Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 1820 0 пікір 1 Наурыз, 2024 сағат 19:02

Құдай үшін «Толық адам» кім?

Сурет автордың жеке мұрағатынан алынды

«Біздің дін жаратылысты зертте» дейді тик токтан екінші молда... Дұрыс.

...Бірақ мәселе мынада боп тұр:

Адам қазіргі дін талабымен - араб тілін меңгергенше, одан әрі - құранды жаттап біткенше, одан әрі - оттаған уағызшылардың қажет-қажет емесін анықтағанша, одан әрі - қаптаған діни бағыттардан «бір түзу жолын» таңдағанша, одан әрі - Алланың жалғыздығына көзі жеткенше - өзі де өмірін аяқтап, өледі. Жаратылысты тану жайына қалады...

Ендеше, ол өзіне «Осылай ет» деген Алласының алдына «жарты адам» боп барады.

Мәселе осында боп тұр. Қазір қоғам үшін не - дін, не - білім деген таңдау өткір шықты:

- Өлу үшін десең - дінді таңда,

- Өмір сүремін, өмірді (яғни отбасымды, елімді деңіз) бақытты етем, көштен қалдырмаймын десең - білімді таңда.

Білімді таңдаған - Аллаға «толық адам» боп барады.

Себебі, нақтысында, білім ішіне діннің өзі кіріп кетеді.

Білімді адамға жол жөнекей «дін білімін» игеру түкке тұрмайды, еш қиын емес...

Сондақтан, Тәңір саған өмірді аманат етті, себебі, сен адамсың. Тәңіртектес тіршілік иесісің.

Ендеше, өзің де сені жаратушы Тәңіріңе лайық өмір сүруге тиіссің!

Саған Тәңір сананы бекер берген жоқ қой – «өз өмірін өзі жасай алсын» деп берді.

Бірақ, мына молданың айтуынша, «Оның Құдайы адамды тасадан тұрып күтіп алатын қарақшы ма еді» деп ойлап қалуға болады екен...

Әбдірашит Бәкірұлының жазбасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 626
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 375
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 367
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 372