Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Деп жатыр 2408 5 пікір 18 Қазан, 2023 сағат 15:09

«Нығматулин «қаңтарды» ұйымдастырушылардың бірі»

ҰҚК бұрынғы төрағасы Шабдарбаев Мәжілістің экс-спикері Нығматулинді «қаңтардың дем берушілерінің бірі» деп санайды. Бұл туралы Шабдарбаев мырза «Elmedia-ға» берген сұхбатында мәлімдеген.

Ұлттық Қауіпсіздік  комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы Амангелді Шабдарбаев Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулинді «қаңтар оқиғасының» ұйымдастырушыларды бірі болған деп санайтынын айтқан.

«Мәжіліс спикері мен Кәрім Мәсімов Тоқаевқа келіп: «Міне, ұшақ дайын, ұшып кет» (мемлекет басшысына «қаңтар оқиғалары» барысында Қазақстанды тастап шық деген емеуірінді білдіреді) деп айтты. Бұны айтқан Кәрім емес, Нығматулин», - деді Шабдарбаев «Elmedia» жобасының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваға берген сұхбатында.

Журналист өз сауалын: «Егер Тоқаев ұшаққа отырып ұшып кететін болса, онда оның орнын кім басар еді?», - деп сұрайды.

«Еліміздің заңы бойынша Сенатор (қолданыстағы заң бойынша Сенат спикері мемлекеттің екінші тұлғасы, ал, Мәжіліс спикері үшінші тұлға саналады) – бірден оның орнын басады. Жас қой», - деді Шабдарбаев.

«Қаңтар оқиғасы» кезінде Сенатты Мәулен Әшімбаев басқарған-тын, ол кезде Нығматулин Мәжіліс спикері еді.

«Нығматулиннің Президент болуы өте ақылға сыйымды», - деп түйіндейді Ерғалиева.

Нығматулин Мәжіліс спикерлігінен 2022 жылдың 1 ақпанында кетті. Ол парламенттің төменгі палатасын 2016 жылдан бастап басқарды. Атап айтары, бұған дейін де 2012-2014 жылдар аралығында Мәжіліс спикері болған-тын. Ал, бұл оның екінші төрағалық етуі еді.

Кей жылдары ол Президент әкімшілігін басқарды. Қарағанды облысының әкімі де болды. Нығматулиннің жеке басымен рейдерлік басып алу, қылмыстық істерді қолдан жасау, өзіне ұнамаған тұлғаларды заңсыз соттау және басқада көптеген қылмыстар байланысты болып табылады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар