Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Әне, көрдің бе? 1536 5 пікір 26 Наурыз, 2024 сағат 17:14

Теңгемізге тойып алып, басымызға секірді...

Сурет: football.by

Өзге елдерден ат басындай алтын бергендей етіп сатып алған, футболымызды өркендетеді деп үміттенген келімсектер өз еліне қайтқан соң, сыртымыздан жамандап айтпаған сөзі қалмайтын көрінеді.

Мәселен, Қызылорданың “Қайсар” командасында ойнаған Антон Матвеенко деген біреу Белоруссияға қайтып оралған соң, сыбағанымызды беріпті. Оның айтуынша Қызылордада адамнан гөрі түйелер көп көрінеді. Мұндағы халық тәртіп дегеннен мүлдем хабарсыз. Әуежайда жүктерінді реттеу деген жоқ, апарып бір жерге үйіп қояды. Жолдары жол емес, шытынап, жарылып жатқан бірдеңе. Стадиондары да ойнауға жарамайды.

Қысқасы, кезінде көп ақша беріп, төбемізге көтерген бұл Матвиенко бізді сонау артта қалған Африка елдерінің бірінің қатарына қосып қойыпты.

Сірә, өзіне қарасаң орыс секілді, тегіне қарасаң украиндық секілді, сөзіне қарасаң нағыз шовинист болып шығатын бұл сүмелекке қаймағы бұзылмаған қазақ өңірі ұнай қоймаса керек. Атамыз қазақ “Сары орыстың бәрі орыс” дегенде осындайларды меңзеген шығар.

Өзімізге де сол керек. Қара домалақтарымызға жол ашудың орнына, шетелге қарап, ауыз ашамыз да отырамыз. Ал мұндайлар енді осы біздің Қостанайдың “Тоболында” да жетіп артылады. Шынайы бет пердесі теңгемізге әбден тойып, еліне кеткен соң ғана ашылады. Күте тұралық.

Айтпақшы, көретін қызығыңыз бен шыжығыңыз әлі алда. Биылғы жылдан бастап шетелдерден осы Матвеенко секілді келімсектерді шақыруға деген шектеу алынып тасталды. Аман болсақ, талай сөзді есітеміз әлі. Чао-какао!

Жайберген Болатов

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2193
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2582
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2509
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1681