Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
1947 0 пікір 18 Қазан, 2021 сағат 16:46

Өзбекстанда алғаш рет сайлау дебаттары өтеді

Өзбекстандағы президенттік сайлауға түсетін кандидаттар арасында 19 қазанда тікелей эфирде сайлау алдындағы теледебаттар өткізеді. Пікірсайыс төрт тілде өтпек. Бұл Өзбекстан тарихындағы сайлау науқанындағы алғашқы дебат. 

Теледебат сейсенбі күні сағат 17:00-де өтеді. Пікірсайыстар "Өзбекстан 24", "Өзбекстан", "Йошлар", "Махалл"а және "Маданият және Мәрифат" телеарналарында көрсетіледі. Дебаттар сондай-ақ "Өзбекстан 24" және "Өзбекстан" телеарналарында ыммен, "Йошлар" мен "Ташкент" телеарналарында орыс тілінде және "Маданият және Мәрифат" телеарнасында ағылшын тілінде көрсетіледі.

Өзбекстанда президенттік сайлау 24 қазанда өтеді, сайлау науқаны 23 шілдеде басталған еді. Елде ресми түрде жұмыс істейтін барлық бес партия - Экологиялық, Милли Тикланиш, Либерал-Демократиялық, Халықтық Демократиялық және Адолат (Әділет) - өз кандидаттарын ОСК-ға тіркеді.

Олардың арасында қазіргі президент Шавкат Мирзиёев бар. Үміткерлердің сайлау науқаны 20 қыркүйекте басталды.

Abai.kz

0 пікір