Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Көршінің көлеңкесі 3207 25 пікір 14 Қазан, 2022 сағат 09:45

Могилизация: Соғысқа бармай жатып өлгендер...

Ресейде «ішінара мобилизация» басталғалы бері кем дегенде 14 жауынгер қайтыс болған. Кей дерек олардың саны 17 адам дейді. Қайтыс болғандар туралы ақпарат негізінен туыстары мен жақындары арқылы аймақтық БАҚ-та жарияланады. Билік бұл оқиғаларға қатысты пікір білдіруге өте құлықсыз және кінәні негізінен зардап шеккендердің өздеріне жүктейді.

Мобилизацияланған сарбаздың бірі 27 қыркүйекте көз жұмғаны белгілі болды. Звездный ауылының тұрғыны Борис Шаваев Кабардин-Балқарда, әскери базада сапқа тұру кезінде жүрек талмасынан көз жұмған. 

Қыркүйектің 28-і күні Төмен маңындағы Андреевский елді-мекенінде мобилизацияға шақырылған ер адам қайтыс болды. 11 қазанда Төмен гарнизоны бойынша Тергеу комитетінің әскери тергеу басқармасы ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатқанын хабарлады, бірақ егжей-тегжей нақты ақпарат айтылмады.

28 қыркүйекте Забайкалье өлкесінің оңтүстік-шығысындағы әскери бөлімде де ер адамның мәйіті табылды. Өлім фактісі әскери тергеу департаментінде журналистерге расталды, бірақ содан бері басқа мәліметтер айтылған жоқ.

3 қазанда Новосібір жоғары әскери командалық училищесінде мобилизацияланған ер адамның қаза тапқаны туралы хабарланды. Бұл туралы ақпаратты Новосібір облысындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Нина Шалабаева растады. Оның айтуынша, ер адам ұйықтап жатқанда қайтыс болған. Кейінірек марқұмның 35 жастағы Братск қаласының тумасы Александр Колтун екені анықталды.

3 қазанда Свердлов облысында мобилизацияланған үш адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Екі адам Порошино ауылындағы Қорғаныс министрлігінің оқу-жаттығу орталығының Елан гарнизоны аумағында көз жұмған. Тағы біреуі ауырып, үйіне жіберілгеннен кейін қайтыс болған. Билік үшеуінің өліміне қатысты қысқаша ғана "тергеп, зерттеп жатырмыз" деп жауап қатты.

4 қазанда БАҚ Омбы әскери бөлімінде мобилизацияоанған Красноярск азаматы Дмитрий В-ның (аты-жөні белгісіз) қайтыс болғанын хабарлады.

5 қазанда мобилизацияланғандардың бірі Пензадағы полигонда оқу-жаттығу жиындары кезінде қайтыс болды. Әлі күнге дейін 41 жастағы марқұмның аты-жөні жарияланған жоқ. 11 қазанда Пенза облысындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Елена Рогова РБК-ға мобилизацияланған адамның қаза тапқанын растады.

6 қазанда БАҚ дереккөздерге сілтеме жасап, Ленинград облысының Каменка қаласында 28 жастағы әскерге шақырылған азаматтың қайтыс болғанын хабарлады. Оқиға туралы басқа мәліметтер мен ресми мәлімдемелер жоқ. Ал 7 қазанда Новосібір жоғары әскери командалық училищесінде мобилизациямен шақыврылған тағы бір адамның мәйіті табылды.

9 қазанда Якутияда мобилизацияланған азаматтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. РИА Новости агенттігінің дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, әскерге шақырылған 1983 жылы туған ер адам Кангалассыдағы тарату пунктінің терезесінен құлап, мерт болған.

11 қазанда Челябі облысының билігі Снежинскіден мобилизацияланған 27 жастағы Максим Родионовтың Екатеринбургтегі 32-ші әскери лагерьде қайтыс болғанын хабарлады.

Бұл мобилизацияланғандардың қайтыс болғаны жайлы нақты ақпараттары БАҚ бетіне шыққан жайттар ғана. Ал белгісіз, жабық негізде қалған оқиғалар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Мобилизацияланғандардың арасында өлім-жітімнің көп болуы, олардың денсаулығына дұрыс қарамау, статистикаға жұмыс істеп, жаппай мобилизациялау. Бұл әскердің сапасын түсіріп, билікке деген сенімді азайта бермек.

Ка Мырза

Abai.kz

 

 

 

 

25 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 285
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 139
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 134
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 134