Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Айқай 2526 16 пікір 20 Қазан, 2023 сағат 14:47

Израиль мен ХАМАС: Қазақстанның позициясы қандай?

Қазанның жетісінен бері әлем жұртшылығының назары Украинадан Орта шығысқа ауды.

Еврейлер мен Палестина жұртының бастан кешіп жатқан қанды кешірмесі ешкімді де бейжай қалдырмауда. Десе де қарапайым қауымның екі жақ болып айтысып-тартысып, бас жарып, көз шығарғаны ештеңе шешпейтіні белгілі. Әлемнің тыныштығы геосаяси ірі ойыншылардың жымысқы жүрісіне байланысты болмақ. Орта шығыстағы кезекті қанды қақтығыстың беталысын да солар шешпек.

Израиль мен Хамас соғысынан кейін «Жалғыз Украинамен емес, күллі Батыспен соғысып отырмыз» деуден танбай келе жатқан Орыс билігі БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді талап етіп, өзінің бейбітшілік келісімін ұсынды.

«Хамасты тікелей айыптамады» деген АҚШ тарабының қарсылығымен ол ұсыныстары қабылданбай қалды. Ресейдің Украинаға басып кіргенінің бір жылдығы қарсаңында Қытайдың да екі тарапты бейбіт келсімге шақырған құжат дайындағыны белгілі. Екеуі де Хамастың әрекетін ресми түрде айыптамады.

Орта шығыстағы кезекті соғыстың тағдыры БҰҰ деңгейінде шешім таппайтыны мәлім болды. Ақ үй басшысы Израильге, Кремль қожайыны Қытайға барып қайтты.

Бейжіңде Қытай басшысымен үш сағат жеке кездесіп, экономикалық қомақты келісімдерге қол жеткізіп, шығыс көршімізден көңілі тоқ оралған Путин мырза келе сала, Ресейдің дыбыстан жылдам ұшатын зымырандар тиеген екі жойғыш ұшағының қара теңізде ұшып жұргенін, оның шабуыл аумағына Жер орта теңізіндегі Американың теңіз флоты да кіретінін айтып, «бұл құқай емес» деп нақтылады. Египет үкімет басшысымен кездескен Қытай басшысы да екі тарапты соғысты тоқтатуға үндеді.

Тел-Авивте сөз сөйлеген Байден мырза Хамастың шабуылын «11-қыркүйек оқиғасына» ұқсатты. «АҚШ-қа қарағанда Израильдің кіші екенін ескергенде аталмыш оқиғадан 20-30 есе ауыр», - деді. Оның артынан келген Англия уәзірі Сунакта Израильдің өзін қорғауға, жауларын қуып жүріп жоюға құқылы екенін жеткізді.

Еліне оралған Ақ үй басшысы күллі Америкалықтарға жолдау жолдап: «Американың әлемдегі демократия мұнарасы» екенін тағы да қайталап, Украина мен Израильға әскери көмекті аямайтынын жеткізді. Әрі ел тұрғындарына шетелге сапарды кейінге қалдыруға кеңес берді.

Израиль тарабы да Түркия, Египет, Маракко, Иордания қатарлы мұсылман елдерінен елшіліктерін бір жолата көшіріп әкетті. Израиль үкімет басшысы Нетаньяху Зеленскийге ұқсап, жасыл желет киіп, Газа қақпасында тұрған әскерилердің ортасына барды. Әлем жұртшылығының алдынғыдан да қиянкескі ұрысқа куә болатыны мәлім болды.

Қазақстан үкіметінің Хамастың шабуылын ресми түрде айыптағаны белгілі. Ресей Украинаға аталмыш «арнаулы операциясын» бастағанда қазақ қоғамының пікірі екіге жарылған еді. Бұл жолы да солай болды. Еврейлерді айыптап, мұсылмандарға тілеулестік білдіргендердің қатары көп болды. Ол заңды да.

Американың экс-президенті Трамп та Хамастықтарды «өте сұңғыла екен» деп риза болғандай кейіп танытқан. Артынан сын астына қалған соң, айыптауға мәжбүр болды.

Араб әлемінің өз ішінен де ұқсамаған пікірлер естіле бастады. Сауд арабиясының ақпараттық қауіпсіздік мекемесін 22 жыл басқарған, патша әулеті саналатын Түрки Фейсал ханзада да соңғы сұқбатында Израиль мен Батысты айыптаумен бірге, Хамастың да әрекеті, қанды шабуылы ислам дініне қайшы, шариғатқа қереғар екенін, асыл дінімізде күнәсіз адамдарды балаларды, әйелдерді, қарттарды өлтіруге қатаң тиым салынғанын атап өтті.

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1632
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1550
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1294
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1252