Жұма, 3 Мамыр 2024
Ауыс-түйіс 6904 7 пікір 31 Тамыз, 2021 сағат 15:18

Қазақстанның жаңа Қорғаныс министрі – Мұрат Бектанов

ҚР Қорғаныс министрі болып Мұрат Кәрібайұлы Бектанов тағайындалды. Президент Тоқаев осындай Жарлық шығарды.

№ 649 Жарлықта:

«Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын», - деп жазылған.

Мұрат Бектанов кім?

Жасы – 55-те (18.09.1965 жыл). Әскери шені – Генерал-лейтенант (04.05. 2020 жыл). Солтүстік қазақстан облысының Соколовка ауылында дүниеге келген.

Білімі, мамандығы:

Киевтегі Жоғарғы жалпыәскери командалық училищені (1988 жылы), ҚР Қарулы Күштерінің әскери академиясын (1998-2000 жылдары), РФ ҚК Бас штабының әскери академиясын (2005-2007 жылдары) тәмамдаған.

Еңбек өтілі:

1989-1997 жылдары мотоатқыштар взводының командирі, десанттық-шабуылдау взводының командирі, десанттық-шабуылдау батальоны барлауының бастығы, Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі взводының, курсанттар ротасының командирі болған.

1997-1998 жылдары штаб бастығы - ШОБ командирінің орынбасары, кейін Қорғаныс министрлігінің жауынгерлік даярлық департаментінің офицері ретінде қызмет етті.

2000 жылы Қарулы Күштердің бас штабына Жедел жоспарлау департаментінің аға офицері ретінде кірді, 2005 жылы бас штабтың Әскери академиясының тыңдаушысы болып тағайындалды.

2007-2013 жылдары Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитетінің жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары, кейін департамент бастығы болып жұмыс істеген.

2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметін атқарды, 2016 жылы Қарулы Күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.

2019 жылдың сәуірінен бастап ҚР қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы Күштері бас штабының бастығы болды.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 799
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 618
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 499
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 512