Сенбі, 4 Мамыр 2024
Көкжиек 994 5 пікір 23 Ақпан, 2024 сағат 12:47

Қаламгер – ұлт кеселінің қандауыры

Сурет: alash24.kz

Қазақ қоғамын толғандырған мәселелер қаламгерлеріміз тарапынан қалай көрініс тауып жүр деген мәселе бәрімізді толғандырады. Заманауи қазақ әдебиеті қашанда ұлтты толғандырған дүниелерді дер кезінде оқырман назарына ұсына білуімен жұрт кәдесіне жарауда. Батыс пен Шығыстан келіп жатқан ұлтымызға жат дүниелердің бәрі қаламгерлер тарапынан өз бағалауы мен зерделуінің тезінен өтіп ел назарына ұсыныла бастады.

Қай қоғамда болмасын сапалы аудармаға, «дінге» моральға, отбасындағы зорлық зомбылыққа қатысты көзқарас бірінші орында тұрады. Билік пен қаламгерлер қауымы осы тақырыптарды игеруде үнемі тізе қоса әрекет етеді. КСРО кезінде «Дін – апиын» деп танылып, оны сын садағына ілетін туындылар ұлттық әдебиетімізде төл және аударма туындылар үнемі жарық көріп тұрғаны жасырын емес. Еліміз тәуелсіздік алған соң, «Дін – ұлттың алтын мәйегі» деген концепция орнығып, қаламгерлеріміз осы тақырыпқа бұрынғыдай қорқақтамай ашық жазатын болды. Кейін Ислам атын жамылған жалған ағымдар пайда болған шақта оның алдын алғандар арасында қаламгерлер алғы лекте тұрды.

Ең алғаш Қасиетті Құран Кәрім бербер, парсы, үнді, түрік, латын тілдеріне тәржімаланып, кейін орта ғасырларда француз, ағылшын, неміс тілдеріндегі аудармалары жарық көрді. Құранды ана тілімізге  аударғандың алғашқыларының бірі, исламтанушы ғалым Халифа Алтай өзінің Түркияда жарық көрген «Құран Кәрім аудармаларының дүниежүзілік библиографиясы» атты еңбекте «1515-1980 жылдар аралығында Құран 60 тілге 2668 рет аударылған» деген дерек келтіреді. Қазақ тіліндегі алғашқы аударма 1912 жылғы Мұса Бегейұлының қолжазба аудармасынан бастау алып, Шығыс Түркістандық Ақыт Үлімжіұлы жасаған екінші Құран аудармасы 1939 жылдары қытай отарлаушылары тарапынан жойылып кеткендігін тарихтан білеміз.

Н.Өсерұлы мен Ж.Истаев Құранды қазақшаға аударуды 1988 жылы бітіргенімен бұл тәржіма тек 1993 жылы жұрт қолына тиді. 1991 жылы Халифа Алтай жасаған қазақ тіліндегі аударма кирилл әріптерімен Сауд Арабиясында көптеп басылып, отандық оқырманның игілігіне айналды.

Ислам діні кейбір әлем жазушылары мен ақындарының шығармашылығына зор ықпал етті. Жазушы Лев Николаевич Толстой өз шығармаларында ақиқатты іздеуге үлкен мән берген. Оның үстіне, кейбіреулер ол және оның еңбектері туралы пікірталастарда оның Исламды қабылдап, мұсылман ретінде осы әлемнен кетіп қалғанын айтқан. Осындай болжам кейде басқа белгілі ақын мен әдебиетші Гётеге қатысты да жасалып отыр.

Лев Толстой Құранды ғана емес, хадистерді де зерттеуге үлкен қызығушылық танытты. Александр Сергеевич Пушкиннің «Құранға еліктеу» атты өлеңдері бар. Пушкиннің Толстойдан айырмашылығы, араб тілін оқымады және оны осы поэтикалық циклді жазуға шабыттандырды. Қасиетті Құран Александр Сергеевич Пушкиннің әдеби еңбектері мен рухани ізденістеріне өте үлкен әсер еткені анық, бірақ оған қатысты оның Исламмен жеке байланысы туралы ешқандай дәлел жоқ - бізге ұлы ақынның Исламды қабылдағаны немесе қабылдамағаны белгісіз.

Белгілі әлем жазушылары мен ақындарын ислам, Құран, Мұхаммед пайғамбардың өміріне шабыттандырды.

Исмагил Шангареев «Гете был первым мусульманином современной Европы» атты сұхбатында: «Мәселе не екенін түсінесіз бе? Гетенің діни артықшылықтары туралы айтар болсақ, шынайы астықтан қалаған астықты ажырату өте қиын. Әрине, мароккандық зерттеуші ретінде бүгінде Гетенің шығармашылығына жүгінудің қаншалықты маңызды екені, оның еуропалық қоғамда исламға толеранттылықты қалыптастыру үшін қаншалықты көп істер атқарғаны туралы ортақ сөздер айтуға болады. Шейх Абдулкадыр әл-Мурабит ретінде Гетені ислам дініне қабылдауға болады. Егер біз осы неміс ақыны үшін белгіленген Жол жолын түсінгіміз келсе, екеуі де өнімділігі төмен. Мен - Құдайдың белгісі, өйткені оның ағартылған ислам идеяларын дамытудағы рөлі ислам мәдениетінің құбылысы ретінде қайта пайымдауды талап етеді. Мен қайда бара жатқанымды түсінесіз бе? Ол исламның пайдасына таңдау жасап қана қоймай, Ойлау жолын, рухани бағдарларын көрсетті және Пушкиннен, Толстойдан, Лермонтовтан, Бунинден айырмашылығы, ол осы Жолға жай ғана кірген жоқ. Ол одан соңына дейін өтті», - деп өз пікірін ортаға салады.

Адамзат өркениетінде кез келген ұлттың мәдениеті мен әдебиеті және өнері жеке дара томаға тұйықтықта дами алмайтыны дәлелдеуді керек етпейтін ақиқат. Сол себепті де қазақ әдебиеті Хакім Абайдан бастап, көрші елдердің мәдениетімен жан-жақты байланысқа түсіп жаңа сапалық қасиеттерге ие бола бастады. Абайдың шығармашылық болмысының дамуын, өркендеу үрдісін әлемдік тарихи процестерден бөліп, жеке алып қарастыра алмайтынымыз да айдан анық. Сондықтан Абайдың артында қалған шығармаларындағы «топостық, эмблемалық» сипаттар автор тарапынан өзгеріске түскенімен де ұлттық мазмұнын сақтай отырып күрделене келіп бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.

Қазақ әдебиеттану ғылымында Абай Құнанбайұлының топостық, эмблемалық үлгілерді  өз шығармашылығына арқау еткендігі туралы зерттеу жұмыстары кейінгі жылдары қолға алынып зерттеліне бастады.

Ислам мәдениетіне түркі мифологиясының архетиптік белгілерін енгізген А. Иссауидің сопылық символизмнің «топостық, эмблемалық» сипаттары ішкі өмір шындығының мәнін астарлап беру тәсілі А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпейұлы, С.Торайғыров, М. Жұмабаев, М.Әуезов, С.Мұқанов т.б. қаламгерлер туындыларының көркемдік-символдық жүйесінің мәнін тануда басшылыққа алынуға тиіс дүние.

Қазақ әдебиетіндегі «топостық, эмблемалық»  дүниетанымның қалыптасуын шығыстық классик ақындары Фзули, Шамси, Сайхали, Науаи, Жәми, Низами, Фирдаус, Рудаки, Сағди, Хафиздерсіз көз алдымызға елесете алмаймыз. Абай тек біз атап өткен шығыстық класск ақындарының мұрасын оқып-үйренумен шектеліп қалған жоқ. Сонымен бірге сопы ақындар Қожа Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғанилардың мәдени мұраларын талмай оқып рухани азық ала білді. Қазақ топосында мұсылман ғалымдары әл- Фараби, ибн-Сина, Жүсіп Баласағұн, М. Қашқари, Дауани, Захыраддин Бабар, әл- Ғазали рухани-мәдени үрдістері сайрап жатыр.

Бұдан бөлек қазақ сөз зергерлерінің шығармашылығынының қабаттарында шығыстық «топостық, эмблемалық» түсініктері негізінде қалыптасқан поэтикалық бейнелер мен образдық бейнелердің тұтас жүйесі бар, оларды зерделеу ұлт әдебиетінің қайнар көздерін толыққанды түсінуге ықпал етеді. Атап айтқанда, поэтикалық поэзияда айдаһар, алпауыт, гүлдер, бәс тігу, періште, шайтан сияқты бейнелердің стилизациясы жиі байқалады.

Бұл туралы өзбек ғалымы Н. Маллаев: “Ҳар қандай поэзия мифлар билан бошланади”[ Маллаев Н. Алишер Навоий ва халқ ижодиёти. – Т.: Ғафур Ғулом номидаги нашриёт-матбаа ижодий уйи, 2015.Б:9]. Расында да, бұл пікір Орталық Азия әдебиетінің дәуірлік дамуының көркемдік дәрежесін ашып көрсетеді.

Исламда адамдарды жаратқан мәңгілік күш - Алла, оның көзге көрінбейтін рухани жандары (періштелер мен малаиктер), Құдайдан жіберілген қауым пайғамбарлары, олардың кейбіреулері адамзатқа шындық жолын, киелі кітаптарды, кеш күндер мен қайта тірілуді, тағдырға, бейбітшілік пен қадір-қасиетке деген сенімін көрсету үшін жіберілгені белгілі. Сондықтан адамның Құдайдың күшімен Өзінің игілігі үшін жасалған көзге көрінбейтін рухани дүниелер бар екеніне сенуі маңызды. Осыны ескере отырып, Абай өз шығармашылығында кейде жарық, сәуле, жел т.б. мифтік реңке ие сөздер арқлы енді бірде Аристотель, Әзімнің кесек образдары арқылы  өзінің мифопоэтикалық әлемін өмірге әкеле білді.  Ол үшін Абай бастаған әдебиет алыптары ислам және түркі фолклордағы мифологиялық сөз образдарға жүгінеді. Діни сипаттағы мифтік ұғым-түсініктер негізінде зұлымдық пен әділдіктің арасындағы мәңгілік шайқас көрінісін келтіреді.

Науайда мынандай бәйіт бар:

Зулфи қонлиғ пайкаримни чекти печу хам била,

Ул сифатким, тортқай аждар биравни дам била [Алишер Навоий. Мукаммал асарлар тўплами. Йигирма томлик. Олтинчи том. Фавой-ид ул-кибар. – Т.: Фан, 1990 Б:376 ].

Осындай «Айдаһар» сөзі ұшырасатын Абайдағы өлең жолы:

Сөз айттым «Әзірет Әлі», «айдаһарсыз»,

Мұнда жоқ «алтын иек, сары-ала қыз»,-деп. кездеседі.Хакімнің «Айдаһар»  сөзі кездесетін өлеңі 1889 жылы жазған – «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деп аталады.

Абайға бұл мифоэтноним өзінің сыны мен пікірін нақтылай айту үшін қолданылған. Осы турасында М. Әуeзовтің айтуынша оны ақын өз айналасындағы «өлеңі бар, өнерлі інілерінің» кейбір шығармаларын оқығаннан кейін, соларға жөн-жоба керсетіп, сын ескертпелер жасау ниетімен тудырған. «Сөз айттым Әзірет Әлі, айдаһарсыз» дегенде көп ақынның, оның ішінде Көкбай Жанатайұлының пайғамбарларды, дін таратушы қаһармандарды мадақтайтын қиссалар жазуға тым әуестігін, «Бізде жоқ» алтын иек, сарыала қыз» дегенде жеке ақындардың жылтырақ сөздерге әуестігін, Әріп Тәңірбергеновтың «Зияда-Шамұрат» дастанында қызды «иегі алтын, көзі гауһар» деп, әлем-жәлем етіп суреттегенін, «Кәрілікті жамандап өлім тілеп» дегенде Шәкерім Құдайбердиевтің заңды түрде келетін кәрілікті даттағанын қағытып мысқылдаған деп тұжырым жасайды.

Сонымен осы ұғым-түсінік Науай мен Абайда бірі – діни философиялық, бірі – эстетикалық сипатта көрініс тапқанын аңғарамыз.

Мақтымқұлы Мұхаммед (с.а.с.), Ибраһим, Мұса, Дәуіт, Иса және де басқа да пайғамбарларымыз туралы көптеген ұлағатты сөздер жазып, жан дертінің шипасын солардан іздеген.

«Нұх Пайғамбар,

бір жұтым-ақ ауа берші, қысылдым,

Өмір – мәнсіз, жүрек – жансыз,

Көңілім – шер, ішім – мұң!

Қызыр, Ілияс, Зәкәрия, Қабус, Мұса пайғамбарым,

Қияс, Ғимран пірлерім!

Шапағатпен шипа берші, менің дертті жаныма,

жарығыңды түсіргін!»

Мақтымқұлы Құрандағы кейбір мәселелерді меңзеген және кейбір пайғамбарлардың нақылдарында қолданылған сүре аяттарын өлеңдерінде қолданып, олардың өмірлерінде болған оқиғаларды жазған. Олардың әңгімелеріне орын берген.

«Өмір кешті» өлеңінде ақын «Адем пайғамбарынан бастап, Нұх, Ибраһим, Ыдырыс, Иса, Аюб, Сүлеймен, Жүніс, Мұса, Жүсіп, Жақып және басқа пайғамбарлар туралы «Құранда» берілген мәліметтерді қолданған.

Әлемдік әдебиеттануда «дайын образ» термині бар. Осы дайын образ қайдан шықты. Қай өркениет сан ғасырлық мәдени-рухани дамуда қандай үлес қосты деген басы ашық сауал алдымыздан шығады. Бәрін бүлдірген туынды Милорад Павичтің «Хазар сөздігі» постмодерндік туындысындағы Хазар қағанына өз дінін тықпалайтын молда, раввин және сопы дайын образдары. Және солардың арасындағы діни пкірталас. Үш көзқарас, үш түрлі концепциялар қақтығысы. Осындай концепциялар қақтығысы бар «Қас Сақ аңқымасы» және «Қасқыр Құдай болған кез» сынды қос туынды өмірге келді. Бір өкініштісі әдебиеттанушылар мүлдем керек етпейтін туындыларға айналып үлгерді. Енді осы дайын образды жаңаша қолданудың тамаша бір үлгісіне Дәурен Қуаттың «Қызыр әулие мен Мұса ғалайассалам» туындысында куә болдық.

Бір әттеген-ай дүние – қаламгерлік стратегия мен авторлық ғылыми концепциялар қазақ гуманитарлық ғылымында зерттелмей жатқаны. Біз бұған ешкімді де кінәламаймыз. Тек уақытын күтіп жатқан әзірше өз зерттеушісіне жолықпаған ғылыми қазына деп шорт кесе саламыз.

Соңғы кездердегі әдеби процесте «Дайын» поэтикалық образдарды қолдану үрдісі көбіне Т.Әбдікәкімұлы, Ә.Балқыбек және Д.Қуат шығармашылықтарына тән.

Дайын поэтикалық образдардың бағын асырып жүрген қаламгерлеріміздің бірі Дәурен Қуаттың көлемі 20 беттен тұратын «Қызыр әулие мен Мұса ғалайассалам» минихикаятының (Қуат.Д. Бөрісоқпақ: әңгімелер жинағы/Дәурен Қуат – Алматы: Атамұра, 2018. – 268 бет) 184-189 беттері Қызыр әулие мен Мұса ғалайассалам арасындағы орын алған оқиғалық эпизодтан тұрады.  Автор Жаратқаннан аян алып, пайғамбарлық қонған Бәни Ысырайыл жұртының нәсілі Мұсаның мүміндері арасынан «Мына жарық дүниеде сізден асқан білімді жан иесі бар ма?» деп өзіне қойылған сауалға «Мен – мұрсал пайғамбармын, Алладан қысылғанда мұғжиза көремін, осыдан асқан абырой, атақ бар ма? Соған қарағанда, жер бетіндегі кемел білімнің иесі мен шығармын»,- деп жауап береді [Б.184-185].

«...Сөйткенде, Жаратушыдан уаһи жетіп: “Әй, Мұса, сенің әлгі сөзің не? Саған өлшеусіз білім мен қисапсыз қабілет дарытқанда менің мүмкіндігіме күмән соғатындай ойға беріл деп пе едім? Бұл дүниеде білімі сенен асқан, хайыр-шапағатыма бөленген тағы біреу бар”, - дейді құдіретін кезекті рет әйгілеп. “Раббым, сондай ғұлама жан иесімен жолықтыршы” дейді Мұса ғалайассалам жалынып. “Кезедесесің, - дейді Рабы, - уағдалы күні кездесесің”...» [Б. 185].

Оқиға одан ары Раббымыздың күндердің бір күні жөйіт пайғамбарына Қазіреті Қызырға жолығуы үшін балық салынған себеп беріп, бұрын көрмеген білмген елге сапарға шығуына жөн сілтеуімен басталып, сол себеттегі балық айлардан ай, жылдардан жыл өткенде жерге түсіп қалғанда Тәңірі мәңгілік өмір сыйлаған түркі пайғамбарымен жолығысуына ұласады.

Одан ары Қызыр Ілияс Мұсаға «...Ей, Мұса, мен сені ілестіріп жүрер едім, бірақ сенің көргеніңе орай сөйлемеуге, білмегеніңді тықақтап сұраумауға тағатың жетпейді ғой» деген шарт қояды. Мұса болса: «Жоқ мен дәтіме берік болайын. Көргеніме де, білмегеніме де мақұлмын. Тек ілестіре көріңіз әулем», - деп жалынады. Қызыр Ілияс онысын құп алады.

Жолда Мұса кеменің бүлінуіне, баланың өліміне және үйге тіреу қойылуына қатысты айтқанда тұрмай сұрақ қойып үш рет уәде бұзады.

Қызыр пайғамбардың жөйіт пайғамбарынға тәлім берген кемені бүлдіргені – оның ел жауламақ жауыз патшадан ізілікті жандарды құтқарып қалғаным, баланы алдап ұйықтатып өлтіргені – болашақ жауыздан ел-жұртты аман сақтап қалғаны, елге керексіз қос жетімек тұрып жатқан құжыраны тіреу қойып жөндегені – олардың болашақта ондағы көмілген қазыаны тауып мұратына жетуі екендігін айтып береді.

Авторлық Қызыр пайғамбар бірінші расул деген жасырын ғылыми концепциясына құрылған туындыдағы кірістірме әңгіме Қызыр Ілиястың Мұсаға берген «...Міне, мен осының бәріне ақыл-парасаттың арқасында жеттім. Ақыл-парасатты Раббымыз бәрімізге сыйлаған. Ақыл-парасатпен не нәрсенің де ақырына дейін ден қойып, іс жасауда ғана кемдік қыламыз, - деді Қызыр әулие Мұса пайғамбермен қоштасып тұрып» [Б.188-189] деген авторлық-персонаждық ұлағатты сөзбен аяқталады.

Тек Құран Кәрім ғана Тәңіршілдік дінінің болғанын өзінің содан бастау алғанын ашық айтты. Және араб тілінен өзге тілде құлшылық етуге барша мұсылмандарға тыйым салды. Себебі түркі дінінің, христиан ағымдарының кебін хаһ ислам кимеу үшін, өйткені, бұл – тарих тағылымы. Одан сабақ алу керек.

Түркілік нәби Пурушта үнді мифологиясында жасампаз қаһарман атымен сақталып қалды. Оған ергендер алауыздығы үнділерді кастаға бөлуге әкеп соқты. Пурушта өзіне-өзі қол жұмсап, үнділер ол әкелген Праджапати дінін қабылдамаған қауымның көз алдында дүниеден өтеді.

Праджапати – көне үнді мифологиясындағы жалғыз жаратушы. Ол – төрт аяқтыларды және екі аяқтылардың әміршісі. Мифопоэтикалық дүниетаным дағдарысын кейін, Пурушта басқа қырынан сипатталды: аузынан –Брахмандар; қолынан – Раджаньи//Кшатрий (кісі атты); белінен – Вайшьи; аяғынан – Шудралар жаратылып, әлеуметтік реформа басты діни кітап канондарын бұрмалап, көп құдайға табыну белең алды.

Түркі дінінің бір кездегі үстемдігіне қарсылық көріністері: Пушан құдайдың арбасына ат емес, ешкі жегуі; құрбандыққа жылқы шалу т.б. орын алды. Діни кітаптар ендігі жерде үнді тілінде (санскритте) жазыла бастады. Соның бірі «Регведа» Тәңір сипатын жан-жақты ашады, бірақ адамдарды көп құдайға сенуге ұрындырады.

Осылайша Дәурен Қуат сияқты танымал қаламгерлер қазақ қоғамын толғандырып, кейбір қандастарымызды ақиқаттың ақ жолынан адастырып жүрген шақта. Санасы бар жанның ақыл тоқтатып, діни ұстанымын түзейтін тамаша шығармасын өмірге әкеле білді. Бір сөзбен айтқанда «Қаламгер – қоғам дертінің қандауыры» деген нақылдың тегін айтылмағандығына көзімізді жеткізді.

Біздіңше, қазір биліктің әдебиетке қатысты істеп жатқан жұмысы көңіл қуантады. Қай уақытта болмасын, жазушылар өздерін толғандырған мәселелерге қатысты бекерге мазасызданбай, қоғамдық процестегі толғақты мәселелерге Жазушылар Одағы тарапынан қатысып түрлі ашық хаттар жазып, оған қол қояды дәстүрге айналдырғаны құптарлық мәселе. Оларға билік құлақ асып, жазушылардың пікіріне ден қояды.

Бірақ билік пен қаламгер арасындағы тандем қашанда ұлттық мүддеге қатысты дүниелердің бұқара арасында кеңінен насихатталуынан тұрады. Дінді насихаттауда тап осындай тандем орнығып отырғаны бізге рухани ләззат сыйлайды. Қазақ қаламгерлері дінге қатысты ненің оң, ненің теріс екенін ұлтқа танытуда билікктің оқ қолына айнала білгені қуантады.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1139
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1039
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 896