Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Ақмылтық 1681 8 пікір 11 Қаңтар, 2024 сағат 13:36

Қазақтың қалшылдап қалмағанынан қорқамын

Сурет: Әлеуметтік желіден алынды

Бірінші жазба:

Бұл материал баршаны қызықтырмайды. Ғылыми тұжырымдар әдетте көпке түсінікті бола бермейді. Егер бәрібір оқуға ниеттенсеңіз, Сізге айтар уәжім бар.

«АДАМ БЕЛГІЛІ БІР ПРОБЛЕМАНЫ ТОЛЫҚ ТҮСІНУІ ҮШІН, БІРІНШІДЕН, ОНЫҢ ҚҰБЫЛЫС ТУРАЛЫ КЕМ ДЕГЕНДЕ 60 % ТҮСІНІГІ, ЕКІНШІДЕН, ТҮСІНГІСІ КЕЛЕТІН ЗАУҚЫ БОЛУЫ КЕРЕК». Г.Тардтың осы тәмсілін үш рет қайталағаннан кейін, материалды оқи бастауыңызға болады.

Осы тақырыппен қазақ тілінің қазіргі күйі, дағдарысының себептері және не істеу керектігі жөнінде ойларымды жазып шығып едім, манифестке ұқсап кетті. Жазбамды ана тілінің тағдыры қызықтырады ау деген бірнеше басылымдар мен сайттарға жібердім. Жарияламады. Енді аталған материалда көтерілген кейбір ойларым мен идеяларымды қысқартып, посттар түйдегі форматында, оқырмандарға жолдап отырмын.

* * *

1961 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясының ХХІІ съезінде «адамдардың жаңа қауымдастығы – кеңес халқы» қалыптасқаны, келешекте «Кеңес адамдары бір тілде сөйлейтіні» жарияланған болатын. Қазақ тілінің «перспективасы жоқ» деп танылды. Ұлт зиялылары оны мойындады. Коммунистік билік филологтардың алдына тілдерді жою саясатын жүзеге асыру міндетін қойды. Қазақ филологтары бұл стратегияны іс жүзіне асыруға кірісті. Олардың зерттеулерінің қорытындылары бойынша төмендегі бағыттар жүзеге асырылды:
- сөздіктер орыс тілін үйренуді оңайлататын, қазақ тілін үйренуді қиындататын әдістемемен құрастырылатын болды;
- аббревиатуралар тек орыс тіліндегі нұсқадан алынатын болды;
- терминдерді аударуға рұқсат етілмеді;
- Ғылым Академиясында қазақ тілінің сөздік қорын жинауға тиым салынды;
- қазақ тілі мен әдебиеті мәселелерін жариялайтын ғылыми-әдістемелік журнал жабылатын болды;
- қазақ тілінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілмейтін болды;
- тілді мемлекеттік іс басқаруда, экономикалық айналыста, өндірісте қолдануға тосқауыл қойылды (таза қазақтар қоныстанған мал шаруашылықты аудандардың өзінде іс орыс тілінде жүргізілетін болды);
- тіл қолданыс стихиялы ағысқа жіберілді.

Осы бағыттарға сай, кеңес қазақ филологтары ана тілін қоғамнан ығыстырып тастауды діттеген ойлар мен идеяларға толы еңбектер жазды.

«Зерттеулерінің» мазмұны мен идеялық бағдарлары компартияның ТІЛДЕРДІ ЖОЮ САЯСАТЫ ҮШІН ҚҰПТАРЛЫҚ, АЛ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ПЕРСПЕКТИВАСЫ ҮШІН ЗАЛАЛДЫ болды. Оларда ана тілін дамытуға септігі тиетін, рационал дәні бар ештеңе болған жоқ, болуы мүмкін емес болатын. Олардың академиялық деңгейде шығарып жатқан көлемді еңбектері стратегиялық теріс бағыттар мен кеселді түйткілдерге түнып тұрды.

Иә, бұл тарих қазаққа не көрсетпеді? «Бірақ ол өтті де, кетті емес пе? Оны несіне қайталай береміз» дерсіз.

Бұл сұрақтың жауабы мынадай: тілді жою саясатының өткені рас. Алайда, қайталамасқа болмайтын фактор бар. Ел мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін, тіл мен мәдениетті дамытуға даңғыл жол ашылып, перспектива жарқырап көрініп тұрса да, КОМПАРТИЯНЫЫҢ ТІЛДЕРДІ ЖОЮ САЯСАТЫН СОЛ ҚАЛЫПЫНДА ЖАЛҒАСТЫРЫП ОТЫРҒАН КҮШТЕР табылып отыр. Олардың өзі филология деген ғылымның атын жамылып әрекет етіп отырғандар арасынан шығып отырса қайтерсің?

***

Екінші жазба:

Бұл материал баршаны қызықтырмайды. Ғылыми тұжырымдар әдетте көпке түсінікті бола бермейді. Егер бәрібір оқуға ниеттенсеңіз, Сізге айтар уәжім бар:

«АДАМ БЕЛГІЛІ БІР ПРОБЛЕМАНЫ ТОЛЫҚ ТҮСІНУІ ҮШІН, БІРІНШІДЕН, ОНЫҢ ҚҰБЫЛЫС ТУРАЛЫ КЕМ ДЕГЕНДЕ 60 % ТҮСІНІГІ, ЕКІНШІДЕН, ТҮСІНГІСІ КЕЛЕТІН ЗАУҚЫ БОЛУЫ КЕРЕК».

Г.Тардтың осы тәмсілін үш рет қайталағаннан кейін, материалды оқи бастауыңызға болады.

***

Осы тақырыппен жариялай бастаған посттар түйдегінің біріншісінде кеңес қазақ филологтарының ана тілін көктетпеуді көздеген «ғылыми-зерттеу» жұмыстарын жүргізгені туралы айтқан едім. Енді сол бағытты қазіргі қазақ филологтарының қалай жалғастырып отырғанына куә болыңыз.

Сонымен, 1991 жыл келді. Қазақ елі мемлекеттік тәуелсіздігін алды. Рухани дамудың барлық бағыттары бойынша жаңа серпілістерге жол ашылды. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды. Кеңес кезінде экономикалық айналыстан аулақтатылып, тұрмыс аясына қамалып қалған тілді мемлекеттік мәртебесіне сай қызметін атқаруға дайындау қажеттігі туды.

Алайда, қазақ тілін жою шараларына атсалысқан, оны айналыстан ығыстырып шығару амалдарын «зерттеген», тапқан, жүзеге асырып келген қазақ филологтары тәуелсіздік жарияланғаннан кейін де, бұрынғы, КЕСІРЛІ БАҒЫТТАРЫНАН ҚАЙТҚАН ЖОҚ. КЕҢЕСТІК ТІЛДЕРДІ ЖОЮ САЯСАТЫН АЙЫПТАМАДЫ, ОДАН БІРЖОЛА БАС ТАРТАТЫНДЫҚТАРЫН МӘЛІМДЕМЕДІ. Ана тілін жаңа жағдайға сай жетілдірумен – тілді индустриялы қоғамға кіріктіре дамытып, әмбебап қолдануға дайындау шараларымен айналыспады. Кеңес кезіндегідей, тілдің түпкілікті мүддесіне қайшы әрекеттерін жалғастыра берді. Ана тілін көктетпейтін ойлары мен идеяларын тықпалай отырып, тілді тығырықтан шығармау әдістерін жоғары шығармашылық деңгейде қолданып, лингвистикалық зерттеулерді жоғарыдан теріс бағыттап отырды.

БҰЛ КІНӘЛАУЛАР БҰЛТАРТПАС АЙҒАҚТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ. Айғақ жеткілікті. Олардың кейбіреулерін келтіре кетейін.

Қазақ филологиясын дүниежүзілік тенденциялардан аулақтатып, дрейфке бағыттап жіберген беделділердің басында академик Р.Сыздықова тұрды. Ол «көптеген халықтардың тарихында оның ӘДЕБИ ТIЛIНIҢ ҚАЛЫПТАСЫП ДАМУЫ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТIҢ, СОНЫҢ IШIНДЕ ПОЭЗИЯНЫҢ БАРЫ МЕН БАРЫСЫНА ТIКЕЛЕЙ ҚАТЫСТЫ болып келетiнiн бүгiнгi тiлтану теориясы мақұлдайды» деп, ЛИНГВИСТИКАДАҒЫ НЕГІЗҚАЛАУШЫ ҰҒЫМДЫ ТЕРІС ТҮСІНДІРІП, ғылымилықтан мүлдем жырақ кетті (дамыған елдердегі тiлтану теориясы бойынша, әдеби тiл мен көркем әдебиет тілі бір ұғымды білдірмейді, бөлек категориялар ретінде қарастырылады). Артынан академик ханым «ЕВРОПА МЕН ОРЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ ТАНЫҒАНДЫ, БIЗДIҢ ДЕ СОЛАЙ ТАНУЫМЫЗ ШАРТ ЕМЕС» («Қазақ әдеби тілінің тарихы». XV-XIX ғ.ғ. А.: 1993. 10, 11-бб.) деген теріс түсіндіруімен, зерттеушілердің өзінен кейінгі толқынын алдыңғы қатарлы, дамыған лингвистикаларда орныққан қағидалардан жырақтатып, демагогия мен паранаукаға қарай лағытып жіберді. Мұнысымен филологияда түрлі антиғылыми бағыттардың мығым орнығуына жол ашып берді.

Қанағат Жүкешев

Abai.kz

8 пікір