Жұма, 3 Мамыр 2024
3607 5 пікір 19 Сәуір, 2021 сағат 14:31

Әскери ғалым Ким Серікбаев өмірден өтті

Қазақстан Қарулы Күштерінің ардақты ардагері, еліміздің еңбек сіңірген қоғам қайраткері, профессор, әскери ғылымдар докторы Ким Серікбаев 87 жасында қайтыс болды,- деп хабарлайды Sputnik.kz.

Полковник өмірінің соңғы жылдарында Алматы қаласы Медеу ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.

Ким Серікбайұлы 1934 жылы 14 қаңтарда Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көптоғай ауылында туған.

1952-1956 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде, Уфа әскери училищесінде білім алды. 1970 жылы Мәскеудегі әскери академияны бітірді.

1956-1966 жылдары Қиыр Шығыс, Прикарпатье, Мәскеу, Орта Азия әскери округтерінде взвод, рота, батальон командирі, мотоатқыштар полкында штаб бастығы, полк командирі болып қызмет атқарған.

1970-1973 жылдары Мәскеудегі әскери академияда Кубадан, Моңғолиядан келген офицерлерге жалпы тактикадан сабақ берген.

1973-1975 жылдары Алматы жоғары әскери командалық училищесінде кафедра бастығы, 1975-1988 жылдары Алматы жоғары партия мектебінде кафедра бастығы болды.

1988-1991 жылдары Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернаттың бастығы қызметін атқарды.

1992-1993 жылдары мемлекеттік қорғаныс комитеті төрағасының кеңесшісі болды.

1994-1996 жылдары минстрлер кабинеті жанындағы мемлекеттік аттестация комитетінде арнаулы мәселелер жөніндегі бас сарапшы болды.

1996-1999 жылдары ҚР парламентінің мәжіліс аппаратында қорғаныс және қауіпсіздік мәселелер жөніндегі кеңесші қызметін атқарған.

Ким Серікбайұлы 180 ғылыми еңбектің авторы.

"Сыновний долг", "Быть патриотом", "На кафедре тактики", "Бауыржан Момышулы в моей жизни", "Доброму делу – долгая жизнь", "Военная безопасность страны: проблемы, перспективы", "Надежный страж Родины", "Обретенной независимости – надежную защиту", "Батыр ағаның шапағаты" кітаптарын жазған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 612
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 360
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 357
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 362