Жұма, 3 Мамыр 2024
623 2 пікір 4 Сәуір, 2024 сағат 17:19

Ақсу тұрғындары алтын іздеп жерді қазып тастағандарға шағымданды

Сурет: turkystan.kz

Ақсу ауданы Суықсай ауылы тұрғындарында соңғы жылдары тыныштық болмай жүр.  Айтуларынша, Жетісу облысында белгісіз біреулер алтын кенін жаппай қазып, 25 шақырымға жуық жерден тереңдігі 2 метрден асатын шұңқырларды қалдырып кете берген.

"Келіп жерді қазып тастайды. Бұлай жасауға болмайды ғой. Жерді де, жолды да қазып кеткен. Ешкімнен сұрамай, ойына келгенін жасап жатыр", – деді Суықсай ауылының тұрғыны Ғалымбек Сейсебаев. 

Өңір тұрғындары бұл мәселенің бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқанын алға тартып, тиісті мекемелердің осы мәселеге қатысы бар ма деп күдіктенеді.

"Бұл жұмыстар ұзаққа созылып кетті, тоқтату қажет. Бірінші жыл бұлай болып жатқан жоқ, оны бәрі біледі. Мұны бақылауға алатын тиісті органдар қайда қарап отыр? Жайлауға шығатын жолдың түгін қалдырмады", – деді Суықсай ауылының тұрғыны Сайлау Сексенбаев.

Аудан әкімінің орынбасары бұл мәселені кеше ғана білгенін айтып ақталды. Аталмыш мәселені құқық қорғау органдарына тапсырып, тұрғындар тілегі ескеріледі деп сендірді.

"Мұның барлығы заңсыз жұмыстар. Бізден де, басқа органдардан да рұқсат алмаған. Біздің өзіміз соңғы екі-үш күнде естіп жатырмыз. Бізге ешкім айтпады", – деді Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Амандос Сабырбаев. 

Тұрғындар егер мұнымен заңсыз іс бітпесе, жоғарыға шағымданамыз деп отыр.

Дариға Ержанқызы

Abai.kz

 

 

 

 

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 662
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 458
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 404
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 403