Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Дей салдым-ау 4472 10 пікір 2 Қазан, 2023 сағат 12:01

Ресей ыдырап, Қытай Тайуанды басып алады...

Сурет: Әлеуметтік желіден

Болашақтағы он жылға кімнің қиял құсын шарықтатып көз жібергісі келмейді? Әрине қиял құсын шарықтатып көз жіберу мүлдем оңай емес, егер сіз өз қиял құсыңызды үнемі алға ұмтылтып, осы бағыттағы адамдардың пікірлерін бір арнаға тоғыстыра жинасаңыз, онда қандай да бір жалпылама ұғым-түсінік өзінен өзі пайда болуы әбден ықтимал.

Сөз орайында айтпағымыз, Америкалық Atlantic Council сараптама орталығының 167 сарапшы 2033 жылға қарай әлем жұртшылығын не күтіп тұрғаны туралы түрлі пікірін жинастырып, болашақтағы он жылға қатысты өз қорытындыларын жасады. Олар өз зерттеулеріне арқаау еткен респонденттердің қатарында тек америкалықтар ғана емес, түрлі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ академиялық және тәуелсіз институттардың мамандары болды.

Олардың 46 % 2023 жылға қарай Ресей не күйреді, не бейшара мемлекетке айналады деп ойлайды. Бір қызығы, мұндай талайсыз тағдырдың басына түсуі мүмкін елдердің ішінде Ауғанстан екінші орында тұр. Оған қатысты берілген жауаптар Ресейге қарағанда екі есе көп. Жауап берушілердің 14%-ы Ресейдің алдағы онжылдықта ядролық қару қолданатынын және бұл ретте ішкі тұрақсыздық факторларының маңызды рөл атқаратынын алға тартады.

Ресейліктер ядролық қаруды қолданады деушілердің үштен бірі ғана бұл НАТО-мен арада соғыста ғана мүмкін болады деп есептейді. Бұдан бөлек респонденттердің 68%-ы 2023 жылға қарай Иранның ядролық қаруға ие болуы сөзсіз деп ойлайса, 41% жауап беруші Иранның аймақтық бәсекелесі Сауд Арабиясы деп санайды.

Басым көпшілік, яғни 58% пікір білдірушілер ядролық қару қолданылмайды десе, 31% жауап берушілер ядролық қару қолданылудың мүмкіндігі бұл ықтималдылықты жоғары деп ойлайды. Бірақ бәрі де Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет ядролық қаруды қолданатын ел ретінде Солтүстік Кореяны Ресейден кейін жиі ауызға алады.

Аталған сауалнамаға қатысушылардың 70%-ы Қытай 2033 жылға дейін Тайуанды күшпен басып алады дегенге шүбәсіз сенеді. Бір қызығы, мемлекеттік шенеуніктердің арасында Тайваньды күштеп аннексиялау мүмкіндігіне көзсіз сенетіндер 88%-ды, ал мүлдем сенбейтіндер 8%-ды құраған.

Осы санаттағылардың 60%-дан астамы Ресей мен НАТО арасында алдағы он жылда әскери қақтығыс болуы мүмкін дегенге еш сенбейді. Саулнамаға қатысушылардың 19% 2033 жылға дейін екі немесе одан да көп дағдарыс болады дегенге шынайы құлық қояды. Бұдан бөлек олардың 49 %-ы коронавирус сияқты пандемия болады дейді де, бірақ бұл шынын айтқанда, адамзат баласы үшін еш қорқынышты емес деген пікірлерін білдіреді.

Соңғы орыс патшасы Николай II.  «1916 жыл қарғыс атқан жыл болды, 1917 жыл жақсырақ болады!» – деп жазған еді өз күнделігінде сондықтан болашақ алдағы он жылдық сарапшылардың өз пікірлерін білдіруімен өлшенбейді.  Іс жүзінде оның қалай болатынын ешкім білмейді. Алдағы онжылдықты тек өмірдің өзі бізге сыйға тартады. Оның қандай сыйлық екенін алдын ала ешкім болжап біле алмайды.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2094
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2509
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2176
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1617