Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2343 0 пікір 13 Мамыр, 2013 сағат 17:39

Ғалым БОҚАШ, шығыстанушы-журналист. Ақалтекелі Аладин

Мұнай мен газға бай Вадия атты дамушы елдің Аладин есімді адмирал-генерал шенді билеушісі дербес олимпиада ойындарын ұйымдастырады. Жаяу жарысқа спортшыларды өзі бастап шығады да, мәре сызығында белгі күтіп тұрған бәсекелестерінен алға қарай біраз ұзап кеткесін барып қолындағы жалт-жұлт еткен алтын тапаншасын жоғары көтеріп тарс еткізеді. Сосын тапырақтап тұра жүгіреді. Жарыс­ты кейін қалып бастаса да, соңындағы желаяқтар сәлден соң бұны қуып жетуге айналады. Мұны көрген Аладин жол бойы өзінен озуға талпынғандарды атып тастап отырады. Сөйтіп мәреге жеке-дара жетуге аз қалады. Бірақ өкпесі құрғыр сыр беріп, денесі дел-сал болып әлі құри бастайды. Сол кезде Аладиннің ишарасы бойынша мәре сызығын бейнелейтін лентаны ұстап тұрған екі адам бұған қарсы жүгіреді. Осылайша «жеңімпаз билеуші» мәре сызығын бірінші болып «кесіп өтіп», көптің қошеметіне бөленеді.

Осы апта көршілес бір елде бірінші бас­шы­сының өзі қатысқан «салтанатты жа­рыс­­тың» видеосын көріп отырып, жоғарыда айтылған ұлыбританиялық талантты комедия әртісі Саша Барон Коэннің бір филь­мін­дегі сценарийді шын өмірде не үшін қай­талау керек болды екен деп ойладым. Бұл елде де өз ныспысына барша атақ-дәре­же­ні тіркеп алған жетекші әлемде жоқ дербес спорт сайысы - асыл тұқымды ат жа­ры­сын ұйым­дастырады. Оған өзі қаты­сады да, арнайы шақырылған қалың жұрт­шылық-

тың - ел тұрғындары мен шетелдік қонақ­тардың ал­дында жеңіп шығады. Тізгінді тар­тың­қырай шауып келе жатқан бас­қа шабандоздар «шаң қауып қала береді».
Бірақ соңғы сценарийдің авторлары Коэн­нің нұсқасын дұрыстап зерттемеген сияқты. Өйткені, Аладин нағыз дара би­леу­шіге тән әдетпен өзін барша кездейсоқ сырт­қы факторлардан қорғаған тұлға. Тіпті, жарысқа тізесі дірілдеп тұрса да, тек өз аяғына сеніп шығады. Ал мына «шабандоз жетекшінің» өзі де, кеңесшілері де бәйге атының конституциядағы өзгерістерден ха­бары жоқ, ресми БАҚ-ты оқымайтын таза жануар екенін ұмытып кеткенге ұқсайды. Хош, айтып-айтпай не керек, мәре сызығын кесіп өткесін «жеңімпаз жетекші» тізгінді бо­сатып, кеудесін тіктей беріп еді, әлгі жан­уар сценарийді тас-талқан етті. Жалғыз қазыққа арандағандай кілт тоқтады. «Нө­мір бірін­ші шабандоз» тізерлей жығыл­ған жыл­қы­ның басынан асып барып етпетінен созыла құлады.
Ипподромда құрметті қонақ болған куә­герлердің сөзіне сенсек, ары қарай Коэн­­нің қиялындағы Вадия елінде болған жайт­тардан да реңкі қоюырақ оқиғалар бас­талған. Әуелі манадан саңқылдап тұр­ған бәйге комментаторының үні кілт үзіл­ген. Абдырап үнсіз қалған тым-тырыс жұрт­­­­тың ішінде бірінші болып алдыңғы қа­тарда отырған лауазымды шенеуніктер ес жиып, сұлық жатқан жетекшілеріне жаппай ұмтылған. Күзетшілер ипподромның жо­лын қоршаған бөгетті бұзып, «жедел жәр­­­дем» көлігі кеп «шабандозды» тиеп әкет­­­кен. Бұл аралықта көрермендердің ара­­сында жылап-сықтау басталып, бір­нешеуі талық­сып кеткен. Аздан соң есін жиып, көп алдына шыққан «жеңімпаз же­текші» жүлдесін атбегілерге табыс еткен. «Ша­бандоз бас­шының жомарттығы мен ер­жүрек­тігін» ма­дақтап саңқылдаған комментатор үні қайтадан жарқын-жарқын шығып, қол шапалақтау қалпына келген. Бұ­дан соң «жеңімпазды» көруге арнайы ша­қырылған барша адамның қолдарындағы фото-видео камералары жаппай тексеріліп, бүкіл материалдар жойылған. Мұндай ХХ-ғасырдың сирек кәмпескесіне елшілер де ілініп кеткен.
Бірақ «шабандоз басшының» жер сүзе құ­лаған тарихи кадры бір тәулік өтпей жа­тып, интернет бетіне қалқып шыға келді. Енді бұл көріністің түрлі тәпсірі пайда бола­ры анық. Біреулер: «Бұл - тізгінді ешқа­шан бо­сатпау туралы белгі» десе, екіншілер: «Әл­гі бәйге аты осы елдегі ашық наразылық танытқан алғашқы саяси диссидентке айналды» дер. Ал менің есіл-дертім - манағы Коэннің сценарийінде. Фильмде адмирал-генерал Аладинді оған түрі ұқсайтын бір бақ­­ташымен ауыстырып қоятын эпизод бар. Мына «шабандоз жетекшінің» кеңес­шілері фильмнің сол тұсын көрді ме екен? Көрсе, ол әдісті жаңағы ат жарысқа дейін қол­данып үлгерді ме екен, жоқ әлде, кейін қол­дануларына тура келді ме екен?

"Қазақ әдебиеті" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 878
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 739
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 569
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 577