Жұма, 3 Мамыр 2024
331 0 пікір 15 Сәуір, 2024 сағат 18:30

Алматы су тасқынына дайын ба? Әкімдік не дейді?

Сурет: newsroom.kz

Бүгін кешке таңға дейін Алматыда өткінші жаңбыр жауып, 17 сәуірге дейін жалғасады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Елдегі болып жатқан төтенше жағдайларға қатысты, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының хабарлауынша, қаланың коммуналдық қызметтері қаланың су бұру жүйелерін алдын ала тексеріп, су алатын торларды, арық жүйелері мен құдықтарды тазарту жұмыстарын жүргізеді.

Жаңбыр суының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін мотопомпалармен, ілмектермен және басқа да құралдармен жабдықталған 52 жедел мобильді топ ұйымдастырылған. 2,3 мың құм салынған қап дайындалды.

«Ауа райының нашарлауына байланысты ағаштардың құлау қаупі және электр сымдарының үзілуіне байланысты жүргізушілерге көліктерді жол жиегіне қоюға кеңес берілмейды. Су тасқынының алдын алу үшін азаматтардан арықтарға, каналдарға қоқыс тастамауын сұраймыз. Су тасқыны немесе уақытша су жиналып қалған жағдайда аудан әкімдіктеріне хабарлауға немесе What’s app нөміріне +7 (706) 689 88 98 хабарлама жазуға болады», – деп жазылған хабарламада.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 610
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 359
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 356
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 361