Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаһан жаңғырығы 3064 43 пікір 9 Қазан, 2023 сағат 12:04

Құдыстағы дүрбелең: Израиль Украинаның кебін кие ме?

Қасиетті Кітаптардың бәрінде аты құрметпен аталып, киелі жер саналатын Құдыста тағы да дүрбелең туындады.

Қарабақ және Орыс-Украин соғыстары адамзат баласының әскери өнеріне түбегейлі өзгеріс енгізді. Екеуі әлемдік жүксұрынға айналып оқушаланған және ал, соңғысы соның сәл-ақ алдында тұрған Ресей, Иран және Қытай барлауы мен АҚШ пен Ұжымдық Батысқа қатысты жүргізіп отырған сыртқы саясаты Таяу Шығыста жаңа соғыс өртін тұтандырды. 80-ші жылдары Израильдің Ливанға әскер кіргізіп, ондағы азамат соғысында христиандар жағында болғанын жақсы білеміз.

Міне, осы Ливан тарихындағы мұсылмандар үшін қаралы күндерді Үштік одақ сәтімен пайдалана білді. Ондағы Хазболланың қолтығына су бүркіп, бұрыннан Мәскеумен ым-жымы бір ХАМАС-ты оның одақтасына айналдыра білді. Әлем АҚШ одақтастары мен жаулары деген екі санатқа нақты бөлініп, оның алғашқы белгісі Таяу Шығыста көрініс тапты. Енді бұл соғысқа кедейшіліктен көз ашпаған Африкадағы қара мұсылман жұртшылығы қосылатын болса, Израиль АҚШ қанша жерден қолдаса да, екінші Украинаның кебін киеді.

Газа секторы Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан оңтүсік-батысында Мысырмен, солтүстік-шығысында Израильмен шектесетін ұзындығы – 40 шақырым, көлденеңі – 5.7-12.5 шақырым болатын 365 шаршы шақырымдық 2 млн құдыстық араб сүниттері мекендеген аумақ.

БҰҰ ұйғарымымен 1947 жылы Құдысты араб және еврей этникалық белгісі бойынша бөлген шақта өмірге келген аймақ. 1948-1967 жылдар аралығында Мысырдың қамқорлығында болса, 1967 жылы Израиль басып алып, кейін Израиль мен Құдысты Азат ету Ұйымы арасындағы 1993-1995 жылдар арлығында қол жеткізілген Осло келісімі бойынша, Газаның басым бөлігі ФАТХ (Құдыс әкімшілігіне) берілді. 2005 жылы Израиль өз бетімен, ешбір саяси келісімсіз Газа секторына өз әскерін енгізді. 2007 жылы бұл жердегі билікті ХАМАС (Harakat al-Muqawama al-Islamiya) өз қолына алды. Газа секторында ХАМАС әскери құрылымына қарсы 2006 жылы (маусым-қараша), 2008-2009 жылдары (желтоқсан-қаңтар), 2011 жылы (тамыз), 2012 жылы (әуелі наурыз, кейін қараша-желтоқсан), 2014 жылы (сәуір-тамыз), 2018 жылы (сәуір-шілде), 2021 жылы (мамыр) және ең соңғы рет биыл, яғни, 2023 жылы мамырда әскери қимылдар жасады.

Израильді жеке мемлекет етіп құру идеясын Қызыл Ресей жүзеге асырды. Әуелі Қырымда Еврей автономиясы өмірге келді. Бірақ, оның ғұмыры ұзақ болмай, кейін Сібірде Бирбиджан орталығы болып табылатын этникалық аумақ өмірге келді. Ресейдің өмірлік бақталастары АҚШ пен Ұлыбритания Осман империясы құрамында болған біртұтас Құдысты бөлшектеп, еврейлердің мәңгілік арманы жеке мемлекетін құруға мүмкіндік берген шақта, қызыл империяның жігері құм болды.

Еврейлердің тілі де мүлдем құрып кеткен еді. Бірақ жанкешті ұлт әр тілді, әр ділді этникалық еврейлердің басын ғана қосып қойған жоқ. Сонымен бірге арбатарға тиселі өңірлерді де жаулап ала бастады. Сондай өңірдің бірі 1948-1967 жылдар арлығында Иордания құрамында болған 2.6 млн құдыстық араб пен жарты миллион евреи тұратын Иордан өзенінің Батыс жағалауы (Самария мен Иудея) болып табылады.  Израиль мен Құдысты Азат ету Ұйымы арасындағы 1993-1995 жылдар арлығында қол жеткізілген Осло келісімі бойынша ФАТХ билігіне басқару орталығы Рамалла қаласы беріліп, Израиль олармен бірлесе билік жүргізіп келді.

Бірақ ФАТХ-ты биіліктен ХАМАС айырған соң, Ослода қол жеткізген келісімнің құны беш тиын болып қалды. Бұны әуелі Иран өз пайдасына жаратып, барша лаңкестік ұйымдарды қолдауды өз мойына алды. Енді ҚХР мен РФ Иранның қолындағы осы көзірін сәтімен пайдаланып, оның жақтасына айналып шыға келді.

Иран 1987 жылы Газа секторында өмірге келген мысырлық ислам қозғалысын (ХАМАС Jamiyat al-Ikhwan al-Muslimin) бірден қолдап, оның Ливанда әскери-саяси инфрақұрылымы бар иордандық бөлімшесінің құрылуына мұрындық болдық. 2017-2018 жылдардан бастап, Иранмен тығыз байланыс орнатып, қаржылай көмек алып келеді.

Иранның да, ХАМАС-тың да алға қойған мақсаттары Израильді мемлекет ретінде түбегейлі жою. Оның орына Ислам мемлекетін құру. Бұл бағытта Мухаммад Дейф, Ихья Синуар, Маруан Иса басшылығындағы 2021 жылы құрамында 40 мың сарбазы болған Katayib al-shahid Izz ad-Din al-Qassam әскери қосыны мен Газа секторында беделге ие, Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы  Дженин қаласына ірге тепкен әрі Ливанда бөлімшелері бар 1981 жыл өмірге келген иранға іш тартатын Ислам джихады (Harakat al-Jihad al-Islami fi-Filastin) қолдарын ысқылап соғысқа ден қойды. Бұрын оларды тек Иран жалғыз өзі қаржыландырып келсе, енді РФ мен ҚХР көмек қолдарын соза бастады.

15 мыңға жуық жауынгері бар Saraya al-Quds-ты естен шығармауға тиіспіз. Бәрінен бұрын Иранның бел баласы саналатын 1982 жылы Израиль Ливанға әскер кіргізген шақта құрылған 1992 жылдан бері Хасан Насралла басқаратын осы елдегі 100 мыңнан аса қосыны бар шииттік бағыттағы әскери-саяси ұйым Хизбалланың орны бөлек.

Әлем әскери төңкеріс жағдайында діни соғысқа килікті арты қалай боларын ешкім білмейді. Тек демографиясы құлдыраған Батыс пен 14-29 жастағыларының бойындағы күш-қуаты тасыған Шығыс арасында жаңа жалынның шарпуы қалай боларын ешкім болжап білмейді.

Abai.kz

43 пікір