Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3342 0 пікір 14 Желтоқсан, 2012 сағат 08:35

Бекзат Саттарханов туралы көркем фильм түсірілуде

Қазақстандық режиссер Ермек Шахмет қазаққа бокстан алғашқы Олимпиада алтынын алып берген атақты боксшы, өмірден ерте озған талант иесі Бекзат Саттарханов туралы көркем фильм түсіріп жатыр.

«Бекзат» атты картина 20 жасында Олимпиада ойындарының чемпионы атанған ерекше қабілетті боксшының өмірі жайлы болмақ. Бекзат Саттарханов Қазақстанның ең дарынды әрі сенсациялық спортшысы ретінде ел есінде қалды.

1999 жылы ересек боксқа ауысқан балғын Бекзат, келесі жылы Олимп шыңын бағындырып, көк Байрағымызды Сидней аспанында желбіретті. 4 айдан кейін Бекзат жол-көлік апатында қайтыс болды.

«Біз қазіргі уақытта түсірілім үдерісінің уақыты жайында ойланып жатқан жоқпыз. Себебі, бүгін біздің алдымызда асықпай, жақсы киноны жасап шығару міндеті тұр. Бекзат туралы фильм түсіру - үлкен жауапкершілік. Ол - Халық қаһарманы, ұлтының мақтанышы. Біз жобаға тыңғылықты дайындалудамыз. Фильм Бекзаттың туыстарына, жақындары мен дос-жарандарына ұнау үшін, әрине, барша халықтың көңілінен шығуы үшін қолымыздан келгенін жасаймыз», - деді Е. Шахмет.

Туындыны Ермек Шахметтің «Shahmet Omniars» продюсерлік компаниясы түсірмек. Түсірілім келесі жылдың сәуір айында басталады. Қазір режиссерлік сценарий жазылуда. Сонымен қатар, актерлердің кастингісі жүріп жатыр. Режиссердің айтуынша, басты кейіпкерді, қазақстандық бокстың аңыз боксшысын Асылхан Төлепов («Жаужүрек мың бала») сомдайды. Фильмге басқа да отандық танымал актерлер мен спортшылар түседі.

Ал, киноның музыкасын жазуға еуропалық композитор, Италияның екінші президенті Луиджи Эйнаудидің немересі - Людовико Эйнауди шақырылған.  «Фильм әлемдік масштабта болады, деп күтіп отырмыз. Біз оны қазақстандық киносүйер қауыммен қатар, шетелдік көрермендердің де көргенін қалаймыз. Біз басқа киностудиялармен әріптестік жасасуға дайынбыз», - деп атап өтті Е. Шахмет.

Дереккөзі: ҚазАқпарат агенттігі

0 пікір