Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Анық-қанығы 1461 0 пікір 11 Қаңтар, 2024 сағат 13:46

Эквардорда не болып жатыр? Қазақстан азаматтары аман ба?

Эквардорда жергілікті қылмыс тобының лидерінің түрмеден қашып кетуі себебінен елде қақтығысыс пайда болып, ондаған адам қаза тапты. Қаза болғандар арасында полицейлер де бар. Бұл туралы Эквардор президенті Даниэль Нобоа мәлімдеді.

Елде дүрбелең орын алып, билік бүлікті әскер күшімен басуды қолға алды. Ел аумағында Төтенше жағдай жарияланды.

Елдің қарулы күштерінің қолбасшысы Хайме Вела бұйрықта көрсетілген әр террорлық топтың әскерилердің нысанында екендігін, сондай-ақ Эквадор астанасы Китода танкілер қойылғанын мәлімдеді. Нобоа өз бұйрығында бүлікке жауапты 21 топты көрсетіп, олардың көзін жоюды тапсырған.

Ал полиция қазіргі таңда тәртіпсіздікке қатысқан 20 шақты адамды ұстаған.

9 қаңтар күні бетперде жамылған бірнеше топ адам Гуаякиль қаласындағы «TC Televisión» телеарнасының кеңсесіне қарумен басып кіріп, бірнеше журналисті кепілге алған. Жағдай 15 минут бойы тікелей эфирде таратылып, кадрда тіптен атыс дауысы да естілген.

Артынша елдің арнайы қызметі телеарнаны қоршғауға алып, шабуылдаушыларды ұстаған. «Associated Press» агенттігінің жазуынша, олардан қарулар мен жарылғыш заттар тәркілеген.

Бұған дейін де аталмыш қарулы топ Гуаякиль қаласындағы полиция бөлімшелеріне, мектептер мен университеттерге шабуылдап, полицейлер мен түрме қызметкерлерін ұрып жатқан видеоларды да таратқан.

Артынша террорлық деп танылған «Los Choneros» бандиттік тобының лидері Адольфо Масияс Вильямар түрмеден қашып кеткен. Елдегі төтенше жағдайға байланысты ел президенті Нобоа коменданттық сағат енгізді.

Қазіргі уақытта Эквадорда Қазақстанның жеті азаматы консулдық есепте тұр. Олардың барлығы аман-есен. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі: «Эквадордағы тәртіпсіздіктен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлімдеді.

«Олардан басқа, бұл елге туристер ретінде келген үш адамнан тұратын отбасы бар. Консул әрқайсысына қоңырау шалып, қауіпсіздік шаралары туралы нұсқау берді және олармен үнемі байланыста болды. ҚР азаматтарының ешқайсысы зардап шеккен жоқ», - деді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Дариға Ержанқызы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2010
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2429
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1997
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1582