Жұма, 3 Мамыр 2024
Билік 1205 0 пікір 5 Тамыз, 2021 сағат 12:59

Білім саласындағы жемқорлықпен күрес жалғасуда

Алматы облысында жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күрес шаралары күшейтілуде. Жемқорлық жайлаған қоғамда даму да, алға басу да болмайтыны анық. Сондықтан облыс қоғамның барлық салалары бойынша, оның ішінде денсаулық сақтау, білім саласы, қызмет көрсету, әскери сала, сауда қатынасы және басқа негіздерде жемқорлыққа қарсы күресті күшейтті. Жемқорлықпен күрестің ең бастапқы негізі ол халықты құлақтандыру, идеологиялық негізде жеткізу және оның зияны мен жазасы жайлы түсіндіру екені анық.

Алматыдағы Антикор Орталығы сайтында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ирина Смирновамен тікелей эфир өтті. Депутат сұрақтарға жауап берді және білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасы, халық алдындағы жауапкершілігі туралы пікірімен бөлісті, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін оны жою, алдын алу және заңнаманы өзгерту бойынша өз ұсыныстарын айтты.

Депутат жас ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығы туралы, олардың бойына адалдық пен жауапкершілік принциптерін сіңіру туралы, сондай-ақ оларға дұрыс үлгі көрсету мұғалімдер үшін қаншалықты маңызды екенін айтты.

«Біз жақында білдік, біздің кейбір әріптестеріміз, мұғалімдер тест тапсыру кезінде парақшаларды (шпаргалка) қолданған. Мұғалім белгілі бір біліктілікке қол жеткізу үшін парақты немесе қандай да бір заңсыз әдістерді қолданса, бұл қазірдің өзінде мүлде дұрыс емес деп есептелетіні түсінікті. Менің ойымша ондай мұғалімдерге қайта тест тапсыру мүмкіндігі берімеуі тиіс. Ондай мұғалім жұмысын жалғастыра алмауы үшін олардың біліктілігін төмендету қажет. Әркім балалар мен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі қажет», - дейді Ирина Смирнова.

Мұндай кездесуде оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты талқы да жасалатыны анық. Депутаттың айтуынша, мектептерде кадрлық ротация болуы керек, өйткені бір адамдар бір мектепте директор, бас мұғалім немесе есепші болып ұзақ жұмыс жасаса, осы мектептің құрылымдарындағы сыбайлас жемқорлық қаупі жоғары болады. Тікелей эфирде депутат ашық бюджеттердің интерактивті картасының жұмысын және картаның әлі де нақтылануын қажет ететінін атап өтті.

«Адамдар ақшаның қайда және неге жұмсалғанын нақты білу үшін әр тиынды шифрлау керек» дейді ол.

Жалпы алғанда бұндай кездесулер облыс деңгейінде де өз жалғасын табатын болады. Себебі жемқорлықпен күрес шаралары ешқашан тоқтамауы тиіс. Білім саласындағы жемқорлықпен күрес қазіргі уақытта қарқынды түрде артуда. Ол біріншіден облыс саясатының ұстанымы, ал екіншіден қазір түлектердің оқуға тапсыру науқаны. Сондықтан қандай да бір бармақ басты, көз қысты саясаты іске аспауы үшін, қырағылық күшейтілген. Қыркүйек айынан бастап студенттер арасында да жемқорлыққа қарсы шаралар саны еселеп артады. Себебі студенттерге пара беру және пара алудың зиянын түсіндіру, жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру маңызды. Алматы облысында ЖОО мен колледж саны өте көп, демек өтетін шаралар саны да аз емес деген сөз.

Студенттер арасында жемқорлыққа қарсы тәрбиелік сағаттары, мектеп оқушыларынан қаржы жинауға қатысты тыйымды түсіндіру, жас талапкерлерге емтихан және басқа кезеңдерде парақорлықтан аулақ болу, ондай жағдай кездессе қайда хабарласу керектігін түсіндіру маңызды болып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 631
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 388
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 370
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 374