Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Деп жатыр 2555 21 пікір 27 Маусым, 2023 сағат 15:55

Лукашенко: Ресей құласа - біз де құлаймыз!

Бүгін Беларусь президенті Александр Лукашенко Минскте өз әскерилерін жинап, шен-шекпен үлестірді. Соңғы Ресейдегі оқиғаларға қатысты пікірін білдірді. Сонымен, Лукашенко не дейді?

Лукашенко:

Мені барлығы сынағыш. Мен 30 жыл бойы соғысқа даярланып келем. Сондықтан да біз бүгін бейбіт өмір сүріп жатырмыз.

***

Егер мемлекеттің өз ішінде мәселе болмаса, ешқандай түрлі-түсті революция да болмайды!

***

Біздің буынымыз үлкен сынақтан өтіп жатыр. Біздің мойнымызға бейбітшілікті сақтау деген үлкен міндет жүктелген. Демек, біз бүгін еліміздің басына үйірілген түнектен де мықты, мығым болуымыз керек!

***

Жасырмаймын, Ресейдегі жағдайды бақылап отырудың өзі ауыр болды. Мен ғана емес, біздің еліміздің көптеген азаматтары ол оқиғаларды жүректеріне жақын қабылдады. Өйткені – Отанымыз бір!

***

Әрқандай сценарийлерге дайын болу үшін мен армияны ұрыс жағдайына келтіру туралы тапсырма бердім.

***

Менен ешқандай да қаһарман жасаудың керегі жоқ. Менен де, Путин мен Пригожиннен де. Біз жағдайды бақылаудан шығарып алдық. Майданда бірге соғысып жүрген екі адам бір-бірімен шекісіп қалды. Бұл істе қаһарман жоқ!

***

Менің позициям: ЕГЕР Ресей құласа – барлығымыз үйіндінің астында қаламыз. Ешқайсымыз аман қалмаймыз.

***

Жаһандық жанжалдың қауіпі қазіргідей ушыққан емес. Біздің елімізді, аймағымызды кезекті рет таласқа салғысы келіп жатыр. Біздің аймағымызды шайқап, адамдарымыздың санасын улап, сол жағдайды пайдаланып, өз ережелерін орнатпақшы. Ал олардың ережесімен жүрсек, біздің еліміз де, мемлекетіміз де жоқ болады.

***

Батыс біздің соғысты бейбіт жолмен шешу туралы жоспарларымызды – «дипломатиялық имитация» деп айыптауда. Ал сол «имитацияның» құны – жүздеген мың адамның өмірі.

***

Қазір біз НАТО-ның қарқынды түрде кеңейіп жатқанын көріп отырмыз. Олар және жария түрде біздің шекарамызға жақындап келе жатыр.

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 519
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 274
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 295
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 294