Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3249 0 пікір 11 Мамыр, 2012 сағат 10:04

“Ақын кетiп барады көшеменен...”

Оқырмандарын имани мәңгi құндылықтарға шақырған жырлар - қашан да өмiршең. Ондай дүниелердiң қамтымайтын аудиториясы жоқ. Жасы бар, жасамысы бар қарапайым еңбеккерден бастап ғұлама ғалымдарыңызға дейiнгi аралықта көкiрек көзi ояу жандардың жақсы жырға елең етпейтiндерi шамалы. Себебi, қоғамдық құрылымдар мен заманалар өзгерсе де өзiнiң Түп Негiзiне, Жаратушысының рахымына деген адам баласының ұмтылысы - мәңгiлiк.

Сондай дүниелердiң бiрi Мұқағали жырлары екенiн Уақыт төрешi өзi дәлелдеп келедi. Әсiресе, ақынның 80 жылдық тойы қарсаңында газет-журналдарда жарияланған жүрек жарды пiкiрлер тасқыны - соның дәлелi.

Ақынның туған Қарасазындағы үш жүзге сауын айтқан алқалы тойы қарсаңында экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшан маған телефон шалды.

- "Жас Алаш" газетiнен Мұқаңның жырлары жайлы "Жаратушы, жалғыз Ием, қолдай гөр" деген бiр бет мақалаңды оқып шығып, ойыма студенттiк кездерiм түсiп, ерекше тебiре­нiс­те отырмын. Расында ол кiсi ұлы ақын едi ғой. Мұқаңмен кездескен кездерiмiз әлi есiмде, - дедi ғалым.

Оқырмандарын имани мәңгi құндылықтарға шақырған жырлар - қашан да өмiршең. Ондай дүниелердiң қамтымайтын аудиториясы жоқ. Жасы бар, жасамысы бар қарапайым еңбеккерден бастап ғұлама ғалымдарыңызға дейiнгi аралықта көкiрек көзi ояу жандардың жақсы жырға елең етпейтiндерi шамалы. Себебi, қоғамдық құрылымдар мен заманалар өзгерсе де өзiнiң Түп Негiзiне, Жаратушысының рахымына деген адам баласының ұмтылысы - мәңгiлiк.

Сондай дүниелердiң бiрi Мұқағали жырлары екенiн Уақыт төрешi өзi дәлелдеп келедi. Әсiресе, ақынның 80 жылдық тойы қарсаңында газет-журналдарда жарияланған жүрек жарды пiкiрлер тасқыны - соның дәлелi.

Ақынның туған Қарасазындағы үш жүзге сауын айтқан алқалы тойы қарсаңында экономика ғылымдарының докторы, профессор Рахман Алшан маған телефон шалды.

- "Жас Алаш" газетiнен Мұқаңның жырлары жайлы "Жаратушы, жалғыз Ием, қолдай гөр" деген бiр бет мақалаңды оқып шығып, ойыма студенттiк кездерiм түсiп, ерекше тебiре­нiс­те отырмын. Расында ол кiсi ұлы ақын едi ғой. Мұқаңмен кездескен кездерiмiз әлi есiмде, - дедi ғалым.

Расын айту керек, қыруар ғылыми жұмыстарын былай қойғанда, жауапты мемле­кеттiк iстерiнен қолы қалт етiп, өз жеке тұрмыс-тiршiлiгiне де мойын бұруы қиын жанның поэзияға деген мұндай iлтипаты менi қайран қалдыр­ған едi. "Газет-журналды ашып қалсаң да, теледидарды басып қалсаң да" мемлекеттiк жиындар мен шаралардың бел ортасынан табылып, елдегi бiлiм қамы үшiн алыс-жақын шетелдерге де шапқылаумен жүретiн Қазақстан Жоғары оқу орындары ректорлары қауымдастығының төрағасы, "Тұран" универ­си­­тетiнiң ректоры Рахман бауырымыздың осылайша тебiрене тұрып, пiкiр айтуы, сөз жоқ, Мақатаев поэзиясының қуат-күшi едi.

- Ол жылдары ҚазМУ-дың философия-экономика факуль­те­тiнiң студентi болатынмын. Өзiң бiлесiң: мен я ақын, я журналист емеспiн. Бiрақ ауыл баласымыз ғой, Мұқаңның жырлары жүре­гiме дөп тиетiн. Бiр мен ғана емес, қа­сымдағы басқа достарым да ол кiсi­мен әр кездескен сайын қиялдарына қанат бiтiп, отансүйгiштiк сезiм­дерi артып, болашаққа деген мақсаттарының айқындалып, бiр толқып қалатындарын жасырмайтын. Олар болашақ әртүрлi мамандық иелерi едi.

Ол жылдары сабағымыздың бiразы сол кездегi Масанчи мен Киров көшелерiнiң қиылысындағы ҚазМУ-дың механика-математика оқу корпусында өтедi де, келесi бөлiгi Бас поштаның жанындағы универси­те­тiмiздiң бас корпусында жүргiзiлетiн. Содан бiздiң факультет студенттерiнiң дамыл таппай, екi арада шапқылап жүргендерi... Сабақ пен сабақ арасында, жүрек жал­ғап алу үшiн, сол кездегi "Алатау" қонақүйiнiң ең астыңғы қабатындағы "Пельменханаға" барамыз. Ол жерде бiз жиi-жиi ұлы ақынды, Мұқағали Мақатаевты кез­дестiрiп қалушы ек. Ол кiсi құдды бiр өз туған балаларын қарсы алғандай-ақ, бiзбен шұрқыраса кететiн. Бiздi көрiсiмен:

- Ау, жастар, келiңдер, мен сендерге таң алдында ғана жазған жырымды оқып берейiн. Сендерге көбi­рек жыр тыңдаған жақсы. Жүректерiң жұмсарады, - дейтiн де өзiнiң қоңыр үнiмен бастап кететiн. Болашақ экономист ретiнде оқып-тоқып жүрген толып жат­қан есеп-қисаптарым мен ұшы- қиырсыз теорияларым бiр сәт естен шығып, жүрегiмдi ақын жырлары жаулап алушы едi. "Ақынның жаңа өлеңiнiң алғашқы оқырмандарының бiрi болдым" деген мақтаныш сезiмi пайда болатын көкi­регiмде. Арасында бұрын жазылған өлеңдерiн де оқып қоятыны бар. "Өлеңдерiн сол естiген сәтiмде жаттап ала қойдым" деп айта алмаймын. Дегенмен, кейiнiрек Мұқаңның пышақтың қырындай жұқа-жұқа кi­тапшаларынан сол жолы өзi оқып берген жырларын бiрден танитынмын. Және бос уақытым бола қалса, жырларын қайталап оқып жүретiн едiм. Ал ақын, журналист дос­тарымыз туралы сөз басқа. Олар ақынның жаңа өлеңiн сол мезетiнде-ақ жазып алып, жатқа оқып, шабыттанып кетi­сетiн.

- Сендер түшпараларыңды жей берiңдер, тамақ iшiп болғандарыңша мен сендерге қысқа өлеңдерiмнен оқып берейiн. Сабақтарыңнан қалып қоймаңдар. Сендерге бiлiм де керек, жыр да керек. Бiлiм ақылдарыңды, жыр жүрек­терiңдi байытады, - деп өзiнiң қоңыр даусымен оқи жөнеле­тiн едi. Сондай жырларының бiрi ерiксiз есiмiзде қалып қойыпты. Себебi, туған ауылдарын аңсап, сағыныштан жүдеп жүрген бiз секiлдi студенттерге ол өлеңiнiң ерекше ыстық болғаны түсiнiктi деп ойлаймын. Қазiр де мiне қолымда - Мұқаңның кiтабы. Сол баяғы бiздiң сағынышымызды молайта түскен өле­ңiне тағы да көз салып отырмын. Соны оқып берейiн.

 

"Бiр әңгiме қозғашы ауыл жайлы,

Бұдан артық рахат­ табылмайды.

Бұлдырасын өткен

күн сағымдай бiр,

Бiр әңгiме қозғашы ауыл жайлы.

 

Қар да iлiгiп қалған-ды тау басына,

Мұз тоңды ма,

бұлақтың жамбасына?

Суық келiп, суыр да жатқан шығар,

Қамдап алып азығын қамбасына", -

 

дейдi ақын кеудесiн кере, терең бiр күрсiнiп. "Оқу, оқу" деп жүрiп, көптен берi ауылға бара алмай жүрген бiздер мұңайысып қаламыз. Соны сезгендей-ақ, Мұқаң: "Ой, бәтшағарлар! Ендеше, басқа тақырыпқа ойысайық!" - дейдi де:

"Көктем де келер,

От ойнар әлi аспанда.

Көгерер әлi:

Кәрi емен, қайың, жас тал да,

Дүлейдiң шоғы

түспесе екен деп тiле,

Аспанда апат зарядтар

жағаласқанда..."-

деп басталатын өлеңiн оқи жөнелдi. Ойланып қаламыз. "Солай боп кетуi мүмкiн екен-ау!" - деген ой мазалайтын бiздi. Бұл өлеңдердi мен қазiр де жатқа айтып отырған жоқпын, әрине. Сол жылдары өзiм ақын аузынан тi­келей естiген осындай өлең­дерi қазiр де маған ерекше ыс­тық. Менiң ойымша, жиырманың үстiндегi студент кезi­мiзде бiзге қатты әсер еткен ақынның өлең­дерi уақыт өте келе одан бетер қуаттанып кеткен сияқты. Қазiргi студент жастардың Мұқағали поэзиясына арналған шығармашылық кеш­терiн қарап жүремiн. Бүгiнгi жас дәл кешегi бiз сияқты толқиды Мұқаң жырларын оқып тұрып. Күнделiгiнде өзi айт­қан едi ғой: "бәлкiм, мен келер ғасыр жастарының құрдасымын", - деп.

Ол кездерi ҚазМУ-дың бас корпусы қазiргi Театр-өнер академиясы орналасқан ғимаратта, Бас поштаның қасында болатын. Университетiмiздiң алдында субұрқақ бар едi. Айналасы жасыл бақ, жағалай қойылған ұзынша орындықтар. Мұқаңды кейде сол орындықтардан көретiн едiк. Қос қолымен орындықтың қос қапталын қапсыра ұстаған күйi қайран талант алысқа, тым биiкке шабыттана көз салып отыратын. Құдды бiр қос қанатын жайған қыран десе болғандай. Жалпы, мен өз басым Мұқаңның ешқашан жүдеп-жадап, ұсқыны кетiп жүрген кезiн көрген емеспiн. Кейбiреулер "анау-мынау" деп ол кiсiнiң кейбiр пендешiлiк қырларын ауызға алып жатады. Бәрiмiз де жұмыр басты пендемiз. Пендешiлiк кiмде жоқ!? Кемшiлiксiз адамды тауып берiңiзшi маған!?

Ол кiсiнi көрiсiмен, амандасып, қасына жетiп барысамыз. Жадырай күлiп, қуана қарсы алатын. Тағы да өлеңдерiн оқитын. Бос уақытымыз бар болса, жырларын тыңдай беруден жалықпаймыз. Сондағы менiң байқағаным: ақын Мақатаевтың айналасында көбiне жастар жүретiн. Талантты жастар. Бұл заңды көрiнiс едi. Себебi, жақсыны, шын талантты жастар көбi­рек таниды ғой деп ойлаймын. Журналистермен бiр корпуста оқыдық. Үнемi Мұқаңның айналасынан көрiнетiн, жүзiтаныс ақын жiгiттерiмiздiң көп­шiлiгi журфактың, филфактың сту­денттерi едi. Университетте шығармашылық кештер бола қалса, екпiндетiп жырларын оқып тұратын. Мұқаңның әсерi олардың жырларынан да, өз-өздерiн ұстауларынан да бiрден байқалушы едi.

"Шығармашылық кештер" демекшi, филология, журналистика факультет­те­рiнде сол кездерi әдеби үйiрмелер бар болатын. Олар түрлi ақын-жазушылармен кездесулер ұйымдастырушы едi. Өз басым сол жылдары "Мұқағалимен кездесу ұйымдастырылды» дегендi естiмеппiн. Соның бәрi ол кiсiнiң жүрегiне батады екен ғой. Бiр жолы бiзге: "Менi кездесуге шақырсаңдар, поэзия жайлы кеңiрек айтып берер ем", - деп те қалған болатын. Филология, журналистика факультет­терiнiң тiкелей студенттерi болмағандықтан, үндей алмай қалған едiк. Бiздiң арамызда да ақын жiгiттер болды. Олар қолдары қалт етсе бiттi, Мұ­қағали ақынның қасынан табылысатын. Ол кiсiнiң әсерiмен талай өлеңдер де жазды әрiптестерiм.

Ғалым Рахман Алшанның осы жүрек жарды пiкiрi тұсында бiздiң де ойы­мыз­ға студенттiк шақтарымыздың орала кеткенi... ҚазМУ-дың филология факуль­тетiне 1972 жылы оқуға түскен бiздер ұлы ақын дүниеден өткенде төртiншi курстың студенттерi едiк. Әлi есiмде журфак пен бiздiң факультеттiң базбiр ақын жiгiттерi:

- Бүгiн бiз Мұқағали ақынмен бiрге болдық. Жырларын тыңдадық. Керемет! Ертең де барамыз. Шiркiн, Мұқаң!!! Бiр өзi бiр университет қой! Поэзия институты! - деп шабыттана, шалқи сөйлейтiн.

- Шын ақынды көрiп, тыңдағыларың келсе, бiзбен бiрге жүрiңдер, қыздар, - деседi ақын жiгiттер.

- Бiз ақын емеспiз. Бiртүрлi ыңғайсыз сияқты барғанымыз. Оқу корпусымыз да Бас поштаның жанында емес. Әдейi iздеп барғанымыз қалай болар екен?! - деймiз бiздер тартыншақтай.

- Эх, қыздар, қыздар. Жiгiт боп жаралмағандықтарыңнан-ақ талай рухани олжалардан құр қалып жүрсiңдер ғой... - дейдi студент ақын жiгiт бiздi баласынып, "шекесiнен" қараған күйi.

Ғалым Рахман Алшан айтпақшы, бiз оқыған жылдары факуль­теттерiмiзде ақиық ақынмен арнайы кездесулер өткiзiлген болса, бәлкiм, мен де ол кiсiнi көру мүмкiндiгiне ие болар ма едiм. Кейiн жылдар өте келе Мұқаңның поэзиясына қайта-қайта қайрылған сәттерiмде өз болмысымнан мынандай қызық жайтты аңғардым. "Мұқаңды тiршiлi­гiн­де көрген емен", - деген ой санамда тұрақтап тұра алмайды екен. Әрине, дәйектеме шындық ретiнде солай деп айтатыным, жазатыным бар. Бiрақ мен ол кiсiнi жырлары, басқа да жазған дүниелерi арқылы өте жақсы әрi жақын танитын сияқтымын. Болмысын өзiмше көңiл төрiмде сомдап ал­ғам. Оған ғалым Рахман Алшан сияқты кiсiлердiң естелiк­терi де өз реңкiн қосады тиiсiнше...

Сонымен ғалымның пiкiрiне қайта оралсақ.

- Мұқаңның 80 жылдығына байланысты газет-журналдарда сандаған мақалалар мен ол кiсiнiң суреттерi жариялануда ғой. Солардың iшiнде бiр сурет менiң көзiме әсiресе оттай басылды. Ақын сыртқы киiмiнiң түймелерi ағытулы күйде кө­ше­нi қақ жарып келедi екен. Бейне бiр тұтас әлемдi көкiре­гiне сыйғызып келе жатқандай... Ол кiсi тiршiлiгiнде де сондай едi. "Жас Алаш" пен "Ана тiлiнде" қатар жарияланған бұл суретке "Ана тiлi" газетiнде "Ақын кетiп барады көшеменен" деген тамаша тақырып қойылған екен. Мiне, дәл осы суретте Мұқаңның бүкiл болмысы тұр. Кең, мәрт әрi шуақты көңiлi... Ол кiсiнiң жыры мен жан шуағына талай бөленгенiмiз­дi жоғарыда айттым ғой. Мұқаңның бейнесiн кинода немесе театрда сомдамақ болған актерлер болса, сол суретке мұқият зер салсын дегiм келедi. Ол кiсiнiң жанында бiраз жүрген бiздер ақын болмасақ та ақындарша осылай толқып қалатынбыз. Өмiрдi, адамдарды шексiз сүйетiнiн, сол адамдардан соққы да жеп жүргенiн ол кiсi жырларымен аңғартушы едi. Баласынбай бiзбен сырласатын. Тек өзiнiң мұңын жеткiзушi едi. Ешкiм туралы жаман айт­пайтын. Кейде кездейсоқ, мүмкiн, кейде әдейi iздеп барып ақынмен ұшырасқан сәт­терiмдi өзiмнiң ең бiр бақытты кездерiм деп есептеймiн. Үйi­ме қазақ тiлiндегi газет-журналдардың көбiсiн жыл сайын жаздырып алып отырамын. Мiне, қараңызшы, ақын Мақатаев жайлы қаншама мақалалар жарияланып жатыр! Мысалға келтi­рiлген мына бiр өлең жолдарын оқып көрейiкшi:

 

"Қалтарыс, бұлтарысы

мың сан қабат,

Қызық өмiр, ақырын тұрсам қарап,.

Бiреулердiң еңбегi еш,

тұзы сор боп,

Бiреулердiң бақыты жүр сорғалап.

 

Қызық өмiр кiм бiлсiн, сонысымен,

Аласы мен құласы, торысымен.

Тағдыр түрлi болғанмен өмiр бiреу,

Ұнатамын өмiрдi сол үшiн мен!"

Осы өлеңiн бiзге де оқып берген едi. Сол кездегiдей жанымды әлi де тербейдi. Расында өмiр күрделi әрi қызық қой. Қазақтың бiз сияқты қаншама азаматының ақын өлеңдерiне қарыздар екенiн есептеп шығу қиын шығар. Орайы келiп тұрғанда мынандай бiр ұсынысымды айта кеткiм келедi. Мұқаң жайлы әлi күнге дейiн толық қанды деректi фильм көрсетiле қойған жоқ. Бұл кiсiнiң көзiн көрген­дердiң түйген-бiлгендерiн алып қалуы­мыз керек қой. Мұндай кiсi туралы кең форматты көркем фильм түсiрiлсе, тiптi жақсы болар едi. Бүгiнгi және келер ұрпақтарға рухани азық болсын... Мұндай шаруаларға қомақты қаржы керек, әрине. Мақатаев атындағы қордың бар екенiн де бiлемiн. Бiрақ Мұқаңдай кiсiге арналып екi-үш қор ашылса да көптiк етпейдi. Қор аша­йық. Ақынның өмiрi мен шығармашылығының кеңiрек насихатталуына септi­гiмiздi тигiзейiк дегiм келедi. Мұқаңдай таланттарымызды қастерлесек-өзiмiздi сыйлағанымыз деп ойлаймын.

Ғалым осылай деп ойын түйiн­дедi. Уақытының басым бөлiгiн мынау фәни өмiрдiң қарбалысқа толы қоғамдық тiрлiктерiне арнап жүрген қайраткер ғалымның осы бiр жүрек-жарды сырлары Мұқағали шығармашылығының өмiршеңдiгiне мегзегендей. Жаратушы Иемiз Өзiнiң шексiз жомарттығымен айрықша талант және Хақты танитын сарабдал көңiл сыйлаған Мұқағали ақын, бұйыртса, әлi талай жүрек­тер­дi нұрға бөлер деген үмiттемiз.

Нұрлытай ҮРКIМБАЙ

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 871
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 727
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 560
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 572