Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3235 0 пікір 23 Шілде, 2009 сағат 11:49

Үмітжан ЖАПАР. ҮРІМШІДЕГІ ҚАҚТЫҒЫСТЫҢ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАСЫНА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?

Бүкіл әлемнің назарын өзіне аударған Үрімшідегі бүлік басылып, жағдай біршама қалпына келе бастағандай. Ақпараттық агенттіктер қала тынышталып, әлеуметтік орындар қалыпты жұмысын бастап, жабылып қалған мешіттердің ашыла бастағаны жайында хабар таратуда.
Жалпы, Қытай үшін Шың­жаң өлкесінің қаншалықты маңызды екенін Мао Цзе Дунның «Қытай Шыңжаңнан бұрын Бейжіңді беруге ке­лісер» деген сөзінен-ақ бай­қау­ға болар. Өйткені бұл өңір мұ­най мен қазба байлықтарға бай. Осы аймақтағы газ, көмір мен былтыр ғана Іле бойынан табылған уранның қорлары-ның Қытай үшін маңыз­ды­лығын арттыра түседі. Тіпті кей­бір мәліметтерге сүйен­сек, елдің барлық табиғи қор­ла­рының 80 пайызы осы ай­мақ­та орналасқан екен. Был­тыр­ғы жылы бұл аймақ Қы­тай бойынша мұнай өндіру­ден алғашқы орынға шыққан. ҚХР-да өндірілетін табиғи газ­дың үштен бір бөлігі де осы автономиялық ауданға ке­леді.

Бүкіл әлемнің назарын өзіне аударған Үрімшідегі бүлік басылып, жағдай біршама қалпына келе бастағандай. Ақпараттық агенттіктер қала тынышталып, әлеуметтік орындар қалыпты жұмысын бастап, жабылып қалған мешіттердің ашыла бастағаны жайында хабар таратуда.
Жалпы, Қытай үшін Шың­жаң өлкесінің қаншалықты маңызды екенін Мао Цзе Дунның «Қытай Шыңжаңнан бұрын Бейжіңді беруге ке­лісер» деген сөзінен-ақ бай­қау­ға болар. Өйткені бұл өңір мұ­най мен қазба байлықтарға бай. Осы аймақтағы газ, көмір мен былтыр ғана Іле бойынан табылған уранның қорлары-ның Қытай үшін маңыз­ды­лығын арттыра түседі. Тіпті кей­бір мәліметтерге сүйен­сек, елдің барлық табиғи қор­ла­рының 80 пайызы осы ай­мақ­та орналасқан екен. Был­тыр­ғы жылы бұл аймақ Қы­тай бойынша мұнай өндіру­ден алғашқы орынға шыққан. ҚХР-да өндірілетін табиғи газ­дың үштен бір бөлігі де осы автономиялық ауданға ке­леді.
Екінші жағынан, Қытай үшін Шыңжаң транзиттік ай­мақ болғандықтан да маңыз­ды. Ішкі Қытайдан келетін тауар­лардың көп бөлігі Шың­жаң арқылы сырт елдерге тарай­ды. Транзиттен түсетін табыстың қомақты екені белгілі. ШҰАА - Қытай үшін Ба­тысқа ашылатын терезе се­кілді. Сондықтан да Қытай үкі­меті өлкенің дамуына мил­лиондаған қаржы инвестиция са­лып отыр. Яғни бұрын­дары шет аймақта орналас­қан­дығынан аса еленбей кел­ген «Шыңжаң - аймағы қазір үл­кен энергетикалық алаңға ай­налып келеді. Сонымен қа­тар, оның геосаяси маңызы да бар. Шыңжаң Қытайдың Азия­ға ықпал етуде үлкен рөл ат­қара­тын көпір болып табы­ла­ды» дейді сарапшылар.
«Жэньминьжибао» га­зе­ті­нің хабарлауынша, бұл бүлік Қытай экономикасына 10 мил­лион доллардан астам шы­ғын келтіріпті. Бірнеше күн­ге созылған бей-берекет­сіз­дік Қытай экономикасымен қа­тар, оған шекаралас жат­қан елдерге әсер еткені анық. Со­ның ішінде жұңғо елімен ты­ғыз қарым-қатынастағы Қа­зақстанға да. Бүгінде рес­ми мәліметтерге сүйенсек, қа­зақ-қытай елдері арасындағы тауар айналымы жылына 14 мил­лиард доллардан асып жы­ғылады. Ал сыртқы сауда әріп­тестігі жөнінен Қытай Халық Республикасы алғаш­қы­лар­­дың қатарында және сырт­қы сау­дасындағы үлесі 10 пайыз­дан асады екен. Де­ген­мен, биыл­ғы жылы Қытай мен Қа­зақстан арасындағы тауар ай­налымының азайға­нын кә­сіп­керлер де мойын­дай­ды. Бұны олар әлемдік қар­жы дағдары­сының салқы­ны­мен байл­а­ныс­тырады. Со­ны­мен қатар қар­жылық қиын­шы­лық бас­тал­ғалы елдің тұтыну қабі­ле­ті де төмендеп кеткен.
Қытай үкіметі қауіпсіздік ша­расы негізінде шекараны жауып, барлық қарым-қаты­нас­ты тыйғаны белгілі. Осын­дай ірі әріптес арасындағы ше­караның бернеше күнге жа­былғаны ел эко­но­ми­ка­сы­на өз әсерін тигізгені анық. Бұл ең алдымен, сауда-сат­тық­пен айналысатын қазақ­стан­дық кәсіпкерлердің ісіне ке­рі әсерін тигізген. Өйткені қазақстандық нарықтағы өн­діріс­тік тауарлардың басым бө­лігі осы Қытайдан келеді. Со­ның ішінде Шыңжаң айма­ғы­ның алар орны ерекше. Өйт­кені екі ел арасындағы жыл­дық тауар айналымының 9 миллиардқа жуығы осы ай­маққа тиесілі. Алматымен бай­ланыстыратын теміржол­дың үстінде жатқан Үрімшіге біздің елден көбіне шикізат, со­ның ішінде мұнай жеткі­зіл­е­ді.
Алматы сауда палатасы­ның президенті Ізбасар Бо­заев, бұл оқиға Қазақстан эко­номикасына аса бір залал кел­тірмесе де, өзіндік кері әсе­рін тигізді деп есептейді. Оның айтуынша: «Шыңжаң, ең бірінші, Қытай мен Қазақ­стан экономикасының ара­сын­дағы транзиттік алаң. Ішкі Қытайдан келген тауарлар сол аймақ арқылы Қазақ­стан­ға жөнелтілетін. Бұл қақты­ғыс­тың салдарынан Шың­жаң­дағы сауда орталықтары әлі күнге дейін толыққанды жұ­мыс істемей тұр. Себебі өз­деріне іштен өнім келмей жа­тыр. Бұның бәрі Шың­жаң­да­ғы бағаның күрт өсуіне алып келген. Бұл біздің кәсіп­кер­лерге де қолайсыз жағ­дай. Екіншіден, Қазақстан кәсіпкерлерінің Шың­жаң­да­ғы серіктестіктеріне деген се­нім­сіздіктерін тудырды. Өйт­кені осындай аласапыран уа­қытта қаржысын ешкімге се­­ніп тапсыра алмайды. Бұл ай­­мақта алдыңғы қатарлы кә­сі­п­орындар жоқ болғаны­мен, оның транзиттік маңызы зор. Жоғары сапалы тауар­лар Шыңжаңнан емес, Қы­тай­дың басқа аймақтарынан да ке­леді.
Шыңжаң - Қытай үшін Қа­зақ­станға кіретін экспорт­тық дәліз. Тіке келетін басқа жол жоқ болғандықтан, осы ба­ғытқа басымдық береді. Со­­нымен қатар бұрын ке­ден­дік бақылау шаралары Қы­тай­дың қай жерінде болса да, біраз либералды еді. Ал қазір кедендік реттеу мәселесі қиындап кеткен. Кеденнен өтетін жүкті тексеру күр­де­лен­діріліп жатқандықтан, оны рәсімдеу уақытты да көп алып, қосымша шығындарға ұрын­дыруда. Тікелей Шың­жаңнан бізге келетін тауар­лар - мұнай өнімдері мен це­мент. Қазақстанда соңғы ай­ларда цементтің бағасы қайта кө­терілген-ді, енді бұл зауыт­тар­дан цементтің тасымал­дан­бауы бағаның тағы да ша­рықтауына жол береді. Шың­жаң­нан шығатын тауар­лар­дың біздің сыртқы тауар қа­тынасымыздағы үлесі аса көп емес. Жүктің бәрі Шанхай, Пе­кин, Гуанжоудан және бас­қа қалалардан келеді. Ал сырт­қы сауданың 70 пайызын алады дейтін себебіміз, мұ­най өңдеу зауыттарына Қа­зақ­стан­нан кетіп жатқан мұ­най мен газдың үлесінің көп­тігі. Әйтпесе, Қазақстанның іш­кі экономикасына кіріп отыр­ған Шыңжаңның тауар­лары көп болса бес пайызды ға­на алады.
Сонымен қатар ШҰАА-дағы келеңсіздік біздің на­рық­тағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасына әсерін тигізуі мүмкін. Қазір ішкі жақ­тың қытайлары Шыңжаң ар­қылы өтуге, не болмаса сол жер­де кәсіп істеуге жүрек­тері дауаламай, кері қайтып жатыр. Оған дәлел, Қорғас бе­кеті арқылы автожолмен Қа­зақстанға көп келетін-ді. Қа­зір сол бекет арқылы өте­тін қытайлардың саны күрт тө­мендеп кетіпті. Жол-жө­не­кей ұйғырлардың елді мекені, шекарадан бері өткеннен кейін де Шонжы ауданы ұйғыр­лар­дың тығыз орналасқан жері, со­дан үрейленген қытайлар кө­біне ұшақпен немесе те­мір­жолмен келіп кетіп жатыр».
Тәуелсіз кәсіпкерлер қауым­дастығының вице-президенті Тимур Назханов Үрімшідегі қақ­тығыстың, әсіресе Алматы және Алматы облысы кәсіп­кер­лерінің ісіне кері әсерін ти­гізіп жатқандығын айтады.
- Қытаймен Ал­ма­ты жә­не Шығыс Қазақстан об­лысы шектеседі. Қытаймен ба­рыс-келіске түсетіндер де - осы аймақтардың кәсіпкер­ле­рі. Олардың көбі Үрімшімен ты­ғыз сауда-саттық қарым-қатынаста. Сол жақтан тауар алып келіп, елде сатады. Не­гізі­нен жеміс-жидек, көкөніс, өн­дірістік тауарлар жеткі­зі­ле­тін-ді. Қазіргі жағдайға бай­ланысты кейбір кәсіп­кер­лердің жұмысы тоқтап қалып жа­тыр. Дегенмен, әзірге қан­шалықты шығын шыққанын біл­діретін нақты сан жоқ. Соң­ғы жылы Қытайдан келе­тін тауарлардың қатынасы азайғаны анық. Алматы об­лыс­тық кеден басқармасы көк­т­емде Қытайдан келетін тауар көлемі 25-30 пайызға дейін азайды деген мәлімет та­ратқан. Яғни бұрынғыдай тауар тасқыны жоқ деген сөз. Ал қазір алдағы уақытта жағ­дайдың қалай болатыны тү­сініксіз. Бұл мәселе шешімін тап­пай созылып кетсе, онда кей­бір тауарлардың баға­лары да көтерілуі мүмкін. Шекара жабық болған­дық­тан, бұл мәселе қашан ше­ші­ле­тіні бел­гісіз, - дейді Тимур Күз­екұлы.
Сарапшылар «жағдайдың қал­пына келіп, шекараның ашылуы, ең бірінші Қытайдың мүддесінде дейді. Өйткені Қазақстан нарығы - Қытай тауарының ірі тұтыну­шы­лары­ның бірі болып табы­ла­ды. Мұндай тұтынушыдан аз уақ­ыт болса да айырылу - күн­­шығыс елі үшін тиім­ді емес.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 371
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 195
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 206
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 205