Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Арылу 2674 15 пікір 5 Қаңтар, 2024 сағат 13:50

Қош бол, Ресей арналары...

Жаңа жылдан бастап «OTAV.TV» операторы желілік хабар тарту тізімінен ресейлік телеарналарды алып тастады.

Компания басшылығының түсіндірмесінде мұндай қадам жасауға ақпараттық арналардан гөрі көп қаралым жинайтын ойын сауықтық бағдармаларды негіз еткен арналарды көбейту шешімі себеп болған.

Қысқартылған ресейлік телеарналардың қатарында «Первый канал СНГ», «Поехали», «Время: далекое и близкое», «Дом кино», «Телекафе», «Дом кино Premium», «Музыка Первого», «Победа», «Карусель, «Бобер, «О!» қатарлылар бар. Керісінше өткен жылы Қазақстандық 19 телеарна желілік оператор тізіміне қосылған.

Путинның аталмыш «арнаулы оператциясынан» кейін Еуропа мен Америкада Ресей ақпарат құралдарына шектеу көбейген. Біздегі жаңалық саяси ұстанымнан тумаса да, терістік көршіміздегі хайпшыл брогерлерінің әңгіме арқауына айналары анық.

Abai.kz

15 пікір