Жұма, 3 Мамыр 2024
4164 5 пікір 2 Маусым, 2021 сағат 11:41

Лукашенко Путиннен көмек сұрады

Ресей мен Беларуссия Қырымға рейстер ашу мәселесін пысықтайды. Бұл туралы 1 маусымда Беларуссия Президенті Александр Лукашенко мәлімдеді.

Лукашенко Украинаның Беларуссия ұшақтары үшін әуе кеңістігін жапқанын айтты.

«Біздің Қырымда, Мисхорда адамдар саяхаттап демалатын өзіміздің шипажайымыз бар. Біз қарым - қатынасты ушықтырмас үшін Украинаны араладық: біреулері пойызбен, біреулері вагондармен, біреулер ұшақпен. Енді олар біз үшін әуе жолдарын жауып тастады»,- деді Лукашенко.

Лукашенконың сөзіне қарағанда, ол Ресей президенті Владимир Путиннен бұл мәселені шешуін сұрады: «Біз Қырымға қалай жете алатынымызды ойлаңыз. Біз Польша арқылы ұшпаймыз:ол жаққа да кіруге болмайды»,-деді ол.

Құзыретті ведомстволарға қазірдің өзінде Қырымға рейстер ашу мәселесін пысықтау тапсырылды. Лукашенко «мұнда ешқандай проблема болмайды» деп санайды.

Украина Ryanair әуе кемесімен болған оқиғадан кейін Беларуссиямен әуе қатынастарын жапқан. Айта кетсек, 23 мамырда Афины-Вильнюс бағытында келе жатқан лайнер Минскіге жарылыс қаупі бар деген себеппен шұғыл қонды. Қонғаннан кейін бірден қауіпсіздік күштері бортта болған оппозициялық Telegram NEXTA арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевичті ұстады. Алайда, жарылыс қаупі расталмады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 772
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 582
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 478
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 491