Жұма, 3 Мамыр 2024
Дін мен тін 1607 46 пікір 15 Қараша, 2023 сағат 14:30

Дәстүр мен дін қазақ арасында біте қайнасқан...

Әр елде дін белгілі бір өзіндік ұлттық ерекшелікке иелік етеді. Біздің Алаш жұрты ертеден бастап өркениеттердің тоғысқан жері болып табылады десем артық айтқаным емес. Отандық археолог ғалымдарымыздың жүргізген қазба жұмыстарына зер салар болсақ. Қазіргі біз тұрып жатқан аймақтардан буддизм, зороастризм және ерте христиандықтың бір бұтағы болып саналатын несториан діндерінің бабаларымыз арасында тарағандығына көз жеткіземіз. Жалпы ежелгі ата-бабаларымыз Тәңір мен Ұмайға табынып, өмірлік күшті Құт деп танып, өз аталарының аруағына зиярт етіп келгендігін аңғарамыз. Қазақтардың исламға дейінгі наным-сенімдерін кей жағдайда ислам діні де мойындағанын білеміз.

Исламдағы ең толерантты мектеп ханафит мазхабы ғана қазақ арасына тұрақтады. Біздегі сияқты ислам Түркияға, Африкаға, Балқанға ұлттық ерекшелікті, жер жағдайы мен өмір сүру қалыбын ескере отырып тарады. Сонымен ислам қай жерде тарамасын ол жергілікті ұлттық ерекшелікке иелік етіп, сол ұлттың этникалық бір құрамдас бөлігі мен азаматтық бірегейлігіне айналды.

Жалпы ислам мен дәстүр бір-бірін жоққа шығармайды. Отандық дінтанушы Елнар Берікбаев осы орайда: «Дін мен ұлттық мәдениет бір-бірімен қабысып кетуі шартты емес, ұлттық дәстүр діни догматтарды мансұқтамауы керек. Ал, діни догматтар ұлттық дәстүрге кереғар болмауға тиіс. Қазақ жеріндегі қалыптасқан исламның ең басты ерекшелігі жергілікті дәстүр және мәдениетпен қабысып кеткендігінде», - деген сөзіне өз басым қосылам.

Бізге керегі, әрине жаңа өсіп келе жатқан жастарымызға керегі діни фанатизм емес, керісінше бір Аллаға деген нық сенім. Дала төсінде ұлтымыз қабылған исламның өзіндік ерекшелігі діни фанатизмге бой алдыруынан танылады. Осы діни фанатизмнен қазақи ортадағы адалық дәл қазір 18 конфессияның мамыражай тіршілік кешуінен-ақ таныуымызға болады. Конфессия және ұлтаралық татулықты сақтауда дін иелері де, билік те көп жұмыстар істеді десек, бұл айтқанымыздың бәрі ақиқаттан алыс кеткендік емес дер едім. Дәстүр мен дін қазақ арасында біте қайнасқан. Оған дәлел еліміздегі мұсылман дінін ұстанатын қазақтардың басым көпшілігі хиджабқа қатысты өз қарсылығын білдіріп жатқаны нақты дәлел болады.

Хиджаб – Қазақстанда дәстүрлі киім емес. Соңғы бірнеше жылдың ішінде қазақ қыздары мен әйелдері осы киімді кию керек пе деген сауал орыс және қазақ тілді БАҚ басты тақырыптарының біріне айналды. Оған дін иелері де, дінтанушы ғалымдар да бірауыздан хиджаб ешқашан қазақ әйелдерінің дәстүрлі киімі болған емес деген жауап берді. Исламдағы төрт мазхабта әйелдер қауымының әсіресе, тұрмыс құрғандарының белгілі бір дене бөлігін сырт көзден тасалау үшін жауып жүруі сөз болады. Қазақта бұл «хиджаб» емес, «кимешек» деп аталады. КСРО дәуірінде «кимешек» кию дәстүрімізден айырылып қалдық. Оны тек қазір белгілі бір мәдени іс-шараларда әжелер ғана киетін әдет қалыптасты.

КСРО тұмшалаған темір шымылдық келмеске кеткен соң, дінге ден қойған бауырларымыз Араб елдерінде оқып, діни білім ала бастады. Және олар өздерімен бірге сол елдің діни ұстанымдарын әкеп, жүрген тұрған жерлеріне тарата бастағанда қазақ қоғамы біраз тосырқап қалғаны жасырын емес. Кейбір қызыл белсенділер 1990 жылдардың ортасында қыздар таққан орамалмен күресіп, кейбір жерлерде орамал таққан қыздарды мектепке кіргізбеу орын алғаны да жасырын емес. Тарихи діни киім мен әдеттегі киім арасындағы айырмаға қатысты қазақ тарихшылары мен мәдениеттанушылары өз ойлары мен пікірлерімен бөліскен тамаша мақалалар жарияланып жұрттың көңілі орнына түсті.

Қазақ және орыс тілдерінде «ислам және киім» тақырыбына телехабарлар түсірліп, елімізге белгілі дін және зиялы қауым өкілдері өз пікірлерін ортаға салып, өз ойларымен бөлісті. Араб елдерінен бізге жетіп жақтан ақпараттар көбіне шындық емес, кейбірде жалғандықтың желі естіп, жастарды соңына ертіп желіктіретіні жасырын да емес. Исламның тарауын дін тарихында бейбіт жолмен және соғыспен таралғанынан бек жақсы білеміз. Қазақ тарихында ислам бейбіт жолмен тарады және аруақты кұрмет тұтатын наным-сенімімізбен, жетісін беру, қырқын беру һәм жылдық асын беру сынды дәстүрімізбен бітеқайнасып кетті.  Бабаларымыз әлем мұсылмандарының 80% ұстанатын ханафизм жөн деп танып, мәңгіге ислам дінін қабылдады. Еліміз егемендік алғанда атеистік қоғамда туып өскен кейбір қандастарымыз өз қағынан жеріп, өзге діни ағымдардың соңына кетіп, басқа дінді қабылдай бастады.

Дәстүрлі емес діндер қазақ жерін басты. Тіпті «2020 жылы Қазақстан 80% христиан еліне айналады» деген пікірлер ел арасына жайылып, жұрттың санасын дүр сілкіндіргені де жасырып жабатын факті емес. Біздің көз алдымызда өткен тарихымыз. Қазақтың қайнаған ортасындағы елді мекендердің бәріндегі қазақ отбасыларына Тәурәт таратылған кездерді де жақсы білеміз. Көшеде алдыңды кескестеген христиандық діни ағым иелері де қолымызға кітаптарын тықпалаған өтпелі кезеңді дінімізге дақ түсірмей бастан кештік. Дәстүрлі ислам қазақпен қайта қауышып, марқұмдарға арнап жайылған дастарханымыздан арақ аластатылды. Ораза мен намаз зиялы қауым мен жастарымыздың басым көпшілігінің өмір салтына айналды.

Бірақ атеистік тәрбиеден ұлттық арылуы ата-баба дінімен табысуы жеңіл өткен жоқ. Біреулер – Тәңіршілер атанса, енді біреулер атап айтсақ, «Парасат майданы» бағдарламасының жүргізушісі Дархан Әбідік «Мен атеистпін» деп жарсалушылық орын алды. Кейбір өнерпаздарымыз арабтың діни дәстүрінен жұбаныш іздеді. Бірақ ұлтымыздың басым көпшілігі дәстүрлі қазақ исламына адал болып қала берді. Бұл біздің кеңестік дінсіздену дәуірін артқа тастаған өтпелі кезеңдегі шынайы тарихымыз. Бұл турасында тек тарихшылар ғана емес, дінтанушыларда тереңірек зерттеп жазатын болады. Менікі өз көзімен көрген сол тарихи дәуірдегі оқиғаларды қалам ұшына іліктіріп, жамағатты бастан кешкен дәуірімізбен таныс ету. Сондықтан дін тарихын ұлттан еш бөлуге болайды. Қазақ бар жерде тарих бар. Тарих бар жерде дін бар. Бұл екеуі дәстүр сияқты бірін-бірі жоққа шығармайды. Қазақтың аруаққа сенуі ұрпақ жалғастығы ол шежіремізде де көрініс тапқан.

Патшалық Ресей қазақтың кейбір ішкі ісіне араласпай, шариғат жолымен билік жүргізуіне мүмкіндік бергенін тарихтан жақсы білеміз. Ал, КСРО кезінде жастарымызға діни жолмен неке қиюға, қажылыққа баруға тыйым салынды десе де болады. Дінге сенушілерге мешіт салғызбаған фактілер орын алғандығы қазіргі дінмен бесікте тербеліп өскен ұрпаққа бір түрлі көрінуі де мүмкін. Иә, дәл қазір Қазақстан зайырлы мемлекет болып табылады. Иран мен кейбір араб елдері сияқты теократтық мемлекет емеспіз. Өйткені, Тәуелсіз еліміз діни шарттарды емес, Заңның үстемдік құруын мойындайды. Мемлекет пен дін бір-бірінен бөлінген.

Алысқа бармай көрші өзбектің ру таратпайтын бөлігі, біз сияқты руға бөлінетін түркімендер де, тіпті нағыз арабтардың өздері де ағайынды адамдардың балаларының бір-бірмен үйленуіне қарсылық жасамайды. Қазақтар діни наным-сенімдерімен қарама-қайшы келмейтін төл дәстүрін көзінің қарашығындай сақтап, жеті атаға дейін қыз алмау дәстүрін сақтап қалды.

Бүгінгі таңда ислам тарихынан хабары жоқ жандар «Қазақстандағы ислам қате», ең таза ислам араб елдерінде деген пікірдің шырмауына ілініп қалатыны өкінішті.  Шынмен солай ма? Жоқ олай емес деп дінтанушыларымыз бұндай пікірді ұстанушылардың талайын өз райынан қайтарды. Мұсылмандықты қабылдау қазақтың мемлекеттік құрылысына әлдебір түбегейлі өзгеріс әкелген жоқ. Дін иелері мемлекетті басқаруға сұлтандарымызбен бірге атсалысқан жоқ, тіпті сот жүргізуге де қатыстырылмады. Шәкәрім қажының «Қалқаман-Мамыр» поэмасындағы жақын қарындасына үйлеген Қалқаманның жазаға кесілуі мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолындағы» келіні Қамқаға үйленген Қодарға кесілген жазадан-ақ, қазақтың исламға дейінгі сот ісін қалай жүргізгеніне куә бола аламыз.

Түркі халықтары ішінде мұсылман саналатын әзербайжандар мен түріктер жылқы етін жемейді. Қазақтар күні бүгінге дейін жылқы етін жеп, қымызын ішіп келеді. Бұдан біздің аңғаратынымыз исламды қабылдаудың ұлттық асханамызға еш әсерін етпеуі. Қазақтар исламды қабылдағанда оны өзіндік салт-дәстүріне айналдыра білді. Діннің бойында ұлттық біргейлік болуға тиіс.

Менің бұған дейін айтқандарымынан қортындылар ой түйінім. Қазақ пен Араб мәдениеті арасындағы ерекшелік деп тым алысқа бармай-ақ, Қазақ пен өзге Түркі халықтары мәдениеті арасында көптеген айырмашылықтар бар. Осы айырмашылықтар біздің ұлттық бірегейлігіміз болып табылады. Сол себепті, түріктерде мынандай екен, арабтарда анандай екен деп радикалды діни ағымдардың жетегінде кетпей, барымызды базарлағанымыз жөн. Қазақтар Мұхаммед пайғамбарды Алланың елшісі деп мойындап, хадистеріне ден қойды. Міне, осы мойындау мен ден қою кезінде ата-бабаларымыз өз дәстүрі мен салтынан бас тартқан жоқ. Сол себепті еліміздегі исламды қате ұстану деп тарихтың қойнауына бойламай, сырттай тон піше салушылықтан кімде болса бойын аулақ салғаны жөн дер едім.

Ислам дінін Орталық Азия халықтары, оның ішінде қазақ арасына таратушы сейіттердің данышпандық шешімі арқасында ұлтымыздың дәстүрі мен салты мұсылмандықпен берік қабысып, күнделікті өмірімзге дендеп енді. Оны кеңестік дінге тыйым салушылық та жойып жібере алмады. Құл Қожа Ахмет Яссауи ілімі өз тамырын жайып, Қасиетті Түркістан барша еліміздегі мұсылмандардың зиярат етер орнына айналды.

1 миллиард 500 миллион мұслманның 85-90% сүнниттер болып табылады. Ресей, Бай Өлке, Шыңжандағы қазақтар да исламнан жерімен онымен қайыра қауышті. Зерттеушілердің бәрі де ислам мен дәстүр берік сабақтастықта болып келіп, бірін-бірі толықтырады деп орынды түйіндеулер жасайды. 1990-шы жылдары Орталық Азияның посткеңестік елдерінде Ханифа мазхабы өмір салтымызға енді. 1990 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан мұсылмандарының бірінші құрылтайы өтіп, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ) құрылып, елімізде ислам діні салтанат құрды.

Арнайы Abai.kz үшін:

Әріпжан Қожанұлы, имам

Abai.kz

46 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 724
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 545
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 452
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 466