Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
754 0 пікір 12 Сәуір, 2024 сағат 19:51

Экобелсенділер әуе шарынан бас тартуға шақырды

Сурет: qazaqstan.tv

Алматылық экобелсенділер халықты ірі іс-шараларда әуе шарларын пайдаланудан бас тартуға шақырды. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

Айтуларынша, латекс шарлар да толығымен ыдырамайтындықтан, ғаламшарға кері әсерін тигізеді.

Ал оны ыдырату процесі кезінде жануарлар мен экожүйеге қауіп төнеді.

"Шарлар табиғат пен қоршаған ортаны ластайды. Ал егер шарлар дұрыс жойылмаса, полигондар санының өсуіне ықпал етеді. Алматылық альпинистер 3-4 мың метр биіктіктегі таулы мұздықтар мен шыңдарда шар қалдықтарының көп кездесетінін айтады", – деді "Жасыл құтқару" экологиялық қоғамының өкілі, эколог Светлана Спатарь.

Greenup.kz атқарушы директоры Пакизат Сайлаубекова іс-шара ұйымдастырушыларын, ШОБ және корпоративтік бизнесті қоршаған ортаға қауіп төндірмейтін экологиялық таза баламаларды таңдауға шақырды.

"Біздің экологиялық жағдайымыз мүшкіл. Сол себепті эко ізді азайту және бір реттік заттардан бас тартқан пайдалы. Мұнымен қатар даму қағидаттарын сақтап, болашақ ұрпаққа биоәртүрлілік сақтаудың қаншалықты маңызды екенін бірнеше рет айттық. Алдағы уақытта да айта беретін боламыз. Өйткені біздің балаларымыз бен немерелеріміз осы қалада, осы елде, осы ғаламшарда өмір сүретін болады", – деді эколог Пакизат Сайлаубекова.

Abai.kz

0 пікір