Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Қайнайды қаның... 2251 17 пікір 28 Қазан, 2023 сағат 13:55

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында апат: Халық тағы да аза тұтып жатыр

Қазақстанды қара қайғы тағы да ұйқысысынан жұлқып оятты. Бүгін таңертең ішінде 252 адам болған Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандардың саны 32-uе жетті, жоғалғандар саны 14 адам.

Сағат 11:00-ге дейін Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы ауруханаға 18 адам жеткізілген.

Мемлекет басшысы Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтып, Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Сонымен қатар, Президент Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырды.

Костенко атындағы шахтада от тұтану фактісі бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу»).

Болжам бойынша, лавада газ мета жарылған.

Қазақстан бұған дейін 12 рет Ұлттық Аза тұту күнін жариялаған. Оның екеуі Қарағанды облысындағы шахтада болған жарылыс пен өрттің кесірінен болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылы Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы «Ленин» атындағы шахтада метанның жарылуынан 41 кенші қаза тауып, жеті жұмысшы зардап шеккен.

2008 жылы Қарағанды облысының «Абай» шахтасында тағы да метан жарылып, 30 адам опат болған.

Құдай бетін әрі қылсын, бұл – үшіншісі. Өткен жылы ғана Теміртаудағы «АрселорМиттал» компаниясында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны туралы 2 мыңнан астам факт анықталған. Уа, сонда Лакшми Миттал үшін адамның құны көк тиын ба? Егер сол кездегі олқылықтың орнын толтырса, бүгін бұлай зар еңіреп отырар ма едік? Осындай қара қырғын төртінші рет тимесіне кім кепіл?!

Жаназа шығаруда алдына жан салмайтын Үкімет, барсың ба өзі? 2 мыңнан астам факт көре тұра жұмысын жалғастыруға рұқсат берген Қарағанды әкімдігі, шел басқан көзіңді өлім ғана тырнап ашатыны несі? Жауапты органдар білсін, Үкімет Лакшмиді лақша бақыртпаса, халықтың өзі шырылдатады.

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1689
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1645
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1376
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1309