Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2579 0 пікір 17 Қыркүйек, 2012 сағат 10:27

МИНИСТР ӨЗГЕ ТІЛДЕРДІ НАСИХАТТАП ЖҮР АЛ ҚЫРҒЫЗДАР ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ МҰРНЫН ШҮЙІРЕ ҚАРАЙДЫ

Жуырда тілдерді дамыту жөніндегі әлдебір жиында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов: «Қазір әлемде жедел қарқынмен дамып жатқан ғылым, білім, инновация түгел ағылшын тілінде сөйлейтіндіктен балаларымызға ағылшынша үйретуіміз керек. Сонымен қатар орыс тілін де білу маңызды, өйткені төңірегімізде осы тілде сөйлейтін 200 млн-нан астам халық бар», - дегенді айтып қалды.
Кезінде Ресейде біраз жылдар өмір сүріп, тұңғыш балам сонда дүниеге келгенде орыс достарым: «Саспа, балаңды орысша тәрбиелесең, айнымаған орыс болады», - деушi едi миығынан күліп. Өйткенi, көшеде, балабақшада, мектепте қарым-қатынас тілі тек орысша болғандықтан, үйде баламды қазақша тәрбиелеймiн деу ақымақтық болар едi. Кейін атамекенге оралғанда да сол Ресейден қалысып тұрмағанымызға көзім жетті.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсын­ұлының: «Балаңды ұлша тәрбиелесең ұл болады, құлша тәрбиелесең құл болады», - деген даналық сөзін бүгінгі заманға лайықтап: «Балаңды орысша тәрбиелесең, орыс болады» десек те артық болмайтындай.

Былтыр Мәскеу қалалық «Қазақ тiлi» қоғамының мүшесі Әбуислам Тұрсынбаевтың: «Ресейдегi орыстар­дың өзi балаларын бізде бiлiм деңгейi төмен деп басқа тiлде жаңаша оқыту үшiн жанын салып, Батысқа, Америкаға жiберiп жатыр. Ал қазақтардың балаларын орысша оқытып, Ресейге жiберiп жатқанына таңғаламын», - дегенi үлкен ой салып еді. Тіпті Жұмағұловтың өзі: «Әлем деңгейінде ғылым, білім, инновация үлкен қарқынмен дамып жатыр. Оның бәрі ағылшын тілінде», - деп ашық мойындап отырған жоқ па? Алайда министрдің 200 млн. орысты қайдан алғаны белгісіз. Соңғы санақ бойынша олардың халық саны бар-жоғы 110 млн-ды ғана құрады, қалғандарының өз тілдері бар. Ал Жұмағұлов мырза айтқандай, орыс тілін орыстардың бізден көп болғаны үшін ғана үйренетін болсақ, алдымен қытай тілін үйрену қисынды емес пе?
Жуырда Алматыға қыдырып барғанымда, оны-мұны алуға базарға соқтым. Киім сататын саудагер мен сияқты көзі сығырайған біреу екен, ойымда ештеңе жоқ, қазақша сөйлеп, алар затымды сұрасам, қай тілде сөйлегенін білмеймін, маған түсініксіз тілде бірдеңелерді айтты. Қайталап сұрап едім, ол да өз тілінде қайталады. Орыс тілінде сөйлеп едім, орысша жауап берді. Тауарымды алған соң: «Мемлекеттік тілді неге меңгермегенсің?» - деп едім, «Қазақстанда демократия, аз ұлттар тілі заңмен қорғалған,  кім қай тілде сөйлесе де құқы бар», - деп қарап тұр.  Аузыма құм құйылды. Алматыдағы Дойрабай ағам: «Бұл - қытайлық.  Алматыда қытай ұлтының  мәдени орталығын құруға дайындық жасап жатыр», - дейді. Енді он жылдан кейін  «мәдениетін» көтеріп, мектептерін ашып, «біз Қазақстандағы  (диаспора емес) аз ұлтпыз, мәдениетімізді қорғау үшін, тіліміз жойылмас үшін «ресми тіл» мәртебесі керек» десе, бермегенде қайда барамыз? Сосын ағылшынның, арабтың мәдени орталықтарын құрып, олардың да мәдениетін көтеріп, тілін қорғаймыз.
Жақында ауылдағы бiр қазақ отбасы баласы оқып жатқан орыс сыныбы жабылып, орыс мектебiн iздеп Астанаға көштi. Қаладағы орыс мектебiне бала жетпейдi екен, жүректерi жарыла жаздап, қуана-қуана қабыл алыпты. Балаларымызды өз қолымызбен «орыс­тандырып», құлдық сананың кесірінен осылай өз тамырымызға өзіміз балта шауып жатырмыз. Қазақтың өзі қазақ тілін менсінбеген соң өзгелерге не деп кінә қоярсың? Қырғызстаннан жан бағу үшін келген қырғыз келімсектерінің өзі қазақ тілін менсінбей, балаларын орыс мектебіне беріп отырғаны көп жайды аңғартса керек.
Тоғайбай НҰРМҰРАТҰЛЫ
Астана

"Халық сөзі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 814
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 648
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 512
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 527