Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жер дауы 5012 26 пікір 21 Сәуір, 2021 сағат 11:36

Жер жекеге сатылса, митингке шығамыз!

Жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Тайжан әлеуметтік желі парақшасында билік өкілдері жерді жеке меншікке беруді астыртын жүзеге асырып жатуы мүмкін деп жазды.

Бұған дейін ол аталған мәселе алдағы сенбі күні болатын отырыста дауысқа салынатынын айтқан. Алайда, қоғам белсендісі мұндай жоба еш дауысқа салынбастан, қазірдің өзінде дайындалып қойған секілді дейді. Сөйтіп ол «Қазақстандықтарға ауылшаруашылығы жерлерін жеке меншікке беру шарттары» деп аталатын құжаттың қазақ және орыс тіліндегі нұсқасын салды.

- Жерді жеке меншікке беру тәсілдерін билік дайындап жатқан сияқты. Кеше маған бейресми жолмен осындай мәлімет келді. Бұл жоба рас болса, жерді жеке меншікке беруге жол ашатын нақты тәсілдер қазірдің өзінде дайындалып жатқан секілді. Кешегі Алмасбектің сүйінші сұрап жатқаны осы болуы керек. Қызық, бұл мәселені әлі дауысқа салмай нақты нормаларды дайындап қойған сияқты. Бұл қалай болғаны?

Мен бұл құжаттарды кеше мұқият зерттедім. Менің пікірім былай:

Бұл тікелей емес, бірақ қитұрқы жолдармен жерге жеке меншікті орнату тәсілі. Нақты айтқанда, бұл халықты алдау ұсыныстар. Бұл ұсыныстар сенбі күні ресми дауысқа салынатын болса мен (жалғыз болмаймын деп ойлаймын) қарсы шығам -, деп жазды Тайжан мырза

 

Сондай-ақ, ол комиссияның басым көпшілігі жер иелері мен шенеуніктер екенін айтқан болатын. Егер сол комиссияда жерді жеке меншікке беру ұсынысы қабылданатын болса, жалпы ұлттық митинг жариялайтынын мәлімдеді.

Иә, біз дауыс берген кезде жеңілуіміз мүмкін. Мұндай жағдайда мен жалпы ұлттық заңды митинг жариялаймын. Бүгінгі таңда бұған Заң мүмкіндік беріп отыр. Бұндай жағдайда әр қала, әр ауыл жер үшін шығу керек.

Қалай болса да жерді жеке меншікке сатуға жол бермеуіміз шарт. Мұндайға жол берсек, қазақтың баласы латифундистердің құлдығына мәңгілікке батып кетеді. Ұрпақ біздің мұнымызды кешірмейді,- деп жазды ол.

Айта кетейік, Жер комиссиясының алдағы отырысы сенбі, 24 сәуір күні өтеді.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

26 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1208
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1102
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 839
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 982