Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2227 0 пікір 29 Сәуір, 2022 сағат 16:06

"Qoldau" кезекті акциясы Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында өтті

Кеше, ағымды жылдың 28-ші сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Алмалы ауданы бойынша МКБ-мен бірлесіп кәсіпкерлерге Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қолдау және көмек көрсету бойынша "Qoldau" кезекті акциясын өткізді.

Акция апта сайын бейсенбі күндері кестеге сәйкес, Алматы қаласы бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларында сағат 09.00- ден 13.00-ге дейін өткізіледі. Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы 93/95 ғимаратта өткізілген акцияға 332-ден астам Алматы қаласының тұрғыны қатысып, өздерінің көкейкесті сұрақтарына жауап алды.

2022 жылдың 1 -ші наурызынан бастап қолданысқа енген салық төлеушінің паспорты, жалпыға бірдей декларация, "Е-Salyq Business" және "Е-Salyq Azamat" мобильді қосымшаларының, оларды ұялы телефондарға орнату алгоритмдері, пайдалану ережелері мен деректерді енгізу мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта қоғам тарапында қызу талқыланып жатқан мобильді аудармалар бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап берілді.

Келесі кездесу Түркісіб ауданы бойынша МКБ-да ағымдағы жылдың 5 мамырында өтеді. Аталған шарада Өзіңіздің сұрағыңызға жауап алып, қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында өз ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз.

 

Abai.kz

 

 

0 пікір