Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Әне, көрдің бе? 3858 17 пікір 12 Қаңтар, 2023 сағат 14:39

Украинаның деңгейіне жеттік...

Бүгін, сан түрлі ақпараттар ағынын қарап отырып, өзімді таң қалдырған бір деректерді көріп, шынын айтқанда, аңтарылып қалдым. Мені таң қалдырған жаңалық – Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов мырзаның өткен жылғы инфляция туралы берген мағлұматы болатын. Бас банкирдің айтуынша, 2022 жылғы инфляция 20,3 пайызды құрапты. Ал азық-түлік бағасының өсуі 25,3 пайызға жеткен көрінеді.

Соның алдында «Украина шындығы» сайтын қарап шыққан болатынмын. Сондағы ақпарат есіме түсіп, сол сайтқа қайта оралдым. Оралдым да, өз көзіме өзім сенбедім. Украинаның 2022 жылғы инфляция көлемі – 26,6 пайыз екен! Мүмкін емес. Айдың, күннің аманында, біздің мамыражай еліміздегі инфляция он бір ай қанды қырғынның ортасында отырған, жүздеген зауыт-фабрикалары жермен-жексен болған, энергетика көздерінің тең жартысы істен шыққан, территориясының бестен бірі оккупацияға түскен, экономиканы майдан қажеттілігіне бейімдеуге мәжбүр болған, миллиондаған азаматтары шет елге қоныс аударған елдегі инфляция көлеміне жақындап қалыпты.

Құдайға шүкір, бізде бәрі тыныш. Жұт болған жоқ, жер сілкініп, қалаларымыз қираған жоқ, мұнайымыз таусылған жоқ, керек десеңіз, егініміз де биыл бітік шықты.  Бірақ, неге екені белгісіз, қымбатшылық басып, тіршілік қысып барады. Неге екені белгісіз, тозақтың ортасында тұрған Украинаға да жетіп қалыппыз. Кім жауап береді? Әлде бұл да «мемлекеттік құпияға» жатады ма?

Қысқасы, бәрі де салыстырудан көрінеді екен.

Бұл – «Жаңа Қазақстаннның» алғашқы және бұрын-соңды болмаған «жетістігі». Алла қазаққа жер де, мал да, жер астының байлығын да, ақылды да еңбекқор халық та берді. Бірақ, сол байлықты игеріп, халықтың ырысына айналдыратын, ел басқаруға лайықты ақылды адамдарды бермепті.

Дос Көшім      

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1785
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1770
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1489
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1391