Сенбі, 27 Сәуір 2024
Ақмылтық 2063 7 пікір 16 Қараша, 2023 сағат 13:09

Қазақстан резервтегілер армиясын құрмақшы

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Дәл қазір Қазақстан парламентінде, парламентінің төменгі палатасы (Мәжілісте) елімізде әскери қызметтің жаңа түрі – резервті құруға қатысты «Еріктілер армиясын құру туралы Заң» жобасы қаралып жатыр.

Қазақстан өз қауіпсіздігіне алаңдап, іші ісімізге қол сұққан Мәскеу мен Бейжіннің бірінен кейін бірі: «Біз Қазақстан тұтастығына кепілдік береміз», - деген мәлімделеріндегі жағдаяттарды ескере отырып, «Еріктілер армиясын құру туралы Заң» жобасын қарап жатқандағын отандық БАҚ хабарлады.

Аталған Заң жобасын парламент 15 қарашада талқылады. Онда еріктілерден тұратын жеке резервтік армия құру сөз етіледі. Қарастырылатын құжатқа сәйкес, доғарыстағылар (запастағылар) түрлі әскери бөлімдерде әскери дайындықтан өтіп, егер елге әскери қауіп төнген жағдайда алдарына қойылған жауынгерлік тапсырмаларды орындауға тез арада жұмылдырылуға қол жеткізіледі. Әскерилерді жедел ұрыс қимылдарына тарту жылдам жүзеге асырылады. Өйткені, стандарттылыққа негізделген ұрыс қимылдарына жұмылдыру іс-шарасы тым ұзақты алатыны белгілі. Ал, күтпеген жерден қос көршіміз тарапынан әскери агрессия бола қалған жағдайда әскерлердің шұғыл әрекет етуі қауіптің алдын алу үшін өте маңызды.

ҚР Парламенті депутаты Ермұрат Бапи Заң жобасына қатысты: «Әскери қауіп төнген жағдайда жұмылдыру (бұл военкоматтар арқылы әскерге шақыру, жаңа бөлімшелерді жасақтау, әскерге шақырылғандарды оқыту) өте ұзақ процесс. Ал резервтегілер болса, армия бригадаларды қосымша жасақтауға жылдам мүмкіндік алады», - деп түсіндірді.

Бір айта кетерлігі әйелдер қауымы да резервке алынады, бірақ олар ұрыс қимылдарына тікелей қатысы жоқ тылдағы шектеулі функцияларды атқаруға жұмылдырылады. Егер осы Заң қабылданса, онда Қазақстанда 2025 жылы төл резервтегілер армияға иелік ететін боламыз. Бұл ауқымды істің бірінші кезеңде 2 мыңға жуық адамды тарту жоспарланып отыр.

Ресей армиясының Украинаға жаппай басып кіруіне байланысты Қазақстан өз қауіпсіздігіне алаңдайтыныны еш жаңалық емес. Путиндік Билік пен ресейлік үгіт-насихат, атап айтқанда, еліміздің солтүстік жерлеріне қатысты да жоспарлары бар екенін жасырмайды. Мәскеу де «украин» сценарийі бойынша қазақтарға өшпенділік тудырып, Қазақстандағы «русофобия» және «орыс тілділердің құқықтарын бұзу» туралы түрлі мәлімдемелер жасаудан тынбай келеді. Бұл Заң соның алдын алу деп айтпақпыз.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

7 пікір