Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
8120 8 пікір 29 Маусым, 2021 сағат 12:46

«Солтүстік ағымға» соққы: Ресей енді қайтпек?

Дания аймағы арқылы «Балтық газ құбыры» жобасы салынып жатыр. Польша аталмыш құбыр арқылы Норвегиядан газ алып, Ресей газынан бас тартуды жоспарлауда. Жобаның базасын немістің Мукран портына орналастырған. Бұл портта «Солтүстік ағым-2» құбырының логистикалық орталығы орналасқанын да атап өтуге тиіспіз. 

Борнхольм аралының жанында құбырды салу жұмыстары басталып кетті. Оны арнайы ғарыштық түсірілімдерден де көруге болады. Үш күннің ішінде «Castorone» компаниясы 5,7 шақырым болатын құбырды Дания бағытына қарай салып үлгерген. Жұмыстың басталғаны жайлы 28 маусымда «Baltic Pipe» компаниясы да хабарлады. Егер теңіздегі ауа райы жағымды болса, құбырды салу жұмыстары биыл аяқталмақ.

Құбырды салу жұмыстарына 6 кеме қатысуда. «Solvik Supplier Sea» мен «GoldCrest» кемелері немістің Мукран портына барып, кері қайтуда. «Балтық газ құбырының» терминалы порттың солтүстік бетінде, ал «Солтүстік ағым-2» жобасының терминалы оңтүстік бетінде орналасқан. Немістің Мукран порты АҚШ санкцияларына қарамастан әзірге «Солтүстік ағым-2» құбырының салынуына ықпал етуде. Портқа құбырды салуға арналған қажетті құралдарды жеткізу жұмыстары жалғасуда.

«Балтық газ құбыры» жобасының салынуын Дания аумағы арқылы өтетін құрлықтық бөлігі баяулатуы мүмкін. Себебі вирустың тарауы мен таулы аймақ арқылы құбыр салу біршама қиындықтар арқылы іске асады. Құбырдың құрлықтық бөлігіне қатысты жергілікті экологтардың да шуы көп болып тұр. Дания экологтары құрлықтағы құбыр жұмысы флора мен фаунаны жояды деп есептеп, петиция жинап жатыр. Қазір құрлықтық бөлігіне қатысты қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр. Халықтың ойы мен құбыр жұмыстарын жүргізетін компанияның ойын тыңдау сегіз айға созылмақ.

Польша лидері Анджей Дуда өзінің Дания және Норвегиялық әріптестерінен «Балтық газ құбырын» қолдауға шақырды. Газ құбыры 2022 жылы толық іске қосылып, Польша Ресей газынан толық бас тартпақ. Польшаның «PGNiG» компаниясы қазірдің өзінде «Газпромом» компаниясымен жасасқан келісімді созбайтынын мәлімдеді. Аталмыш газ жобасына өзге еуропалық елдерді де тарту жoспаpланып отыр.

Abai.kz

8 пікір