Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Асқанға - тосқан 2485 7 пікір 23 Қазан, 2023 сағат 13:55

Бекетаев қашып, құтылмады. Экс-министр не үшін тұтқындалды?

Сурет: Ratel.kz

«Жаңа Қазақстан» қазан айының 21-і күні «Ескі Қазақстанның» аты әйдік өкілі Марат Бекетаевты тұтқындады. Ол 2016 жылдан бастап 2022 жылға дейін Әділет министрлігін басқарған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-министрді тұтқындау себебін «лауазым өкілетін асыра пайдалануы», «талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдап, мемлекетке үлкен зиян келтірген» болуы мүмкін деген күдікке ілінгенімен түсіндірді.

Естеріңізде болса, Марат Бекетаев «Қаңтар оқиғасынан» кейін қызметінен шеттетілген, кейін ол премьер-министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалған.

Бекетаев «Қаңтар оқиғасы» бойынша кінәлі деп танылып, қазір жазасын өтеп жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке жақын болып саналады. Ол Қасым-Жомарт Тоқаев президент болғаннан бастап, оған қарсы екенін бірнеше рет ашық көрсеткен.

Бұрынғы министрдің мемлекеттік тілді меңгермегені үшін қоғамның сынына қалып, «қазақ тілін үйренуге» уәде бергені де көпшілікке мәлім. Алайда, экс-министріміз уәдесін орындамаған болатын.

«Бекетаев 21 қазанда әуежайда тұтқындалған. Ол әуелі Ыстамбұлға ұшып, одан ары Лондонға табан тіремек болған», - дейді БАҚ.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1634
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1558
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1298
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1255