Жексенбі, 28 Сәуір 2024
46 - сөз 1523 16 пікір 23 Қаңтар, 2024 сағат 14:20

Ғұмыры қысқа империя - Хорезм

Отырар кімнің қаласы?

Советтік үкімет санаға құйған дерек: Қазақ хандарының атасы Шыңғыс қаған отырарды қиратушы, қылмыскер. Үгедай, Шағатайдың ұрпағы да қазақ жерінде билік құрған.

Отырар үлкен қала емес! Асса 30 мың халқы бар шекаралық сауда қаласы. 960 жылы құрылған Қарахан мемлекетінің қаласы, 1131 жылы шығыстан келген қарақытайлар Орта Азиядағы үш мемлекетті бағындырғанымен, жойып жіберген жоқ.

Олар- Иітіқұт ұйғыр хандығы, Қарахан мемлекеті, Хорезм мемлекеті. Осы үш елдің ішінде Хорезм 1196 жылы күшейе бастап, Маңғыстау, Сыр бойының оғыздарын, Орталық, Батыс Қазақстан қаңлыларын бағындыра бастады. Деседе қарақытай патшасына бағыныштылықтан бас тартқан жоқ.

1207 жылы найман Күшілік қарақытайлар еліне келеді. 1209 жылы ұйғыр мемлекеті Шыңғыс ханның билігіне бас ұрады. Тіпті Солтүстік Жетісудағы қарлықтарда Шыңғыс ханның билігіне бас ұрады.

1212 жылы Күшілік пен Хорезм шах шарттасып, бір уақытта қарақытай гүрханына қарсы көтеріледі. Хорезм шах елдің батысы саналатын Батыс Қарахан мемлекетін басып алады. Самархан, Бұхара, Отырарды алады. Күшілік Шығыс Қарахан мемлекетін басып алады да, Қашқар, Хотанға зорлық жүргізеді. Отырардың Хорезм шахқа өтуімен Қарахан мемлекеті жойылады. Қайыр хан деген қаңлы әскербасының Отырарға әкім болуы да осы кез.

1212-1217жыллары Хорезм шах к империясын жояды, Гүр мемлекетін жойып, бүкіл Орта Азиямен Ауғаныстан, Иран, Пәкістанды басып алады. Хорезм империясы не бары 9 жыл өмір сүрген империя!

Ерзат Кәрібайдың жазбасы

Суреттер Ерзат Кәрібайдың парақшасынан алынды

Abai.kz

16 пікір