығы болып табылатындығы сөз­сіз. Міне, сондықтан да бұл іске барынша жауапкершілікпен қарағанымыз абзал. Бүгінгі таңда халықтың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту мемлекет үшін маңызды мәселе. Ол үшін медициналық технологиялардың дамуы және медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсуі қажет. Ден­саулығы жақсы адам­дар­дың еңбек өнімділігі жоғары, тиі­сін­ше экономика мен қоғам да­муына үлкен үлес қосады. Да­мыған экономика да ұлт сау­лығына үлкен үлес қосады. Теңсіздік деңгейін бақылай отырып, әлеуметтік ортаны жақсарту арқылы өмір сүру сапасын жоғарылатуға болады. Сапасы жоғары медициналық қызмет халық денсаулығын жақсартады. Денсаулық сақтау шығындары азаяды. Табысты экономика денсаулық сақтау саласына көбірек ресурстар береді. Ұлт саулығына көп факторлар әсер етеді. Қазіргі кез­де әр фактор әсерінің үле­сін бағалау жұмыстары жүр­гі­зі­луде. Оны мынадай топтарға бө­луге болады: әлеуметтік, эко­номикалық және мәдени фак­торлар, табыс пен білім деңгейі, жұмысбастылық, әлеуметтік қолдау, мінез-құ­лық факторлары, өмір сүру жә­не қоршаған орта жағдайы, тамақ­тану, физикалық бел­сенділік, таза суға қол­же­тім­ді­лік, ауаның ластануы, же­ке тұл­ға факторлары – физио­ло­гиялық, ге­нетикалық, пси­хо­логиялық, өз өмірін бақылау қа­бі­леті, медициналық қызметке қол­жетімділік, профилактика жә­не емдеу.Жоғарыда аталған жайттарды ескере отыра, ұлт са­улығы мен мемлекеттің әл-ауқаты арасында орасан зор байланыс бар деп тұжырым жасауға болады.

Кусаинов Д.О.,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты.

Аханова Д.С.,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің магистранты. 

Abai.kz

0 пікір