Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Әне, көрдің бе? 1840 7 пікір 5 Желтоқсан, 2023 сағат 13:36

«Император Путин» билікті бергісі келмей қалды...

«Кремльдің ішкі саяси блогында жанжал басталды», - дейді DALA INSIDE арнасының Ресей қауіпсіздік кеңесіне жақын дереккөзі.

«Царьград» медиажүйесінің қожайыны Константин Малофеев Орыс халық соборын ұйымдастырып, сол жерге Путинді шақырып, оны орыс императоры атамақ болған. Яғни Путин өзін император деп танып, 2024 жылы сайлауға түсудің орнына референдум өткізіп жіберуі тиіс.

Ал саясаттанушы Дугин болса осы шараның анонсы мен тіпті, Путиннің онда сөйлейтін сөзін жариялап жіберген. Бұл президент аппаратымен келісілмегендіктен, Кремльде үлкен шу шықты.

Аппарат басшысының орынбасары Сергей Кириенко бұл идеяға мүлде қарсы болған. Ал ішкі саясатқа жауап беретін Яринға керісінше бастама ұнап отыр. Кремльдегі басым көпшілік мұны арандату деп санайды. Сондықтан Малофеев пен Дугин таяқ жеуі мүмкін. Бірақ бәрі Путиннің көзқарасына қатысты болады.

Кремль қожайыны әлі өз позициясын білдірмеді. Путиннің 2024 жылы сайлауға түсуі Қауіпсіздік кеңесі басшысы Николай Патрушевтің жоспарында жоқ. Былтыр Патрушев Путинмен өзінің ұлы Дмитрий Патрушевке билікті өткізіп береді келіскен болатын. Сонда ғана қазіргі президентке айтарлықтай гарантия беріледі. Бірақ көршілес мемлекеттердегі транзиттердің немен аяқталғанын көрген Путин «билікті өткізу жоспарына» салқын қарай бастады дейді, инсайдерлер.

2024 - Ресейдегі саяси толқындар жылы болатыны анық.

Abai.kz

7 пікір