Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3771 0 пікір 25 Қыркүйек, 2013 сағат 05:05

Ақтау: әлеуметтік еңбек дауларының алдын қалай алуға болады?

 25 тамыз күні Ақтау қаласында әлеуметтік шиеленістің алдын алу және   әлеуметтік-еңбек дауларын шешу бойынша тәжірибе алмасу жөніндегі  өңірлік семинар өз жұмысын бастады. Тренингке 100-ге жуық адам  мемлекеттік органдар,  кәсіпорын басшылары, кәсіподақтар мен облыстағы қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 25 тамыз күні Ақтау қаласында әлеуметтік шиеленістің алдын алу және   әлеуметтік-еңбек дауларын шешу бойынша тәжірибе алмасу жөніндегі  өңірлік семинар өз жұмысын бастады. Тренингке 100-ге жуық адам  мемлекеттік органдар,  кәсіпорын басшылары, кәсіподақтар мен облыстағы қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының өкілдері қатысты деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Семинарды ашқан облыс әкімі Алик Айдарбаев еңбек заңнамасына сәйкес жұмысшыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндірудің маңыздылығын, жұмыс берушілердің, мемлекеттік органдар мен кәсіподақтар қозғалысының жақын серіктестігінің қажеттілігін атап өтті.
- Маңғыстау облысының  кәсіпорындарындағы еңбек қатынастарының қашанда оңай болмағандығын еліміздің және аймақтың ірі  кәсіпорындарында  жұмыс істеген адам ретінде айта аламын. Мысалы, ағымдағы жылдың басынан бастап облысымызда жұмысшылардың еңбекақыны көтеру, еңбек және әлеуметтік пакет жағдайын жақсарту туралы талаптары қойылған алты еңбек дауы орын алды. Даулы мәселелерді шешу үшін барған жерлерде біз құқықты мойындамаушылық, компанияларға жұмысшылар жалдау  мен бизнес-жобаларды іріктеуде ашықтықтың болмағанын, компания басшыларының нақты іс барысы және жұмысшылар мүдделерімен хабардар болмауы тәрізді жәйттерге тап болдық. Осыған байланысты сіздерді жұмысшыларды жұмысқа қабылдау және кадрлық саясатты мейлінше жария жүргізуге шақырамын. Жұмысшыларға өз еңбекақыларының қалай және неден жинақталатынын түсіндіру керек, - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.
Сондай-ақ Алик Айдарбаев кәсіпорындар мен мемлекеттік органдар басшыларына «өндірістегі жұмыс жағдайы туралы тікелей ақпарат алу үшін ұжыммен бетпе-бет» кездесулерді тұрақты түрде өткізу жөнінде ұсыныс жасады.
Әлеуметтік шиеленістің алдын алу және әлеуметтік-еңбек дауларын шешу жөнінде әлеуметтік әріптестік орталығының бас директоры Нұрлан Ерімбетов,  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Кенжебек Санабаев, ҚР кәсіподақтар  Федерациясы төрағасының орынбасары Қайрат Амандықов, Маңғыстау облысының кәсіптік одақтар ұйымы Кеңесінің төрағасы Әбдікәрім Ахатов,  «Сенім «Әлеуметтік әріптестік және медиация орталығы» жеке мекемесінің басшысы Гүлсима Бержанова өз тәжірибелерімен бөлісіп,  ұсыныстарын айтты.

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 773
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 584
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 480
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 493