Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Аласапыран 1124 0 пікір 11 Сәуір, 2024 сағат 18:25

Таяу Шығыс өртенгелі тұр: Иран мен Израиль соғыса ма?

Израиль мемлекеті екі апта бойы күшейтілген әскери дайындық жағдайында тұр. 

10 сәуір күні Иран көшбасшысы аятолла Әли Хаменей: «Израиль Дамаскідегі Иран елшілігіне жасаған соққысы үшін жауап беруі тиіс», - деп мәлімдеді. Ескерте кетейік, осының алдында Израиль тарапынан болған ракеталық соққыдан Ислам революциясы қорғаушылары Корпусының 7 жоғарғы шенді офицерлері: 6 ирандық, 1 сириялық әкерилер қаза тапқан болатын. 

Хаменейдің сөзіне Израилдің Қорғаныс министрі Иоав Галант және Сыртқы істер министрі Исраель Кац: «Егер Иран Израильге шабуыл жасаса, онда Израиль  тікелей Иранға соққы жасайтын болады», - деп уәде берді. Соққы беретін нысаналар қатарында ирандық ядролық жобаға қатысты кешендер де бар.

Аятолла Хаменей Израильмен дипломатиялық қатынас жасап отырған БАӘ, Бахрейн, Иордания, Египет, Судан, Марокко сынды мұсылман елдерін қатты сынға алды. Аятолла оларға Израильмен барлық қарым-қатынасты тез арада, Газа секторындағы соғыс тоқтамайынша үзуге шақырды. «Осы мәселе бойынша референдуум өткізсе, Израильмен қатынасты тоқтатуды халық қолдайды», - деді ол.

Ал, Револицияны қорғау сарбаздарының әскери-теңіз флотының қолбасшысы Алиреза Тангсири: «Сионистерге қарсы тұрудың бір ғана жолы бар, ол – ислам армиясы коалициясын құру», - деп, бүкіл мұсылман әлемін Израильге қарсы бірігуге шақырды. Оған Иран әлі жауап қатпады.

Бірақ, Иранда аятолла кеңешісі Яхья Рахим Сафави: «Енді Израильдің  елшіліктері қауіпсіз бола алмайды. Біз олардың кез келгенін шабуылдай аламыз», - деп өз ойын айтты. Содан кейін Израиль өзінің 28 елдегі елшіліктерінде күзетті күшейтті.

Бірақ, Иран қарсы соққыны өз территорясынан жасаудан қауіптеніп отыр. Иран АҚШ және оның одақтастарының Иран жерін тікелей атқылауына мүмкіндік бермеу керек деген ұстанымда тұр. Сөйтіп, Иран Израильге соққы бергісі де келеді, алайда оның арты үлкен соғысқа аналып кетпесе екен деп қауіптенеді.

Сондықтан Иран өкілдері Швейцария мен Оман арқылы Вашингтонға: «Тегеран Израильге аса қатты соққымен жауап берейін деп отырған жоқ.  Сондықтан екі араға АҚШ-тың килікпегені дұрыс. Болмаса, бүкіл өңірге соғыстың тұтанып кету қаупі төнеді», - деп ескертіп жатыр.  Кейбір деректерде Газадағы атыс тоқтаса, Иран өз ойынан бас тартады деп айтылған дейді.

Бірақ, мұндай әңгімелер Израильді босаңсытқан жоқ. Олар әскерін «жауапқа – жауап» жағдайында ұстап тұр. Әртүрлі қашықтыққа соққы жасайтын соққы бергіш ұшақтарын даярлап, ұшақсыз ракеталарын түгендеп жатса керек. Израильде мұндай тәжірибе жеткілікті.

Мұның алдында, ақпан айында Иран: «Израильдің арнайы күштері Иранда газ трубаларын жарып жіберді, Ирандағы газ өндірісін 15%-ға қысқартты», - деп айыптаған болатын. Израиль оны мойындамады.

Израиль СІМ-і: «Иран болмаса «Хамас» та, «хусииттер» де, сириялық шииттік еріктілер де, «Хезболла» да болмас еді», - деп Израильге жасалаған шабуылдың түпкілікті тұрағы Иран екенін ашық айтты.

Ал, БҰҰ Қауіпсздік Кеңесі Израильдің Сириядағы елшілігіне жасаған шабуылын айыптады. Дегенмен, АҚШ тарапы да, Ресей тарапы да өз адамдарына қазір бұл аймаққа барудан бас тарта тұруға кеңе беріп жатыр. Соған қарағанда бұл елдер Иран мен Израиль арасында соғс өрті тұтанып кетуі мүмкін деген ойда болса керек.

Әрине, өзі де үлкен соғыты бастан кешіп жатқан Ресейге АҚШ-тың Украинаға көмек бермегені керек. Сондықтан, Ресейге бұл өңірдегі шиеленіс оңтайлы деуге келеді. Ал, АҚШ өзінің ішкі мәселесін шеше алмай, әлемдегі геосаяси ықпалын азайтып алды. Сондықтан, АҚШ-қа бұл соғыс аса қажет емес сияқты...

Әрине, оны шешетін Иранның өзі. Бірақ Иран қазір ресейлік әріптестері арқылы тәп-тәуір жағдайда тұр. Ол қалыпты бұзу оларға қажет емес сияқты. Соныдықтан, Иран мен Израиль арасындағы бұл сөз қақпақылы соғыс эскалациясына ұласуы нейғабыл деп қорытындылауға болады.

Abai.kz

0 пікір