Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Анық-қанығы 1367 13 пікір 19 Ақпан, 2024 сағат 13:32

Ресейдің шығыны: 200 млрд доллар және 315 мың адам

Сурет: ankasam.org

Кремль соғысқа 200 миллиард доллар жұмсады және 315 мың адамынан айырылды - Пентагон.

Ресей армиясының Украинаға басып кіруі Мәскеуге 211 миллиард доллар шығын әкелді. АҚШ Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкілінің айтуынша, Ресей Украинамен екі жылдық соғыста 211 миллиард доллар (19,5 триллион рубль) жұмсаған.

Ресейдің осы соғыста 2026 жылға дейін қарқынды экономикалық өсімнен айырылғанын ескерсек, Путин соғысты бастамаса, бұндай келеңсіз құбылыс орын алмас еді, Осылайша Украинаға басып кіру Ресейге 1,3 триллион доллар шығын әкелді.

Егер Кремль Украинаға соғыс ашпағанда Ресей экономикасы 5%-ға артуы мүмкін болатын. Бірақ қазір бұл экономикалық өсімнің келмеске кеткенін Reuters ақпарат агенттігі Пентагонның жоғары лауазымды шенеунігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ресми мәлімет бойынша, Ресейдің қаза тапқандар мен жараланғандар саны 315 мың адамға жеткен. Бұл 2022 жылдың 24 ақпанына дейінгі Қорғаныс министрлігінің қол жетімді болып отырған жеке құрамның шамамен 87 %-ын құрайды.

Ресей шығындарын санамалап көрсетсек: - әскерлерді жабдықтау: қару-жарақ, броньды машиналар, оқ-дәрілер және басқа да әскери материалдар сатып алу; - әскерлерді орналастыру: әскерлерді тасымалдауға, әскери базалар мен лагерьлерді құруға кеткен шығындар. - әскерлерді ұстау: тамаққа, киім-кешекке, медициналық қызметке және т. б.

Бұл ақшаның барлығын Ресейдің инфрақұрылымы мен экономикасын дамытуға жұмсауға болар еді, бірақ бұл қаржы соғыс қанды өңешіне жұтылып кетті. Ресей армиясының Украинадағы шығынының нақты саны белгісіз, өйткені Мәскеу бұл ақпаратты құпияға айналдырды.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

13 пікір