Жұма, 3 Мамыр 2024
Не көріп жүрсіз? 1706 0 пікір 13 Шілде, 2023 сағат 14:01

Сарапшы: ОА жұқпалы емес аурулармен қалай күресуде?

Орталық Азия елдерінде алғашқы медициналық-санитарлық қызмет көрсету деңгейін дамыту назар аудару мен қолдауды қажет етеді. ДДСҰ статистикасына сәйкес, кейінгі онжылдықтарда аймақтағы барлық ел жеткілікті түрде дамымаған және денсаулық сақтау мәселелері жаңа тәсілдер мен шешімдерді қажет етеді.

«Жұқпалы емес аурулар (ЖЕА) елдердің экономикасына айтарлықтай ауыртпалық түсіріп, теңдестірілмеген тамақтану, алкоголь, темекі шегу және физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігі сияқты қауіп факторларымен күресудің қазіргі шараларының тиімділігі қатты сезіледі. Сондықтан салауатты өмір салтын насихаттау, алдын алу шараларын жақсарту және медициналық практикаға зиянды азайту қағидаттарын енгізу қажет», - деп мәлімдеді дәрігер, «Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары, Варшавадағы «Жаһандық никотин форумы 2023» сессиясында зиянды азайту саласындағы сарапшы Гинтаутас-Юозас Кентра.

«Орталық Азия мен Кавказдағы Қоғамдық денсаулық сақтау және зиянды азайту мәселелері» сессиясында дәрігер Кентрамен қатар, аймақ республикаларының атынан Қырғызстанның парламентінің бұрынғы депутаты және еңбек сіңірген дәрігері Альфия Самигуллина және Ибн Сина атындағы Тәжік ұлттық медицина университетінің онкология кафедрасының профессоры Саида Умарзода сөз сөйледі.

Сарапшылар өңірдегі алғашқы медициналық көмектің қолжетімділік деңгейіне, үкіметтер қабылдайтын шаралардың тиімділігіне және инновациялық тәсілдерді дамытудың негізгі бағыттарына байланысты қоғамдық денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты ағымдағы жағдай туралы ақпарат айтты.

Қазақстанда өлім-жітімнің 90%-ы жұқпалы емес ауруларға байланысты болып отыр. Бұл проблемамен күресу үшін қауіп факторларын мақсатты түрде азайту қолданылады. Бұл жағдайда зиянды азайту тұжырымдамасы денсаулықтың алдын алу мен нығайтудың прогрессивті әдісі болып есептеледі. Бұл өмірдің барлық аспектінде жұмыс істейтін және қоғамның әрбір мүшесінің денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ денсаулыққа зиян мінез-құлыққа тыйым салуға емес, зиян салдарларды азайтуға және мінез-құлықты қауіпсіздікке өзгертуге бағытталған әмбебап механизм.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары біздің денсаулығымыз 20% тұқым қуалайтын факторларға, 10% медицина, 20% экология және 50% өмір салтына байланысты деп есептеді. Сондықтан жұқпалы емес аурулардың ауыртпалығын және олардан болатын өлімді азайту үшін зиянды азайту стратегиясын енгізуді ұсынамыз», - деп атап өтті Гинтаутас-Юозас Кентра.

Сондай-ақ, сарапшы зиянды азайту стратегиясы Үкіметтің «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы» қаулысына енгізілгенін, онда салауатты өмір салтын қалыптастыру және жұқпалы емес аурулардың алдын алу үшін салауатты тамақ өнімдерін тұтынуды насихаттауды күшейту, мінез-құлық қауіп факторларының профилактикасын арттыру, сондай-ақ ЖЕА ауыртпалығын және өлім-жітімнің сыртқы себептерін азайту маңызды екенін атап өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 653
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 426
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 390
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 390