Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2972 0 пікір 4 Қыркүйек, 2009 сағат 09:05

Үш жасар баланы атқа сүйретіп өлтірген өгей әке 16 жылға сотталды

Естеріңізде болса, осы жылдың  ақпан айында Алматы облысының Кербұлақ ауданында әйеліммен ұрсыстым дегенді желеу қылып өзі бала ретінде асырап алған үш жасар жиенін  ат құйрығына байлап жіберіп, ажал құштырған жасы жиырма тоғыздағы М. Қайрат-тың (тұтас әулетті ұятқа қалдырмау  үшін соталушы мен оның келіншегінің аттарын ғана жазғанды жөн көрдік) сұмдық қылмысы туралы кезінде  бүкіл республикалық БАҚ жазған және көрсеткен болатын. Ел-жұрқа жаға ұстатқан қылмыстық оқиғаға негізгі себеб - араққа тойып алып, ақыл-естерінен ажырауға жақындаған ересектер арасындағы ерегес екені де сол жолы айтылған еді.Үшінші қыркүйек күні құрамында төрағалық етуші Т. Ғалиев, судьялар Н. Бейсенова және Е, Сейітов бар Алматы облыстық соты   қылмыстық істі қарап, үкім шығарды.

Естеріңізде болса, осы жылдың  ақпан айында Алматы облысының Кербұлақ ауданында әйеліммен ұрсыстым дегенді желеу қылып өзі бала ретінде асырап алған үш жасар жиенін  ат құйрығына байлап жіберіп, ажал құштырған жасы жиырма тоғыздағы М. Қайрат-тың (тұтас әулетті ұятқа қалдырмау  үшін соталушы мен оның келіншегінің аттарын ғана жазғанды жөн көрдік) сұмдық қылмысы туралы кезінде  бүкіл республикалық БАҚ жазған және көрсеткен болатын. Ел-жұрқа жаға ұстатқан қылмыстық оқиғаға негізгі себеб - араққа тойып алып, ақыл-естерінен ажырауға жақындаған ересектер арасындағы ерегес екені де сол жолы айтылған еді.Үшінші қыркүйек күні құрамында төрағалық етуші Т. Ғалиев, судьялар Н. Бейсенова және Е, Сейітов бар Алматы облыстық соты   қылмыстық істі қарап, үкім шығарды.

Енді, айтуға ауыз бармайтын қылмыстық оқиғаның жай-жапсарына қысқаша тоқталайық. 1980 жылы Ескелді ауданындағы Жаңалық ауылында туған соталушы М. Қайрат соңғы жылдары Кербұлақ ауданындағы Сарыбастау ауылдық аумағына қарасты Жыланды мал қыстауында азын-аулақ мал ұстайтын кәсіпкердің  жеке шаруа қожалығында малшы болып жүреді. Шалғайдағы қыстауда жалғыз емес, қасында өзімен азаматтық некеде тұрған 1982 жылғы Т. Ләззат пен қарындасы Жаннаның 2006 жылдың 30 сәуірінде дүниеге келген Қуандық атты ұлы бірге тұрады. Қарындасы Қуандықты өмірге некесіз  әкелгендіктен және Ләззатың бала көтермеуі себебінен азаматтық некедегілер сәбиді бес айлығында бауырларына басып,  асырап алған екен.

Осылайша есімі Қуандық болса да өмірге келгенінде де ешкімді қуанта алмаған сәби реті келіп жатқан кезде  арақ-шараптан бас тартуды білмейтін, татулықтарынан ұрыс-керісті күндері көп азаматтық некедегі ерлі-зайыпты малшыларды паналап жүріп, солардың арасындағы кезекті арақ ішістен соңғы дау-жанжалдың құрбандығына ұшырады. Алдын ала тергеу және сот барысындағы жауап алу барысында белгілі болғандай, 2009 жылдың 28 ақпаны күні кешкісін М. Қайрат әйелі Ләззат пен асырап алған баласы Қуандықты атқа мінгестіріп, соның алдында ғана өздерін қонаққа шақырып кеткен малшы А. Баймұрыновтың үйіне қонаққа барады. Осы жерде олар арақ ішіп отырғанда қолдарындағы сөмкелерінде он шөлмек арақтары бар   сол үйдегілердің танысы бастаған тағы екі жігіт пен екі қыз келеді. Барлығы бірігіп арақ ішіп, көңіл көтерген. Түн ортасы ауғанда келген қыздар мен жігіттер қайтып кетіп, ерлі-зайыпты Баймұрыновтар мен қонаққа келген Қайрат пен Ләззат төртеуі таңғы алтыға дейін тоқтамай маскүнемдікке салынып, естерінен айырылған кезде талығып барып ұйықтайды. Сағат сегізге таман оянған Ләззат мастығынан айықпаған күйі азаматтық некедеге күйеуі Қайратты жұлқылап оятып, оның қасында мұрны пысылдап ұйықтап жатқан Қуандықты да сирағынан суырып алып, сол жерде кезекті ұрысын бастайды. Қайратқа аузына келгенін айтып, «Сенің асыранды ұлың - қарындасыңның ойнастан тапқан баласы. Оны өзіне бер немесе үйге алып кет, әйтпесе өз қолыммен өлтіремін, мен әбден шаршадым», - деп шаптығады.  Мастықтан әлі айықпаған, ұйқысын да дұрыс ашпаған Қайрат әйелінің долылығына ызаланып, сол жерде «барлығы сенің кесірің» деп жас балаға қолына іліккен кірпішті жіберіп қалады. Дегенмен кірпіш тимеген. Шала мас күйі атына міне салып шаба жөнелген Қайрат бірнеше жүз метрден соң қайта оралып, баланың жанына келіп жерге секіріп түседі де өзін өзі қорғауды айтпағанда, мейірімсіз үлкендердің жабайы қылығынан әбден зәресі ұшып, қайда тығыларын білмей тұрған сәбидің  дәрменсіздігін пайдаланып, қолындағы 1,5 метрлік шпагат жіптің бір ұшын шалмалап баланың мойнына салып, екінші жағын аттың ертоқымына байлайды. Сонан соң әйеліне қарап, «саған керегі осы ма?» деп атты қасақана үркіткен. Шаба жөнелген аттың екпінімен тартылған жіп мойынын қысқан кезде шыңғыра жылаған сәбидің дауысын да елең қылмаған, көмекке ұмтылмаған. Жаны нәзік делінетін әйел затының бірі Ләззат та селт етпепті сол сәтте. Үйден жүгіре шығып, аттандаған үй иелерінің айқайы да қатігездердің қара жүрегін жылытпапты. Жылқы жеті жүз метр жерге барғанда жіп шешіліп кетіп, күнәсіз сәби сол оқиға болған жерде қаза табады. Бұл алдын ала тергеу және сот отырысы кезінде анықталған жайттар.

Асырап алса да ата-ана деген аты бар қатыгез әке мен мейірімсіз шешенің кезекті арақ ішуі барысында туындаған жанжалдың жазықсыз құрбаны болған сәби осылайша қуаныш пен қайғының, мейірім мен қуаныштың не екенін білместен қайғылы қазаға ұшырады. Ал оны өз қолымен атқа сүйреткен Қайрат пен арашалап қалуға шамасы бола тұра селт етпеген Ләззат қолмен істегендерін мойындарымен көтерудің орнына қылмыстарын жасырып қалуға бар күштерін салып, түрлы желеулерді ойдан шығаруға тырысқан. Бала өлісімен танысының  автомашинасымен ауылға жетіп, «баламызды ат сүйреп кетіп, қайтыс болды» дейді. Екі-үш кемпірді, молданы шақырып, Қуандықтың мәйітін жуып, құқық қорғау органдарына, денсаулық сақтау мекемесіне хабар берместен  күн батқанша жерлеп тастайды. Осылардың өзінен-ақ, олардың өкініштің орнына, жеке бастарын ғана күйттеген қорқыныштың жетегінде кеткенін аңғаруға болады. Артынан қылмысы анықталғанда барып, «қасақана өлтірейін демеп едім, ойламаған жерден ат сүйреп кетті» деп жалтарғанымен, тергеу барысында және сот кезінде сұралған куәлардың барлығының айтқанынан, сәбиді өгей әкенің қасақана өлтіргені, ал өгей шешенің араша түспестен қарап тұрып қана қоймай, мас адамды одан ары егестіргені белгілі болған.

Ләззат алдын ала тергеу барысында айыпталушының жауабына ұқсас жауап бергенімен,  өзінің «ешқайда кетпеу туралы» қолхатпен босатылғанын пайдаланып, қашып кетеді. Сондықтан оны сот кезінде сұрау мүмкін болмаған. Қазіргі кезде оған іздеу жарияланыпты.

Адам аузы барып айта алмайтын қылмыс жасаған сотталушының ақыл-есінің бүтіндігін, оқиға кезінде өз ісіне жауап бере алатын жағдайда болған немесе болмағанын, жүйкесі дұрыс екендігін анықтау мақсатында тағайындалған сот-психиятриялық сараптама оның қылмыс істеген кезде тек мас болғанын, ал былайынша денсаулығының дұрыстығын медициналық мәжбүрлі емдеу шараларына мұқтаж еместігін анықтады.

Алдын ала тергеу және сот кезінде алынған жауаптарға, куәлардың көрсетулеріне және айғақтық заттарға сүйенген Алматы облыстық соты асырап алған үш жасар жиенін аттың құйрығына байлап өлтірген М. Қайратты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабының 2-бөлігінің «в» тармағымен кінәлі деп тауып, мүлкін тәркілеместен 16 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеуге үкім шығарды.

Жалпы бүгінде адамдар арасындағы қатігездік пен бірінің өмірін бірі қиюға дейін баратын аса ауыр қылмыстарға таң қалуды қойдық. Облыстық прокуратураның мәліметі бойынша, биылғы  жеті айда  ғана облыс аумағында 106 кісі өлтіру оқиғасы тіркеліп, тамызға дейін солардың 101-і ашылып, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты. Сол кісі қолынан қаза тапқандардың бірі - үш жасар Қуандық.

 

Болат Абаған, Алматы облысы.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 653
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 427
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 390
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 390