Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Дей салдым-ау 5825 33 пікір 25 Маусым, 2021 сағат 17:46

Ресей халқының 50%-ы Сталинді «ұлы көсем санайды»

Украин халқының көпшілігінде кеңестік диктатор Иосиф Сталинге деген жағымсыз, теріс немесе немқұрайлы көзқарас басым екен. Киевтегі Халықаралық әлеуметтану институты арнайы сауалнама жүргізіп, оның нәтижесін 23 маусымда жариялаған.

Украин социологтарының айтуынша, респонденттердің 38%-ы Совет диктаторына өшпенділікпен, қорқынышпен немесе жеккөрушілікпен, тағы 34%-ы немқұрайлы қарайтындықтарын айтқан. Ал респонденттердің 18%-ы Сталинге құрметпен, жанашырлықпен һәм жылы көзбен қарайтындықтарын айтыпты.

Сауалнамаға қатысқан украиндықтандың 50%-ы «Сталин ұлы көсем болды» деген сөзбен мүлде келіспейтіндіктерін білдірсе, 34%-ы бұл сұраққа жауап бермеген. Ал 16%-ы бұл пікірмен келісетіндіктерін білдірген.

Енді мына қызықты қараңыз: Ресейдегі «Левада» орталығының сауалнамасының нәтижелері бойынша, респонденттердің 59%-ы Иосиф Сталинге деген оң көзқарастарын білдірген екен. Респонденттердің бар болғаны 10%-ы Сталин есімі жағымсыз эмоция тудыратынын айтқан. Яғни, негативті көзқарас білдірген.

«Мемлекеттеріміз арасындағы ең басты айырмашылық мынада: Ресейде респонденттердің ең көп бөлігі (45%-ы) Сталинге құрметпен қарайды, ал Украинада бұл көрсеткіш 15%-ды ғана құрайды», - дейді укриан социологтары.

Аталған сауалнама Украина аумағында 8-9 маусымда жүргізілген. Оған Донецк пен Луганск облыстарының, сондай-ақ, Қырымның оккупацияланған аумақтары қастыспаған. Сауалнама телефонмен сұхбаттасу арқылы жасалған. Сауалнамаға 18 жастан асқан 2007 респондент қатысқан.

Ал Ресейде сауалнама 20-26 мамыр аралығында жеке сұхбаттасу форматында өткен. Оған 18 жастан асқан  137 елдімекенде тұратын, ұзын-саны 1620 адам қатысқан.

Иосиф Сталин (шын аты - Иосиф Джугашвили) 1878 жылы дүниеге келген. Сталин тұсында жүздеген мың  саяси тұтқын жер аударылған лагерлер жүйесі (ГУЛАГ) құрылды. Диктатор саясаты Қазақстан мен Украинада қасақана ашаршылық (Голодомор) ұйымдастырды. Дикратор Сталин 1953 жылы, ресми нұсқа бойынша, ми қан кетіп өлді.

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ РЕТІНДЕ:

КСРО-да 1928 жылдың басында әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай күрделі болды. Өзекті мәселелерді шешуге теңдестірілген көзқарасты талап еткен уақыт еді. Алайда саяси көшбасшылықта  айқын басымдыққа қол жеткізген Сталиндік топ әлеуметтік, әсіресе ауыл шаруашылығы мәселелерін шеше алмады.  Сталиннің қолы қойылған қауіпті директивалар, бірінші кезекте партиялық басшыларға «партия ұйымдарын көтеруді» талап етіп, «құлақ қауіпіне қарсы күресті күшейтуді» талап етті.

Қазақстан экономикасына ең күшті соққы көшпелілер мен малшыларды тұрмыс жағдайына мәжбүрлеп көшіру саясатынан туындады. Ол уақытта «көшпелі экономика» өзінің экономикалық әлеуетін әлі толық пайдаланбаған Қазақстандағы негізгі экономика болды. Соған қарамастан, қоныстандырудың күштеп жүргізілуі және қоныстанғаннан кейін оларды ұжымдық шаруашылықтарға тарту саясаты мүмкіндігінше тезірек жүзеге асырылды.

1932 жылдың ақпан айына дейін Қазақстанда колхоздардың 87%-ы және жеке қожалықтардың 51,8%-ы мал басын толық жоғалтты. 1933 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, еліміздің шығысындағы ірі мал шаруашылығы базасы болып саналатын аймақта ұжымдастыру қарсаңында 40 миллион бастан 4 миллион бас ірі қара мал қалған. Бүгінде мұрағаттық деректер арқылы Сталиндік саясаттың барлық қатыгездігі анықталды.

Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық менталитет пен мінез бұзылып, «гомосоветикус» немесе «совок» деген жаңа топ пайда болды. Бұл бүкіл кеңестік жүйе мен оның экономикалық жүйесінің құлақ кесті құлы болды. оның жұмысы 20 ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында бүкіл кеңестік жүйенің дағдарысына және тұтастай алғанда экономикалық дағдарысқа әкеп соқтырды.

«Ақтөбе облысындағы ұжымдастырудың кейбір сәттері» деген мақалада Сталиндік режимнің ұжымдастыру жұмысын жүргізудегі барлық қылмыстық сипатын мен оның саясатын КСРО, Қазақстан және Ақтөбе облысында барлық жағынан айқын көрсетуге тырыстық.

Ғылым әлемінде танымал американдық тарихшылар Роберт Конквест, Марта Олкот және басқалар осы мәселеге үлкен мән беріп, жауапкершілікпен зерттеді. Қазақстанда бұл туралы алғаш рет танымал тарихшылар Манаш Қозыбаев, Жұлдызбек Әбілхожин, Мақаш Татімов жазды. Олар 1989 жылы КСРО-ның бас тарихи журналындағы «Қазақстандық қайғылы оқиға» мақаласында жариялаған еді.

Ақтөбе облысының мұрағаттық мәліметтерінің негізінде, Сталиннің ұжымдастыруы Қазақстанның, Ақтөбе облысының кез-келген ұлтының генофонды болатын адамдарын жоюы, сталиндік анти-адамдық саясаттың мәнін көрсету үшін «Ақтөбе облысындағы ұжымдастырудың кейбір сәттері» атты мақаланы жаздық.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің Президиумы жанынан құрылған комиссия аштықтың мән-жайын және себептерін зерттеуде үлкен жұмыс жасады. Көптеген зерттеулер орыс және қазақ тілдерінде жарық көрді.  2012 жылдың маусым айында Астана қаласында ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды.

Зұлмат жылдарында 2 580 000 қазақ қаза тауып, 800 мыңға жуығы басқа елдерге қоныс аударды.

Астанада 2012 жылы өткен «Қазақстандағы ашаршылық: Халықтың қайғысы мен тарих сабақтары» атты халықаралық ғылыми конференцияда ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ғылым комитетінің Мемлекет Тарих институтының директоры Б.Аяган: «1926 жылы республикадағы қазақтардың саны - 3 628 000 адамды құрады», - деп айтты. Келесі халық санағы 1939 жылы өтті және қазақ халқы 1 300 000 адамды жоғалтқанын көрсетті. Яғни, барлығы шамамен 36%. Ғалымның айтуынша, 1929 жылдан 1931 жылға дейін Қазақстанда кеңес үкіметіне және оның ұжымдастыру саясатына қарсы 372 көтеріліс болған. Оған 80 мыңнан астам адам қатысқан. Аштық 1938-1939 жылдарға дейін созылды.

Б. Аяған: «Бұл қайғының ауқымы соншалықты сұмдық болғанын, оны геноцид саясатының көрінісі ретінде толық моральдық жауапкершілікпен белгілей аламыз. Мұндай мәлімдеме геноцид қылмысын болдырмау және жазалау туралы халықаралық конвенцияда бекітілген халықаралық құқықтың қатаң нормаларынан туындайды. «1932-1933 жылдардағы аштық туралы шындық» ұжымдық монографиясында «30-шы жылдардағы ұлы аштық» деп атап көрсетті. Қазақстанда 1926-1939 жж. қазақ халқы мен басқа да халықтар тарихында бұрын-соңды болмаған ұлттық қайғылы апат ретінде білеміз. Қорытындылай келе, Украинадағы ашаршылық сияқты, Қазақстанда ұлы ашаршылық ресми түрде АҚШ, Канада, Австралия және көптеген Латын Америкасы мен Шығыс Еуропа елдерінде геноцид деп танылды», - дейді.  (http://l.120-bal.ru/istoriya/23851/index.html.)

«Сталиннің ұжымдастыру саясаты қазаққа аштық әкелді. Жалпы бұл қазақтарды құрту ниетінен болған жоқ». Бұл Омарбековтің пікірі. Оның айтуынша, ол кезде қазақтар артта қалған халық болған. Сондықтан қазақтар Сталиннің жеке билігіне ешқандай қауіп төндірмеген-мыс.

Бізше болса, бұл өте-мөте қате пікір. Бұл Отан тарихын және тарихи процесті зерттеуші адам үшін кешірілмейтін қате. Неліктен?

Кеше және бүгін артта қалған һәм дамымаған халық, белгілі бір уақыттан кейін бәрібір бірінші болудың жолын табады.  Содан кейін ол дамыған және жоғары дамыған халық, ұлт пен мемлекетте айналады. Тарихта мұның мысалы көп.

Сталиндік ұжымдастыру, Қазақстан мен Украинада болған аштық, 1937-1938 жылдарда сталиндік саяси қуғын-сүргін саясаты ХХ ғасырдың бірінші жартысында біздің халықтардың тәуелсіз мемлекет мен халық болуына үлкен кедергі жасады. ХХ ғасырдың басында осы екі халықтың да өздерінің ұлттық-патриоттық интеллигенциясы мен ұлттық-демократиялық саяси партиялары болған еді. Біздің жағдайда, Алаш партиясы. 1918-1920 жылдарда азаматтық соғыстың қиын кезеңдерінде бұл партия қазақ халқының мүддесін мүмкіндігінше қорғауға тырысты. 1920-1937 жылдарда олар Қазақстанда қайта құруды бастаған, бірақ Сталин мен оның серіктестері бұлардың Сталиндік саясатқа мойынсұнбайтын және үндемей қалмайтынын түсінген кезде, ұлжанды қазақ немесе украин, т. б. азаматтарды «фашистік-неміс тыңшысы», «жапондық шпион», «капиталистік барлау қызметінің тыңшысы», «Сталинді және оның серіктестерін өлтіруге тырысты» деген секілді көптеген жаламен құғын-сүргінгі ұшыратты. Балаларын, олардың тікелей туыстарын және достарын түгел құртты.

Мұның бәрі Сталиннің Кремльдің тағына отыру үшін имперлық, ұлыдержавалық сыртқы және ішкі саясаттын жүзеге асырғанын көрсетеді және дәлелдейді.

Керімсал Жұбатқанов,

Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Abai.kz

33 пікір