Жұма, 3 Мамыр 2024
Деп жатыр 9367 10 пікір 26 Сәуір, 2023 сағат 12:33

Атаманның ақыры. Тимур Құлыбаевқа да тықыр таянды

Назарбаевтың күйеу баласы демонополизацияланбақ. Экономиканы монополиясыздандыру комиссиясы отырысы кезінде «Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының бірі заңсыз жекешелендірілген» деген пікір айтылды. Ал Премьер-Министр Әлихан Смайылов уәкілетті мемлекеттік органдарға бұл мәселені қолданыстағы заңнама аясында пысықтауды тапсырды.

@NRG_monitor дереккөздерінің ақпараты бойынша әңгіме «PetroRetail» компаниясы төңірегінде болып отыр. Бұл Тимур Құлыбаевтың компаниясы, ол бұрын «ҚазМұнайГаз» деген атымен белгілі болған «QazaqOil» АЗС-теріне иелік етеді.

Өз кезегінде @dalainside дереккөзі Тимур Құлыбаевтың АЗС желісін өзінде қалдыру мүмкіндігі бар екенін айтады. Әңгіме жекешелендіру кезінде соның қолына өтіп кеткен мемлекеттік мүліктің аукцион барысында тым арзан бағалануында. Егер келіссөздер барысында Тимур Құлыбаев онымен келіссе, онда мемлекетке үстінен қомақты қаржы төлеп, «PetroRetail» активтерін өзінде қалдыра алады.

Гегельді көрген, Бабельді де біле алады

Тимур Құлыбаев - тамаша стратег. Бірақ осы қабілетінің барлығын ол өзін байыту үшін ғана жұмсады. PetroRetail - оның керемет дайындалған, ұзақ операциясы. Ол шамамен 12 жыл уақыт алды. Естеріңізде болса, 2014 жылдан бастап сіздер «Мемлекет - нашар менеджер» деген қанатты сөзді жиі ести бастадыңыздар. Осы тұжырымның артында, мемлекет көп шығындалған, негізін қалап берген бизнестер тиімсіз, жекеге берейік деген ұсыныстар айтыла бастады. Оның бәрі жайдан-жай емес еді.

«Ребрендинг пен реакционеринг» операциясы

Тимур Құлыбаев елдің мұнайгаз саласының кураторы болғандықтан, 2000 жылдардан бастап «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының жеке АЗС желілерін салу бойынша бастамасына қатысы болғаны анық. Сол жылдары «ҚазМұнайГаз Өнімдері», «Торговый дом «КазМунайГаз» еншілес ұйымдары ашылып, АЗС желісін кеңейту үшін инвестициялар құйылды. Сол кездегі «Торговый дом «КазМунайГаз» бас директоры Төлеген Бозжановтың ақпараты бойынша, бір жаңа станция тұрғызудың құны 500-900 мың доллардың аралығында болған.

Ал 2019 жылы жеке қолға өтер алдында осы бизнесті мемлекет атынан басқарып отырған «KMG-Retail» фирмасы 301 жанармай бекетіне иелік етіп тұрды. Сатылар алдында бизнес тәуелсіз бағалаудан өтті. Deloitte жүргізген бағалау есебіне сай, бүкіл мемлекеттің еңбегі 59,9 миллиард теңгеге бағаланған.

Мемлекет жаман менеджер емес еді. «KMG-Retail» 2018-2019 жылдары елге 6,8 миллиард теңге табыс әкелді. Сонысына қарамастан, АЗС желісі мемлекет үшін артық жүк деп танылып, 2019 жылдың 1 сәуірінде оны «PetroRetail» фирмасы 60,5 миллиард теңгеге (сол кезде 163,3 миллион доллар) сатып алады. Ол фирма аукционға небәрі 12 күн қалғанда құрылған. Электронды үкімет деректері бойынша, оның құрылтайшысы ретінде «Prime case» ЖШС, «East Trade Solutions» ЖШС, Бақыт Сағынтаева мен Руфат Ходжалақов көрсетілген. Ал «Prime case» ЖШС «Head Company» фирмасы мен Данияр Абулғазинге тіркелген. Данияр Абулғазиннің Тимур Құлыбаевтың талай жылдан бері бірге келе жатқан сенімді серіктесі екенін айтуға болады. Сөйтіп жекешелендіруден 2 жыл өткеннен кейін, Тимур Құлыбаевқа қарасты «Joint Technologies» фирмасы ың-шыңсыз «PetroRetail» құрылтайшысы атана салады.

Осылайша, Тимур Құлыбаев іске асырған ұзақ мерзімді шахмат жүрісі 2021 жылы аяқталды. Оның негізгі кезеңі - яғни мемлекеттің долларларын шашып, болашақта жекешеленетін бизнестің базасын құрып алу 2009 жылы басталған еді. 12 жылдық операция күйеу бала үшін сәтті аяқталғандай көрінген. Бірақ әттең, «Қаңтар оқиғасы» орын алып, заман өзгеріп, Құлыбаев өз еңбегінің жемісін жей алмады.

Іші жаңарып, құлпырып тұрған «QazaqOil» заправкасынан бензин құйдырып, қызыл жилет киген кассир қызбен әзілдесіп тұрғанда, осы керемет оқиғаны есіңізге алсаңыз болады.

Дереккөзі: dalainside

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 960
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 815
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 627
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 684