Жұма, 10 Мамыр 2024
Ақмылтық 1852 1 пікір 21 Қараша, 2023 сағат 15:39

Тоқаевтың екі сапары һәм Пашинянның демаршы...

Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 23-ші қарашада ҰҚШҰ басшыларының жиналысына қатысу үшін Беларус астанасы Минскіге барады.

Ал 24-ші қараша күні Біріккен ұлттар ұйымының Орта Азияға арналған жобасының Бакудегі самитіне қатысады.

Беларус тарабының мәліметінше, 22-ші қараша күні Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер, Қорғаныс, Қауіпсіздік кеңесі басшыларың басқосуы өтеді.

Оған Қазақстаннан СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, Қауіпсіздік кеңесі хатшысы Ғизат Нұрдаулетов қатыспақ.

Ұйым хатшысы Иманғали Тасмағанбетовтың айтуынша, әскери ұйым 2022 жылдан бергі жоспарлаған 34 іс-шараның 32-сін сәтті жүзеге асырған.

Беларус президенті Александр Лукашенко да бұл реткі басқосудан үлкен үміт күтіп отырғанын айтқан.

Біріккен ұлттар ұйымының арнаулы экономикалық жобасының 25-жылдығына орай, биыл Женевада Орталық Азия елдерімен әріптестік орнатылған еді. Орта Азия елдерінің экспорт әлеуетін көтеруді мақсат еткен аталмыш халықаралық жобаға Қазақстан тарабы 24-ші көкекте қосылған.

Ресей басылымдары Бакуге де, Минскке де Армения басшысы Пашиниянның бармайтынын жарыса жазып жатыр.

Екі елдің арасында соғыс оты тұтанғанда жеңілген Армения басшысы ҰҚШҰ-дан еш қайыр болмағанын алға тартып, ресми түрде шығатынын мәлімдеген еді.

Аbai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1909
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2000
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1674
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1513