Жұма, 3 Мамыр 2024
3594 12 пікір 23 Сәуір, 2021 сағат 14:22

Мұхтар Тайжан: «7 мамырда митинг ұйымдастырамыз»

Жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Тайжан ертеңгі отырыста Жерді жекеменшікке беру туралы ұсыныс қабылданса, 7 мамыр күні жалпы ұлттық митинг ұйымдастыратынын мәлімдеді.

- Ертең Жер комиссия халық қаламайтындай шешім шығарса, онда 7 мамырда жалпы ұлттық митинг ұйымдастырамыз. Керек болса, апта сайын шығатын боламыз.

Ол кеш болмайды, себебі Жер комиссия шығарған шешім ол қабылданған Заң емес. Заңды Мәжіліс пен Сенат қабылдайды, президент қол қояды. Сондықтан 7 мамыр кеш болмайды,- деп жазды facebook парақшасында.

Сонымен қатар Тайжан мырза  24-сәуір күні ДемПартия жетекшісі Жанболат Мамай ұйымдастырып жатқан митингіге де шығуға қарсы емес екенін білдірді.

-Ертеңгі Жер үшін митингіге шықпаңдар деп айтқан жоқпын, оған да шығыңыздар. Ол да керек, себебі мақсат бір - жерді сақтап қалу,- дейді Жер комиссиясының мүшесі.

Айта кетейік, бұған дейін ол билік өкілдері жерді жеке меншікке беруді астыртын жүзеге асырып жатуы мүмкін деп мәлімдеген болатын. Ал, жер комның алдағы отырысы ертең, 24 сәуір күні өтпек.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 907
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 758
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 592
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 596