Жұма, 3 Мамыр 2024
Көршінің көлеңкесі 4312 28 пікір 28 Қаңтар, 2022 сағат 12:06

Мәскеу Орталық Азияны отарламақ па?

Ресейдің соңғы жылдары отаршылдық саясаты күшейді. Ол Орталық Азия елдеріне бағытталып отыр. Посткеңестік елдердің жартысымен ұрсысып қалған Ресей азын-аулақ елде өз ықпалын сақтап қалғысы келеді. 

Орталық Азия мемлекеттері Ресеймен тығыз байланысты. Ол шекаралық шектесу мен посткеңестік кезеңмен тығыз байланысты. Аймақтағы мемлекеттер Ресейдің бастамасымен құрылған бірнеше ұйымға мүше. Әскери одақтастық тұрғыдан ҰҚШҰ ұйымына Орталық Азиядан Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдері мүшелікті. Өзбекстан да бұл ұйымда болған, алайда артынша ұйымнан шығып, ел Конституциясына ешқандай әскери ұйымға мүше болмау және өзге елдің әскери базаларын орналастырмау туралы заң енгізді.

Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдері тағы бір Ресей құрған ұйымда бас қосқан. Аталмыш ұйым Ресей үшін тиімді, ал өзге елдер үшін зиянды екенін айтпасақ та түсінікті.

Ресей Қазақстанмен тығыз байланысын арттыруды жалғастырады. «Болашақ» бағдарламасының басым бағытының бірі Ресей ЖОО-лары болатыны соны нақты айқындайды. Өткен жылы Қазақстан мен Ресей СБЕР келісіміне қол қойды. Ресей тарапы АЭС салуы мүмкін деген болжамдар да ақырындап шындыққа айналып келеді. АЭС салу шешімі нақты қабылданса, жобаны «Росатом» іске асыруы мүмкін дейді мамандар.

Көршілес Өзбекстан мен Қырғызстанда да Ресейдің ықпалы күн санап арту үстінде. Өзбекстанда Ресейлік ЖОО-ларының филиалдары ашылуда, ал Ташкент ресми Мәскеумен келісім жасап, 30 мың мұғалімнің орыс тілі білімін тереңдету бағдарламасын қабылдады. Мұғалімдерді оқыту үшін Ресей арнайы мамандарын жіберуде. Ташкент пен Мәскеу арасында Өзбекстанда АЭС салу бойынша келісім жасалды. Келісім құны 11 млрд доллар, ал құрылыс 2022 жылы басталмақ. Ташкент Еуразиялық Одақтың жол картасына да бақылаушы ретінде кірді.

Қырғызстанда Ресей кіші АЭС салу бойынша келісім жасасты. Жобаның құны мен мерзімі әлі жарияланбады. Ал Тәжікстан Ресеймен «Әуе кеңістігін бірлесе қорғау» бойынша келісімді мақұлдады. Ендігі таңда Ресей тәжіктің «тыныштығын» күзетпек. Ауғанстандағы жағдайға байланысты Ресей Тәжікстандағы әскери күшінің санын арттырды. Тәлібті сылтау етіп Мәскеу Орталық Азиядағы әскери ықпалын күшейтті.

Ендігі таңда Мәскеу Орталық Азиядағы ықпалын арттыру мақсатында жаңа стратегияға көшпек. Ол Орталық Азиядан Ресейге баратын еңбек мигранттарын оқыту орталықтарын ашуды жоспарлап отыр. Аталмыш орталықтар Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанда ашылады. Онда орыс тілі, Ресей заңдары мен Ресей тарихы тереңдетіліп оқытылмақ. Бұл туралы Лавров былай дейді:

«Қазір біз еңбек мигранттарын дайындайтын орталықтарды ашу бойынша Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанмен келісісөздер жүргізіп жатырмыз. Онда орыс тілін үйрету іске асады. Аталмыш орталықтар түрлі реакциялар туындатуы мүмкін, бірақ бұл орталықтар керек», - дейді ол.

Орталық Азия елдерінің еңбек мигранттарына Ресейдің өзі мүдделі. Биылдың өзінде жұмысшы күші жетіспеуінен Ресейде құрылыс қарқыны баяулап қалған. Сол мигранттар арқылы Мәскеудің отарлау саясатын іске асыратыны көрініп тұр.

Abai.kz

28 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 908
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 760
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 593
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 603