Жұма, 26 Сәуір 2024
Саңлақ 7575 3 пікір 2 Шілде, 2021 сағат 11:43

Токиода Қазақстан туын кім көтеріп шығады?

Қазақстандық спортшы, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, Олимпиада жүлделерінің толық жиынтығының иегері Ольга Рыпакова және бокстан ұлттық құраманың капитаны, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Қамшыбек Коңқабаев Олимпиада құрамасының ту ұстаушылары ретінде анықталды. 

"Токиодағы Олимпиада ойындарының басталуына да аз уақыт қалды, биылғы олимпиада тарихи болып табылады. Қазақстан өзінің үздік спортшыларын Токиоға жіберуге дайындалып жатыр.

Туды алып шығуға ең лайықтылар таңдалды. Олимпиаданың ашылуында Қазақстанның туын Ольга Рыпакова алып шығатынына өте қуаныштымын, өйткені оның арқасында туымыз олимпиадалық ареналарда бірнеше рет көтерілген.

Қамшыбек Қоңқабаев - бұл дәстүрлі түрде олимпиадалық рингте ерекше жауапкершілікке ие бокс командасының капитаны, қазақстандық спорттың күші мен шеберлігінің тұлғасы. Туды алып шығатын екі спортшымыз да нағыз көшбасшылар, балалар мен жастарға үлгі. Мен оларға және бүкіл олимпиада құрамасына спортта сәттілік тілеймін", - деді Қазақстан ҰОК басшысы Тимур Құлыбаев.

Бұл олимпиада Ольга үшін төртінші, ал Қамшыбек үшін бірінші.

Abai.kz

3 пікір